Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
[ Скачать с сервера (50.4 Kb) ] | 2014-02-03, 9:44 AM |
Сыни тұрғысынан ойлау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Пеньково орта мектебі Ирикбаева Рахима Сабетхановна тарих және география мұғалімі Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады.Бұл модуль менің сабақта қолдануым бойынша түсінгенім мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мен мектептегі тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдандым. Бұл модульді таңдаған себебім оқушылардың қызығушылығын ояту және топтық жұмыс жасауға үйрету. Сыни тұрғысынан ойлаумодулінің кейбір элементтерін өз сабағымда қолдана отыра сабағыма көптеген өзгешеліктер енгіздім және барлық оқушылар топтық жұмыс кезінде өз ойларын айтуға тырысып отырды. Әрине бірінші, екінші сабақтарда оқушыларда аздаған түсінбеушіліктер, қиыншылықтар болды. Сыни тұрғыдан ойлаудың «Венн» диаграммасы, топтық жұмыс, «INSERT» секілді элементтерін қолдандым. Сабақта осы модульді қолдана отырып байқағаным оқушылар топпен жұмыс жасағанды және ұқсастығы мен айырмашылығын тапқанды ұнатады және тапсырма берілген кезде топ арасында оқушылар тапсырманы бөліп алған кезде сабаққа қызығушылығы жоқ немесе сабағы нашар оқушылардың өздеріне тапсырма берілген кезде жақсы орындауға тырысады. Егерде біз сабағымызда осы Бірінші «бетпе - бет» кезеңінде үйренген модульдерді қолданатын болсақ мұғаім сабақта тек қана нұсқаушы бола отыра оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Оқушы қандай болсын тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шешуге тырысады. Мен мектептегі тәжірибе кезінде 6 – шы сыныпты таңдадым сабаққа қатыспай шеткері қалған оқушы болған жоқ деп айта аламын. Сыни тұрғысынан ойлау оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Оған мен өз іс – тәжірибемде көз жеткіздім себебі 6 – шы сынып оқушылары сыни тұрғысынан ойлаудың элементтерін жақсы түсініп жұмыс істеді. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды да көздеген.Александердің Диалогтік оқытуына тоқталатын болсақ ол диалектикалық және диалогтік педогогика тұрғысынан оқушылардың ой – пікірлеріне болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым – қатынастың дәстүлі моделіне күмәнмен қарайды. Балаларды диалог пен талқылауға тарту белсенді жүргізген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынына өз тәжірибемде байқадым. Оқушылар сабақта диалогтік қатынастарды пайдалана отыра дұрыс сұрақ қоюға үйренеді сұрақ дайындау барысында мәтінмен жұмыс, істеген сұрағын сыныпқа қояды сонда оқушы көп алдында сөйлеуге үйренеді көптеген оң әсер береді. Оқушыларда күнен – күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үрдістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек деп ойлаймын. Александер тәжірибеде зерттелген «диалогтің бес үлгісін» анықтады. 1. Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс – әрекеттерді жаттау) 2. Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып , жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру) 3. Нұсқаулық/ мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру) 4. Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу) 5. Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) Осы бес үлгінің барлығын сабақты пайдаланып ескеріп отырсақ оқушы алған білімін еш есінен шығарып, ұмытпайды деп ойлаймын. Диалог барысында оқушыларға мүмкіндіктер беріледі.Оқушылар өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі.Ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үрдісі оқушылардың қабілеттерін жоғарылатады. Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар; 1. Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды. 2. Кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір - бірінің үлесін сынамайды және сындарлыққа негізделеді 3. Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады деп көрсеткен және мен бұл дәлелдермен келісемін. Сабақта диалогті қолдану үшін мұғалімнің сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір – бірімен бірлескен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Әрине бұл ережелерді сабақта үнемі қадағалап ұстап отыру қиын мысалы сыныпта қабілеттері әр түрлі оқушылар отырады ол жағында ұмытпаған дұрыс. Мұғалім сабақта оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығымен түсініп, олардың қарым қатынастары мен эмоцияларына зейін аударуы қажет екенін өз сабағымнан байқадым. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдай, талдай отыра өз сабағымда сыни тұрғыдан ойлауды және диалогтік оқытуды әлі жетілдіріп тәжірибемнен өткізу керек деп шештім. Іс – тәжірибемде көптеген жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады диалог арқылы оқушылар бір – бірін бағалай алады. Оқушылардың білімін одан әрі дамыту үшін әлі де болашақта іс – тәжірибемде қолдану керекпін. Сонда ғана біз оқушылардың сабаққа белсене қатысуын және алған білімдері өмірде керек екенін түсіндіре аламыз. | |
Просмотров: 8963 | Загрузок: 697 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|