Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
2014-06-03, 9:14 AM | |
«Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Сансызбаева Жанар Абылғазиевна биология мұғалімі Қазақстан география пәнінде білім берудегі инновациялық технологиялардың пайдалану тиімділігі Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технологияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) – компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді. Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміздің тәуелсіздік алып ұлттық даму жолына түсуі білім беру ісін жолға қоюды талап етіп әлеуметтік маңызды істерді алға қоюды талап етті. Осы маңызды талаптардың бірі, білім беру жүйесін ақпараттандыру. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады: -оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; -ақпараттық –технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын көтеру, оқушылардың танымдық әрекеттерін дамыту; -оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы; -оқу процесінде шетелдіктер мен қарым-қатынастың еркін болуы; -оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы. Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты шарттарының бірі әр түрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып, сабақ беру болып табылады. Солардың бірі – ақпараттық технология. Сабақ барысында ақпараттық технологияны пайдалану арқылы мұғалім сабақтың дамытушылық, тәрбиелік, білімділік мақсаттарың ашады. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Компьютер мен орындалатын тапсырмалар оқушыларды өте қызықтырады. Ең басты бала жеке компьютерге отырады, онда берілген тапсырмаларға қызығушылық көрсетеді, өйткені тапсырмалардың мазмұны, берілгені бір біріне ұқсамайды. Оқушы қарапайым тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып отырады. Электронды оқулық видеоматериалмен, дыбысталып қамтамасыз етілген. Бұл оқулықтың ішінде бірнеше тапсырмаларында мәтіндік ақпарат беріледі, осы тапсырмалар оқушылардын сауаттылығын ашады, бала географиялық, биологиялық терминдердін атауларын, түсініктемелерін, жазылуын есте сақтайды. Көп электронды оқулықтарда деңгейлік тапсырмалар беріледі. Тапсырмалардын күрделенуі жеке бағыттық оқыту технологиясының принципін сақталуын көрсетеді. Электронды оқулықтардың қызықты графикалық безендендіруі оқушыларға карталармен, кестелермен, суреттермен, диаграммалармен және де өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сабақ барысында электронды оқулықты пайдаланған білім сапасын арттырады, сабақты қызықты өтуіне ықпалын тигізеді, және де бұл оқулықтар қол жетімді, көрнекті,білімдерін тексеруге ыңғайлы. Сабақта слайд- презентацияны қолданған жақсы, және де слайд- презентацияларды оқушылардың өздері дайындайды. Презентация дайындаған оқушыларға көп қиындық туғызбайды, осы жұмысты олар ұнатады. Кез келген уақытта презентацияны толықтырып, жаңартуға болады. Презентация дайындап келдеп оқушыға тапсырма бергенде, қандай мақсаттар қойылады: -оқушылардың көз қарастарын кеңейтеді, - деңгейлік сабақ, оқушылар қабілеттеріне қарай, қызығушылықтарына қарай тапсырмаларды бөліп алады, -оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырады Ақпараттық технологиялар мұғалімге не береді? Өз пәніміз бойынша толық және жаңа ақпаратты тез арада алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар сабақ үстінде көрнекілік ретінде қолданылу мүмкін. Сабақ үстінде белгілі бір тақырып бойынша карта болмаса, интернет арқылы керек картаны немесі суретті интерактивті тақтаға шығаруға болады. Егер де мұғалім ақпараттық технологияларды сабақта қолданғысы келсе, келесі ұсыныстарды есте сақтауға болады: -жаңа тақырыпты меңгерген уақытта демонстрациялық бағдарлама өте жарық, қарапайым түрінде жеткізілу керек; -өткен тақырыпты бекіту мақсатында өте тиімді бақылау бағдарламаларын пайдалану; -өткен тақырыптағы бақылау сабағында үлкен көлемді материал дайындаған жөн -мұғалім оқушылардын жұмыс жасау деңгейлерін есте сақтау керек. Компьютер – қазіргі заманның ең керемет жетістігінің бірі, осы жетістік мұғалімнің ең бірінші көмекшісі. Мектеп - еркін дүниежүзілік ақпараттық аяда бағдарла- бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет — талабы- таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды , жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірбиесінде таңдап алуы керек. Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану- оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген техологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Бүгін де неліктен білім технологиясы жайлы көп айтылуда? Жаңа заманымыздың білім жүйесі оқу- тәрбие үрдісінде технологиядағы түрлілігімен сипатталады. Бүгінгі таңда педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлудің себебі неде? Біріншіден, педагогикада іскерлік жүйесінің жаңа жолын табуға қажеттіліктің тууы. Екіншіден, оқытуда жеке белгілей оқыту, білім беру тиімділігін арттыру. Ең соңында технологияны жобалау — оқушы мен ұстаз арасындағы өзара қатынасты қалыптастырып, білімге қызғушылығын арттыруды бір жүйеге келтіру,әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізу. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық жүйені дамыту, оны практикада пайдалану шарт. Бұл жетістіктерге арнайы курс, тәжірбие алмасу және жалықпай іздену арқылы жетеді. Демек, білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің обьективті заңдылығы. Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету. Ғылыми болжам: – Егер, жаңа ақпараттық технологияны география, биология сабақтарында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады. – Жаңа ақпараттық технологияны қолданса, әрбір оқушы оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады. – Жаңа ақпараттық технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса оқушынын білім сапасына танымды белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. | |
Просмотров: 1508 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|