Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Орта мектеп химия курсын проблемалық оқытудың тиімділігі
2014-06-21, 10:46 PM
Орта мектеп химия курсын проблемалық оқытудың тиімділігі
Абызбекова Г.М. Қорқыт ата атындағы ҚМУ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында, «білім және кәсіби машық – замануи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары, бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады» - деген болатын [1].
Заманауи мектепте білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді оқыту процесін жобалау арқылы шешуге болады. Оқытуды қызметтік-құзырлылық тұрғыдан ұйымдастыруда оқушылардың қажетті құзырлылықтарын қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды қолданған орынды.
Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялар - дамыта оқыту, модульдік, деңгейлеп оқыту және проблемалық оқыту технологиялары [2].
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану оқушының танымдық, ізденушілік іс-әрекеттерін жандандырып, оның шығармашылық ойлауын дамытады. Мұндай технологияны пайдаланудың мақсаты – оқушы мен мұғалімнің проблемалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету болып табылады. [3].
Проблемалық оқыту – оқушының жүйелі түрде мұғаліммен бірге өзіне таныс емес, жаңа проблемаларды шешуге ізденіс жасайтын педагогикалық процестің ерекше ұйымдастырылуы.
Проблемалық оқыту технологиясы режимінде сабақтарды моделдеу принциптеріне проблемалық жағдаяттарды жасау, проблемаларды шешу процесінде оқушыларды оқыту, іздену іс-әрекетін жасата отырып, дайын білімді меңгеру.
Проблеманы жасау формаларына проблемалық сұрақ, проблемалық есеп, проблемалық тапсырмалар жатады. Проблеманы жасаудың формаларын шешу әрқашанда жаңа іс-әрекет тәсілдерін іздеумен байланысты болады.
Проблемалық сұрақтың ерекше белгілеріне: күрделілігі, оның қарама-қайшылықты формада болуы; кең мазмұнды, қызықты формада, оқушы үшін күрделілік деңгейі лайық болуы жатады [4].
И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин проблемалық оқыту әдістер жүйесін былай жіктейді: түсіндірмелі-көрнекілікті, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара-іздену, зерттеу [5].
Проблемалық оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, мұғалім сапалық түрде жаңа нәтиже алады: оқушы ақпараттарды іздеудің жаңа тәсілдерін меңгереді, ойлаудың проблемалық деңгейі жұмыс жасайды.
Мұндай технология бойынша сыныппен жұмыс жасаудың басында проблеманы мұғалім қояды, ал балалар оның шешімін табуға тырысады. Технологияның әдістерімен таныс болған сайын, оқушылар мұғалім көмегімен өздері проблеманы қоя бастайды. Проблема сабақтың тақырыбына жалпы қойылуы мүмкін, сонымен қатар, сабақтың құрамды бөліктеріне де қойылады. Химия сабақтарындағы проблемалық ситуацияларды жасаудың бірнеше мысалдарын келтіруге болады

Сабақ тақырыбы Сабақтың мақсаты Проблеманы қою Проблеманы шешу
Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі және атом құрылысы Менделеев кестесі бойынша элемент атомының құрылысын анықтауға және деңгейшелерге электрондарды орналастыра білуге үйрену Неге металдар (натрий, калий және алюминий) сумен түрлі белсенділікпен әрекеттеседі? Неліктен?
Менделеев кестесі көмегімен оқушылар түрлі атомдардың құрылысын анықтайды және заттардың қасиеттері атомдардың құрылысына тәуелді туралы өзіндік қорытынды жасайды.

Қоспадағы
компонент-тердің массалық үлесі «Массалық үлес» түсінігін пайдаланып есептер шығарып үйрену
Адам организмінің элементтік құрамы қандай?
Адам организміне кіретін әрбір элементтің массасы қандай?
Оқушылар топпен жұмыс жасап, есеп шығарудың дағдыларын үйреніп, белгілі массалық үлес бойынша элементтердің массасын есептейді.
Қоспаларды бөлу әдістері
. Біртекті және біртексіз қоспаларды бөлудің түрлі тәсілдерімен танысу
Мынадай қоспаларды қалай ажыратуға болады?:
1) темір үгінділері мен күкірттен тұратын қоспаны;
2) өзен құмы мен ас тұзының қоспасын;
3) ағаш үгінділері мен бор ұнтақтарынан
тұратын қоспаны;
4) су мен май қоспасын. Оқушылар топпен жұмыс жасайды және лабораториялық тәжірибелер негізінде қоспаларды бөлудің тәсілдері жөнінде қорытындыға келеді.

Химиялық реакциялар жылдамды-ғы

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды меңгеру Темір мен тұз қышқылы арасындағы реакцияның жоғары жылдамдықпен жүруіне жағдайлар жасау

Темір ұнтақтарын, темір кесегін, түрлі концентрациядағы қышқылдарды, қыздыруды пайдалану арқылы жүргізілген лабораториялық тәжірибелер негізінде оқушылар өздігінен реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар жөнінде қорытынды жасайды.
Алкиндер:
физикалық және химиялық қасиеттері Алкиндердің физикалық және химиялық қасиеттерін меңгеру Алкин молекуласында алкендер сияқты еселік байланыс бар, бірақ қос байланыс емес, үштік байланыс. Алкиндерде қандай қасиеттердің болуын айтуға болады? Алкендердің қасиеттеріне ұқсастық бойынша оқушылар өздігінен алкиндердің қасиеттерін болжап, реакция теңдеулерін жазады.

Әр түрлі проблемалық ситуацияларды жасау мұғалім үшін әрине басты қиындық болып табылады: оқушылар өздерінде бар білімдері мен қандай да бір есеп немесе сұрақтың жаңаша талаптары арасындағы сәйкессіздікті табуына, бар білімдерін жаңаша жағдайларға қолдана білуіне жету керек.
Проблеманы анықтауға оқушылардың бар білімдері мен белгілі іс-әрекет тәсілдері бір жағынан, тапсырма талаптары арасындағы қарама-қайшылық тән болып келеді. Сондықтан да проблеманы шешу іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін ізденумен байланысты.
Проблемалық ситуацияның туындауы деген сөз, оқушы өзіндік іс-әрекеттері процесінде белгісіз нәрсеге кездесті деген сөз. Бұл белгісіз қажетті іс-әрекетті орындау үшін ашық болуы тиіс [6].
Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану барлық кезде өз мақсатына – творчестволық ойлаудың дамуына жете бермейді. Егер оқушыда ізденіске қажетті бастапқы білімі болмаса, онда проблеманы шешуге де мотивациясы болмайды да, мақсат орындалмайды. Сондықтан да проблемалық оқыту технологиясын химия сабақтарында пайдалану саралап оқыту технологиясымен байланыстырылуы тиіс.

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2013 жыл
2. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технлогия // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.
3. Кудрявцев Т.В. Проблемное обучение: истоки, сущность, перспективы. - М.:3нание, 1991.
4. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. 2-е изд.-М.: Педагогика, 1984.
5. Лернер И Я. Проблемное обучение // Педагогика и психология. — 1974. - № 7
6. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении/ А.М.Матюшкин.- М.: Педагогика,1972
Категория: Педагогика | Добавил: Минбаевна
Просмотров: 2316 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 5:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru