Астана қаласы №14 мектеп- гимназиясы қазақ тілі мұғалімі Шуренова Алмагул Төкенқызы Сабақтың тақырыбы;Қазақстан Республикасы. Сабақтың мақсаты: 1 .Білімділік:мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу,жай сейлемді практикалық жолмен меңгерту,сөйлем құрастыруға үйрету. 2.Дамытушылық:мәтінді мазмұндауға дағдыландыру.сөздік қорын молайту,мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу. З.Тәрбиелік.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың түрі:аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі:карта,Қазақстан рәміздері,плакаттар,карточкалар. Сабақтың барысы: 1 .¥йымдастыру кезеңі. 2.Алған білімдерін тексеру. І.Қазақстан туралы не білесіңдер? 2.Астана қандай қала? З.Президентіміз кім? 4.Біздің мемлекеттік тіліміз қандай? 5.0тан,тіл,достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? З.Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: а)мәтінді оқу; ә)пәрменді сөздермен жұмыс; б)сұрақтар құрастыру; в)мәтінді мазмұндау: І.Кіріспе сөз. 2.Мәтінді оқу Қазақстан Республикасы. З.Пәрменді сөздермен жұмыс. А)мемлекет-государство ¥лы Жібек жолы-Великий Шелковый путь Өлке-край Алтын көпір-золотой мост Пайдалы қазбалар-полезные ископаемые Орталығы-центр Осы сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру. Мысалы;егеменді мемлекет,тәуелсіз мемлекет,¥лы Жібек жолы,қала орталығы,¥лы Жібек жолы өтеді,бай өлке,пайдалы қазбалар көп. Қазақстан егеменді , тәуелсіз мемлекет.Қазақстан арқылы ¥лы Жібек жолы өтеді.Астана-біздің бас қаламыз. 4.Сұрақтар құрастыру. а)Қазақстан қандай мемлекет? ә)Адамдар нені ұмыта алмайды? б)Біз қандай өлкеде тұрамыз? в)Біз алтын көпір деп нені атаймыз? г)Қазақстанда не өтеді? д)Қазақстанда қандай қазбалар бар? е)Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? ж)Қазақстанның бас қаласы? б.Сұрақтар бойынша мәтінді мазмұндау. б.Қазақстан туралы диалог құрастыру. 7.Жай сөйлемді практикалық жолдармен меңгерту. 1)Біз Отанымызды сүйеміз. Бұл жерден Жібек жолы өтеді. Мұнда Ахмет Иасауи кесенесі бар. 2)Эпиграфты талдау: «Отан-оттан да ыстық» (Бауыржан Момышұлы) -Осы мақалды қалай түсінесіңдер? -Мағынасы неде? 3)а)Сөйлемнің түрлерін айту. ә)Сөйлемдерді анықтау. б)Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін*тауып,астын сызу. І\/.Деңгейлік тапсырма. I деңгей 1 .Антонимдердің жұбын тап: Бақыт көріксіз Бай пайдасыз Сұлу бақытсыз Қалың сирек Пайда кедей 2.Сөздердің синонимдерін жаз: Көркем- Қала- Мұғалім- Мекен- Кітап- З.Келесі сөздермен сөйлем құрастыр.Өлке,мемлекет,¥лы Жібек жолы,мереке,астана. II деңгей 1 .Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Қазақстан мемлекет. Қазақстан өлке. Астана қала. 2.Келесі мақалдың мағынасын түсіндір. Екі Отан жоқ.Жалғыз Отан мекенің. (М.Мақатаев} З.Мақалды жалғастыр. Туған жердей болмас. Туған елдей болмас. V.Сабақгы қорыту. VІ.Үйге тапсырма:1 деңгейлік тапсырманы аяқтап келу. Сабақтың тақырыбы: Көктем табиғаты Сабақтың маңсаты: І.Білімділік: балаларды көктем табиғатымен, табиғат құбылыстарымен таныстыру. Өтілген сездерді бекіту, сөз, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. 2. Дамытушылық: езге ұлт өкіл балаларын қазақ тілін дұрыс айтуға, жазуға, ой- өрісін, ойлау қабілетін дамыту. З.Тәрбиелік: елін, жерін сүйіп, халқына адал қызмет етуге, табиғатты қорғауға, табиғат арқылы әсемдікті тануға, оны қастерлеп, қадірлеу арқылы ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас. Сабақтың түрі: әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдері: иллюстрациялы - демонстрациялау, аудармамен жұмыс, ойын. Сабақтың көрнекілігі: «Үстеу», «тірек -сызбалары», тақырыптық - сюжеттік суреттер, жыл мезгілдері, кектем туралы суреттер, белсенді тақта. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме, балалар? - Кім сыныпта кезекші? - Кім жоқ сыныпта ? - Бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Қандай жыл мезгілдері? - Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем айларын атаңдар? - Қазір қай ай? - Наурызда неше күн бар? - Бүгін наурыздың нешесі? - Бір аптада неше күн бар ? - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір қандай сабақ? - Қазақ тілі нешінші сабақ? 2. Үй тапсырмасын тексеру: - Үйге қандай тапсырма берілді? - Өлеңді кім жатқа айтады? - Үстеу дегеніміз не? - Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Тапсырма бойынша ондағы мезгіл үстеулерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар. - Мезгіл үстеу қандай сұраққа жауап береді. -Мезгіл үстеу қашан? деген сұраққа жауап береді. Берілген сөйлемдер: Сен таңертең ерте тұр. Ертең жұмыс көп. Әуелі сабағыңды орында. Күндіз дүкенге бар. Кешке әпкеңді киноға шақыр. -Бүгінгі өткен көктем модулі сабағына байланысты өтетін жаңа сабақтың барысы: -Жақсы айттыңдар,енді осы үстеулермен сөз тіркестерін, сөйлем құраймыз. Сөз тіркестері:Кеше келдім ,бүгін бардым,қазір айттым,кеш келді,ерте тұрдым. Жоғары жақта,мұнда кел,сонда бар,алыстан келді,артқа қара,төмен түс. Тез қайт,жатқа айттым,кенет жел тұрды,ауызша айттым,жазбаша жаз,жаман қорықтым,жақсы жауап,өте жақсы. -Осы сөздерден сөйлем құраймыз. Ол кешке келді.Мен бүгін бардым.Мен қазір айттым.Атам кеш келді.Мен ерте тұрдым. Кітап жоғары жақта.Асқар мұнда кел. Әлия сонда бар.Қонақтар алыстан келді.Сен артқа қара.Жоғарыдан төмен түс. (аудармамен жумыс) 1-інші тапсырма бойынша суреттермен сөйлем құрастырыңдар. Көктемде күн жылынады.Құстар ұшып келеді.Қар ериді.Бәйшешек шығады. 2-тапсырма бойынша мына үстеу сөздермен жұмыс. Мезгіл үстеу кеше (вчера) бүгін (сегодня) казір (сейчас) кеш (поздно) ерте (рано) Мекен0 уетеу жоғары (вверх) мұнда (здесь) сонда (там) алыстан (издалека) артқа (назад) төмен (вниз) Сын- қимыл тез (быстро) жатқа (наизусть) кенет (вдруг) ауызша (устно) жазбаша (нисьменно) жаман (плохо) жақсы (хорошо) өте (очень) 3-ШІ ТАПСЫРМА. Суретпен жұмыс.Көңілді көктем. Керекті сөздердегі етістіктермен сөйлемдер құрастырылады. Осы етістіктермен балалар жауап береді. Балалар далада футбол ойнайды.Марат құстарға үйшік жасайды. Оны жоғары ағашқа қақты.Оған құстар ұя салды.Ербол қайығын суға жіберді.Балалар ата- аналарына көмектеседі. (Балалар тақтаға жазады,дәптермен жұмыс жүреді.) «Асықтар» ойыны. (нөмірленген асықтағы тапсырма бойынша ауызша сөйлем құрайды) Сабақты бекіту.Блиц-турнир оқыта үйрету ойын арқылы іске асырамын.(Мен тақырып бойынша сөйлемді бастаймын, оқушылар аяқтайды) Көктем (келді) Көктем айлары (наурыз,сәуір,мамыр) Көктемде күн (жылынады) Құстар ұшып (келеді) Балалар далада көп (ойнайды) Балалар құстарга үйшік (жасайды) Мен көктемді ( ұнатамын) Бағалау Үйге тапсырма 108-109- беттер. Әңгімелеу.
|