Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
2014-11-02, 6:57 PM | |
Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан түбегейлі құрылымдық қайта құрулар, білім беру саласындағы реформа - Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды бағыттардың бірі. Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Білім алу – батылдық Оны толықтыру – даналық Ал шебер қолдана білу – өнер! Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қағамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп бағаласа, халық даналығында «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды», - деп бекер айтылмаған. Білім сапасын көтерудің бір тетігі ұстазға байланысты. Сондықтан мұғалім атаулыға міндет те, жауапкершілік те зор. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық. Сондықтан бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды да алғыр, ақпарат көздерін өз бетімен қолдануға қабілетті тұлға тәрбиелеу. Оқушының талабын қабілетіне қарай қанағаттандыру қажеттілігі туады. «Басқаларды оқып үйретуі нәтижелі болсын десең, ең әуелі педагогтың өзі оқуы керек. Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс» - деген де даналық сөз бар. Осыған орай педагог мамандардың кәсіби деңгейін үдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен тиісінше қаруландырып, шығармашылық жүмыстарына жол көрсету білім беруді үйымдастырудың маңызды міндеттерінің бірі болмақ. Басты мақсат – білім жетілдірудің бірізділігін, үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, оның сапасын арттыру. Іс тетігін маман шешеді десек, білікті маман қызмет атқаратын білім мекемесінің қазіргі кезеңде заман күшінен қалмайтыны белгілі. Осыған орай әр мұғалімнің өз білімін көтеруі өз кезегінде кезек күттірмейтін маңызды қадамдардың бірі. Өйткені ұстаз басқаларды үйретумен қатар өзі де үнемі үйрену үстінде болары сөзсіз. Елбасының қадағалап отырған әлемдік талапқа сай білім беру жүйесін қалыптастыру баршамыздың алдымызға қойылған ұлы мұрат. ХХІ ғасырдың ұстазы өз мамандығы бойынша ғана емес, жалпы ғылымдар саласы бойынша ой-өрісі кең, ұлттық менталитеті жоғары кәсіби білікті маман, қоғаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білетін, жауапкершілік сезім жоғары,қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару. Жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарымда күнделікті пайдаланамын, сонда ғана сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Кәсіби құзыреттілігі дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз еңбегінің нәтижесі – оқушы білімінің сапасымен анықталатыны белгілі. Ондай ұстаз үнемі ізденісте болады, өз білімін жетілдіріп отырады. Оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін ұлғайтады. Оны оқушыларымның түрлі сайыстардағы жетістіктерінен көруге болады. Мен еліміздің болашағы әрқайсымызға, соның ішінде мұғалімге, оның азаматтық көзқарасына, кәсіпқойлығына байланысты екенін түсінемін. Сондықтан өзімнің кәсіби деңгейімді үнемі жетілдіріп отырамын. Менің кәсіби құзыреттілігімнің дамуына алдымен мектептің әдістемелік қызметінің ықпалы зор болды. Себебі, мектепте өтетін әдістемелік шаралардың барлығы менің кәсіби өсуіме әсер ете білді, кәсіби қоржынымды толтырды. Жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуде мұғалім қандай істерді атқару керек деген сауалға қара сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов: ―Судың тазалығын үйретейік, желдің еркелігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік. Балаларымызды әуелі ата-ананың мейіріміне, махаббатына бөлейік!‖ деп жауап берген екен. Шынында, ұстаздың ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны ерекше. Олардың алдынан шыққан әр бала ұлттың болашағы, мемлекетіміздің алтын тірегі екені рас. Жеке тұлғаны қалыптастыру құзырлығында мұғалім - оқушының дене, рухани және интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруге бағытталғаны жөн. Оқушы өз қызығушылығы мен мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық сауаттылығын, ойлау мәдениеті мен мінез-құлық мәдениетін меңгереді. Сондай-ақ бұл құзырлылыққа жеке бас гигиенасы, өз денсаулығы, экологиялық мәдениеті кіреді. Ізденушілік - зерттеушілік әрекетінің мәні оқушыларды білімді өзіндік ізденімпаздықпен меңгеруге, қажетті қорытындылар жасауға, оларды еске сақтауға қолайлы сызбалар (кестелер, тірек конспектілер, суреттер, формалар және т.б.) түрінде рәсімдеуге жетелеуде болып табылады. Оқушылардың ақыл-ой әрекеттерінің мәнін түсінуі, өзін-өзі реттеу тәсілдерін болжау, өзіндік бағасын мұғалім бағасымен салыстыру, ой-тұжырымын жасау, рефлексия. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Ұрпақ тәрбиесіндегі көкейтесті мәселелердің бірі – жетілген, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады. Мектеп –үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, түлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай - ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім: педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; білімді, іскер, шебер болу керек; -деп нақ атап айтқан болатын. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы: дарынды, өнерпаз; іздемпаз, талапты: Өз алдына мақсат қоя білу керек; Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу - ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Білім берудің мазмұнына енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы да ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығуларына сай білім беруге бағытталып отыр. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Сонымен сөзімді қорытар болсам сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет: 1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. 2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. 3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек. 4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет. 5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек. Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер! Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасады, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиеленеді. Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын. Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, Білімдік бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1 «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ 2 Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы. 3 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 4 Бiлiм беру жүйесiн 2013 жылға ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы. 5.Ж. Иманғазиева, Интерактивті тақтаны тиімді қолдану. «Информатика негіздері», №2-2011ж. 6 Суворова Н. «Интерактивное обучение: Новые подходы» Республикалық www.gylym-bilim.kz интернет ресурсының ж | |
Просмотров: 2224 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|