Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
2014-11-05, 8:46 AM | |
Халелова Эльмира Майданқызы «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры Ақмола облысы, Зеренді ауданы Зеренді с. Оқыту мен оқуға жаңаша көзқарас «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда-қапы қалып жүрмейік.» (Абылай хан) Абылай атамыздың осынау сөзі ертеңгі келер күніміздің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруші ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр да жауапты екенін мегзеп тұрғандай. Тәуелсіздік деген алтын құс басына қонған Қазақстан Республикасының көшін болашаққа сүйреп апаратын негізгі күштердің бірі-білім. Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Яғни, алдымыздағы шәкірттерімізді қысылмай көрсете алатындай, еліміздің тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұруда басты роль атқаратын тұлғаны дайындауға ерекше көңіл аударуға тиіспіз.Мектепті мектеп ететін-мұғалім. Мұғалім - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі.Әлем өзгеруде, әлеммен бірге балалар да өзгереді, бұл өз кезегінде мұғалімдердің біліктілігіне жаңа талаптар қоюда. Қазіргі кезде мектеп директорлары үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны : «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» Осы сұрақтардың шешімін табу үшін Қазақстан Республикасында әлемнің озық тәжірибелерін талдау және зерттеу негізінде 2011 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасын әзірлеп, қолданысқа негізуде. Аталған Деңгейлі бағдарламаның арқасында мұғалімдер оқытудың тиімді стратегияларын меңгеріп, түрлі педагогикалық тәсілдерді үйлесіммен қолдануға мүмкіндік алып отырса, енгізілген инновацияның толыққанды нәтижесін көру, өзгеріс енгізуді басқарудағы негізгі көшбасшы мектеп директоры болғандықтан жоғарыда аталған Бағдарлама ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жүйесін жаңғыртуды көздеп, оларға да 9 айлық білім беру ұйымдары басшыларының курстарын 2014 жылдан бастап өткізе бастады. Мен 2014 жылдың 3 ақпанынан бастап осы курстың тыңдаушысымын. Курс бағдарламасының міндеттері: заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, кәсіби және әлеуметтік әріптестік орнату, ата-аналармен, жалпы жұртшылықпен бірлесіп жұмыс істеу, қоғамдастық құру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Курсқа дейін өз мектебімнің оқу-тәрбие жұмыстарына көз жүгіртсем: Мұғалімдеріміз өз сабақтарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, АКТ-ні қолдана отырып, оқушы қызығушылығын тудыруға, оқу жоспарын мектеп әкімшілігі жүзеге асыруға, тәжірибелі мұғалімдердің өз іс-тәжірибелерін тарату бойынша әртүрлі бағыттағы жұмыс түрлері т.б. жүргізілуде. Бірақ әлі де ХХІ ғасыр сұранысына лайық тұлға қалыптастыра алмай отырмыз. «Неліктен? Оның жолары қандай?» деген сауалдардың жауабын іздеп қиналатын сәттеріміз де болды. Курста мен қазіргі мектепті өзім басқарып отырған жүйеден мүлде басқа түрде басқару керектігіне көзім жетті. Яғни, басқарудың жүйелі тәсілі тек мектеп әкімшілігінің функционалдық міндеттерді дұрыс бөліп алуынан емес, ол мектеп ұжымының барлық мүшелеріне бөлінген көшбасшылықты пайдалана отырып жүргізсем, мұғалімдер жұмысының тиімділігін бақылап, эвалюация жасау үшін педагогиканың жаңа нысандарын игере отырып, ықпал ете алсам ғана нәтижеге жететінімізді түсіндім. Қазір біз балаларға материалды дайын күйінде беріп, оны өзімізге сол қалпында жеткізіп берсе бағалаймыз, бір бастан екінші басқа білімді тасымалдаумен ғана шектеліп отырғанымызға іштей қынжылдым. Курста қоғамдастық құра отырып, бірлесе әрекет етсек, мұғалім мен директор арасындағы сенімнің орнауына және оның үнемі болуына мән берсем, бір-бірін үйретуге жетелей алсам ғана білім сапасын көтере алатынымызды білдім.Қазіргі таңда курста алған білімімді мектептегі оқу мен оқытуды жақсарту мақсатында кеңінен пайдалануға тырысудамын. Жұмысымды ең алдымен, мектепте жағымды қолдау көрсету және дем беру мәдениетін құру үшін басқа түйінді мамандармен бірлесіп жұмыс істеуі қажет болғандықтан жаңалыққа жаны құмар, бастамашыл және деңгейлік бағдарламадан өткен мұғалімдерден өзгеріс енгізу тобын құрудан бастадым.Мектебімде бүгінгі күні деңгейлі бағдарламаның 3-деңгейінен өткен 4 мұғалім, 2 деңгейден өткен 1; 1 деңгейден өткен 3 мұғалім бар. Деңгейлік бағдарламадан өткен осы ұстаздармен және жаңа тәсілдерді жүзеге асыра алатын, тәжірибесін өзгерткісі келетін, тиімді оқытуды дамытуға ұмтылып жатқан мұғалімдерден барлығы – 15 адамнан тұратын өзгеріс енгізу тобы жасақталып, мектепті дамыту бойынша бөлінген көшбасшылықты тиімді пайдалана отырып, рөлдері бөлінді. Өзгеріс енгізу тобындағы мұғалімдер жүктелген жауапкершіліктің маңыздылығын түйсініп, өзгерісті өз тәжірибелерін өзгертуден бастады. Апта сайын өткізілген кездесулерде кері байланыстар арқылы туындаған сұрақтар төңірегінде ой бөлісе отырып, өз тәжірибелерін жетілдіруге тырысуда. Кездесулер барысында олардың көздерінен жалындаған отты, жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылықты, түпкі нәтижеге деген сенімділікті, жүргізілген әр жұмысынан кейінгі өз ісіне қанағаттанушылықты көрдім. Әсіресе Г. Қанимағанбетова, К.Шолтышева, Г.Қалибаева, Г.Қарабатырова, А.Қошанова, Ш.Ибраева, Д. Айтбаева сынды әріптестерімнің еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Өзара бөлінген көшбасшылықтың нәтижесінде олардың бойларынан өздеріне деген сенімділіктің, жағымды қатынастың, бір-біріне деген қолдаудың пайда болғанын байқадым. «Көп білем десең, аздан бастап үйрен,» - деп Джон Локк айтқандай, мектепте мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізудің қажеттілігін сезіндіру үшін және іс-тәжірибелерін жетілдіру мақсатында өткізілген әрбір коучинг барысында ұстаздар өздерін оқушы рөлінде сезіне отырып, оқытудың жаңа жолдарын меңгеріп, оқыту туралы ойланудың нәтижесінде жұмыс стилін дамыту, өзгерту қажеттілігіне көздері жетіп, оқыту мен оқудың жаңа әдістерінің сырын ұғынып, үйрене бастады. Жұмыс барысында олар жұптасып, топтасып, әртүрлі тапсырмаларды орындауда ойлана, ойнай отырып, эмоциялық әсерлері ұшқындады, белсенділігі артты, ерік қасиеттері, қиялдары дамыды. Оқушылармен өткізіліп жатқан Lesson study, тізбектелген сабақтар барысында байқағаным: өзгеріс тобындағы мұғалімдердің оқушы деңгейін ескере отырып, тапсырмаларды түрлендіріп, әр топ мүшесінің бойындағы қабілетті ашуға тырысқаны; 2-ден, мұғалімнің оқыту мен оқуға көзқарасының өзгергені, 3-ден, сабақ жоспары мен сабақ өткізудің тәсілі, 4-ден – бала еркіндігін шектемеуі, 5-ден оқушылардың сабаққа ынтасының оянуы, өздерін реттеуді үйренуі, 6-дан бағалауды өзгерткені дер едім. Сабақтарда мадақтау, мақтау әдістерін көп қолдану арқылы оқушылардың белсенділіктерін дамытуға тырысуда. Бұл курс менің жалпы болмысымды өзгерткендей болды. Жұмыс барысында Сенека айтқандай, басқаларды үйрете жүріп өзім де көп нәрсеге үйрендім. Өзімді толғантқан кейбір сұрақтар бойынша желілік қоғамдастықты пайдаланып, әріптестеріммен ой бөлістім. Ұлы қазақтың заңғар жазушысы М.О.Әуезов Абай өмірін зерттеуде «Абай-үлкен дария, мен одан тек шөміштеп қана алдым,»- дегеніндей, деңгейлік курстың мен білмейтін сырлары әлі де көп екенін, оны өз бетіммен іздене отырып қана меңгеру қажеттілігін, мектеп жұмысының алға жылжуы көп жағдайда мектеп басшысына тікелей байланыстылығына көзім жетті. | |
Просмотров: 2304 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|