Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Развитие мимики и пантомимики
[ Скачать с сервера (17.3 Kb) ] 2015-01-09, 12:57 PM
НАШАР КӨРЕТІН ЖӘНЕ СОҚЫРЛАРДЫ ЖЕСТТЕРГЕ, МИМИКАҒА, ҚАЛЫПҚА ОҚЫТУ КЕЗІНЕДЕГІ ӘДІСТЕМЕ МЕН КӨРНЕКІ – ҚҰРАЛДАР
Қайта қалпына келтіру теориясы бойынша терең көру қабілетінің бұзылуған балаларда сыртқы ортаны қабылдауы сақталған анализаторлар көмегімен жүзеге асырылады. Сөздік емес қатынасты қайта жаңғырту мен қабылдау процесінің оқыту сатысы сақталған көру мен есту қабілетімен жүргізілуі қажет.
Жұмысты тексеруден бастаған жөн, себебі баланың бағдарлама материалын қабылдауын анықтау керек. Бұл жағдайда жалпы моторика (жүрісі, өзін ұстауы, қажетсіз қозғалыстың жоқтығы), ұсақ моторика (бұлшықет тонусының жағдайы, қозғалыстың анықтығы, және күші), қимылдың көлемі және сапасы, мимикалық бұлшықетінің дайындығы (мимикалық қозғалыстың және сапасының нақтылығы) зерттеледі. Кейін баланың мимикаға байланысты эмоцияны анықтай білуі (қуаныш, көңілсіз, жылау), суреттердегі сюжеттік кейіпкерлердің жесттері мен қалыптарының мағынасын түсінуі, кез – келген ойыншықпен қажетті қозғалысты жасай білу.
Көру қабілеті тым терең бұзылған балалар кейде өздеріне таныс заттармен қимылдарды жасау қиынға түседі (көлікті қалай дұрыс айдайды, қуыршақты тербетеді, түтікшемен ойнайды және т.б.), олар сөзсіз қалай өзінің келіскенін немесе келіспегенін білдіретінін түсінбейді (амандасуы, рахмет айтуы, қоштасуы және т.б.) оларға бұндай қимылдарды, яғни қасты көтеруі, мұрынды жиыруы, бетті үрлеуді орындау қиынға түседі. Мысалы, сіз балаға көзді кең ашуды сұрадыңыз, ал ол болса ауызды да ашады, және басын артқа қозғалтты. Кейбіреулері тіпті аяқтары мен қолдарын да алшақ қояды. Бұл синкенезия – қимылға бағыт береді. Себебі, қимылдың дифференцияциясы жеткіліксіз.
Тифлопедагог баланы зерттеу нәтижесінен кейін оның жақын даму аймағын анықтай алады : яғни, баланың тірек – қимыл аппаратының және беттегі бұлшықеттердің беттегі және денедегі бейнелі қозғалыстарды үйретудегі қандай көлемде оқыту қажет екенін анықтай алады.
Оқыту кезеңі өзі төрт кезеңнен тұрады :
-бұлшықеттердің кернеулігін түсіру және керісінше – олардың тонусын жоғарылату;
-мимикамен, жестпен, қалыппен таныстыру;
-беттің және дененің бейнелі қозғалыстарын оқыту;
-ойын барысында сөздік емес қатынасқа қосылу, кейін коммуникативті қозғалысқа қосылу.
Тифлопедагог балаға ойлаудың, сезімнің және адамның іс – әрекеті арасында тікелей байланыс бар екенін түсіндіру қажет.
Көру қабілеті бұзылған балаларда моторлы қимылдың жинақталуының ең негізгі көрінісі (қалыпты жағдайда да) жаңа қозғалысты мейлінше жақсы орындап және неғұрлым жағымды ортада жасау қажет (жағымды орта, жарық бөлме жәге т.б.).
Мимикалық қимылдарды жасау үшін ең алдымен эмоционалдық жағымды (қуаныш, ләззат, махаббат, таң қалу) кезде жұмыс жасаған жөн, себебі жағымсыз ортадан қарағанда жағымды орта балаға жақсы әсер етеді (мұң, ашу – ыза).
Бейнелі беттің және дененің қимыл – қозғалыстарын бүкіл сақталған анализаторлар көмегімен дұрыс оқыту қажет. Көрнекі құралдар ретінде суреттер (көздерінде ақауы бар балаларға арналған релефті) және оқытушының өзі жүргізеді.
Эмоционалдық жағдайда мимикалық қозғалыстарды анық (жестпен, косметика) беттегі қаста, көзде, ауызда көріну керек, себебі бала толық түрде көру арқылы қабылдауы қажет. Тексеру міндетті түрде сөздермен бекітіліп отыру керек (қастар көтерілген, көздер және ауыз қатты ашылған және дөңгеденген және т.б.)
Балаларды жесттермен және қалыппен таныстырғанда тифлопедагог әдіс түйіндес әрекетті дұрыс қолдану керек, себебі балалар сол кезде ғана қажетті қалыпты жасай алады. Оқытушы көрсететін жесттерді, қалыптарды, беттің бейнелігін балалармен таныстыру үшін оларды сөзбен анық жеткізу қажет. Бала бейнелі қозғалысты практикалық іс – әрекетке қолданбас бұрын, ол жаттығуларды және кимылдарды ойын барысында жетілдіру керек. Ойын барысында эмоциялармен қатар олардың бейнелігі қоса дамиды.
Сөздік емес қарым – қатынаста түзету жұмыстарының ұйымдастырылуы кезінде арнайы жаттығулармен оларды дұрыс байланыстырып қолдана білу ең маңызды шығармашылық ойын кезінде басты орынға ие болады.
А. В. Запорожцтің эксперименттерінде балалар бейнелі қимылдарды инструкция бойынша жасай алмаған, ал ойын барысында сол қимылдарды өте жеңіл жасап шыққан. Белгілі бір кейіпкердің қимылын мектепке дейінгі көру қабілеті қалыпты бала үшін ойланып барып жасағаны дұрыс. Мысалы, аяқты анық басып жүру қажет, солдат сияқты, қоян сияқты секіру қажет, ағашты кесетін адам сияқты ағаш кесу қажет және т.с.с. Тифлопедагогикалық іс – тәжірибе көрсеткендей айтылғандардың барлығы тек қана көру қабілеті бұзылған балалар туралы ғана айтылған. Соқырлармен нашар көретін адамдардың бір ерекшелігі оларды ойынға міндетті түрде үйрету қажет, оларда ойын вербалды түрінде көрінеді. Алғашқы материалды бекіту үшін арнайы этюдтарды жүргізеді, олар ойынның әр алуан түрлілігі екенін айтуға болады.
Ең маңызды орынды сюжетті – рөлдік ойын алады. Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда көрнекі құралдар өте үлкен рөлді алады, ол баланың жеке іс – тәжірибесінен асып түседі. Балалар серіктестерімен бірге ойын барысында ойыншықтар арқылы ересектердің тұрмыстық, өмірлік жағдайларды, олардың қарым – қатынастарын көрсетеді.
Эксперименттердің нәтижесі көрсеткендей, ойын – драммасының (өнер сюжетінің бейнесі де бар) және жоғары мектепке дейінгі балалардың қалыпты, жестті, мимиканы қолданатынын атап өткен. Драммалық – ойын балаларға сөздік емес қатынаста және өзінің тәртіптерін байланыстырып көруіне мүмкіндік береді.
Театрлық қойылым нашар көретін балалар үшін ең басты көмек болып табылады, себебі ол арқылы қажетті жесттерді, қабылданған мақамдарды, бастың қойылуын, қолдардың қозғалысын, қалыпты дұрыс орындауға мүмкіндік береді.
Сөздік емес қатынаста тифлопедагог балаларды таңғы іс – шараға дайындық кезі өте көп көмегін тигізеді. Әр түрлі мейрамдарға балалар тақпақтар, әндер, билерді дайындайды. Дайындықты тәрбиеші мен музықа жетекшісі дайындайды. Бұл дайындық кезде тифлопедагогтың қатысқаны өте маңызды, өйткені нашар көретін балалардың сыртқы эмоцияларына түзету жұмыстарын жасай алады. Балалар мейрамды қатты күткендіктен, олар әр түрлі қиын тапсырмаларды барынша ынтамен орындай алады.
Балалардың белсенділігі ойын жарыстарында көріне бастайды. Бұл жайт балаларда дені сау эмоцоналдық қатынас тудырады. Ойын – жарыс кезіндегі бейнелі қимылдар көбінде бір қалыпта ұсталып тұрады.
Сөздік емес қатынасты түзету сабақтары дайындап және қалыптастыруына арналған көрнекі – құралдарын қолданады.
Ең алдымен адамның түрлі эмоционалдық түрін көрсететін схемалық суреттерді қолданады. Суретте беттегі эмоционалды түрі ең ыңғайлы және тез есіне сақтап алуына қолайлы етіп қойылған: көлденең жолақта қастардың орналасуымен өзгешеленеді, ал тігінен ерінің орны ерекшеленеді. Мысалы, осы қалып арқылы бала ауыздың көңілсіз күйін жақсы жаттап алады, жоғары көтерілсе – жақсыны, ал теңестірілген ауыздың қалпы – жеңіл күйде екенін анықтауға болады.
1 сурет бойынша бірнеше көрнекілік дайындауға болады. Мысалы, домалақ картонға түрлі түсті қағаздан қас, көз, мұрын, ертін жабыстарып қоюға болады. Бұл бейнелерді балаларға эмоциялық жағдайды анықтауы үшін таратып беруге болады. Бұны 1 суретке қосып қоюға болады.
1 – қайғы
2 – таң қалу
4 – ауру
5 – сабырлық
7 – жылау
8 – ауырлық
1 сурет бойынша
3 – қуаныш
6 – күлкі
9 – ләззат
Әр түрлі қалыптағы адамның схемалық түрінің бейнесін жасау қажет. Әр сызбада соған сәйкес адамның қалпы салынған сурет болуы қажет.
Харьковтық соқыр балаларға арналған мектебінде тифлопедагог Е. Ф. Сивинская ермексаздан жасалған еріндермен және ұлдар мен қыздардың бастарының рельефтерін қолданған. Бұл рельефтер әр түрлі түрдің бейнесін (мейірімді, ашулы, қуанышты, көңілсіз және т.б.) және шаштың түрлі қалыптарын (таралған, бұйра және т.б.). Барлық материалдар бояумен боялған.
Жестпен қалыпты үйретуде қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар – жануарлар белгілі қалыпта бейнеленуі өте маңызды.
Видеоларда қалыпқа сәйкес көру қабілеті бар балаларға көрсетуге болады. Бір киноны бірнеше рет қайталап көруге болады. Алғаш рет көрегн киноны әңгімелеп шығу керек (жесттермен қалыпты біздің жағдайымызда көрсеткен жөн). Екінші рет көргенде алғаш рет көрмеген жерін көріп қабылдауы мүмкін.
Дауыссыз киноны көруге болады. Басты кейіпкерлердің көңіл – күйін айтып шығуға болады. Жесттерге қарап белгілі бір шешім қабылдауға болады. Кейін дауысты қосуға болады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға мультфильмдермен және оларға арналған кинолар қоюға болады.
Ойындарды міндетті түрде музыканы қолданған жөн.
Ән тыңдау этюдтің алдын алады. Бұл жайт балаға қажетті эмоционалдық жағдайға кіруіне көмектеседі. Лирикалық музыка (көңіл – күйдің ең әлсіз күйін анықтай алады) тыныштық күйін, және қуанышпен көңілсіз сезімін оятады, ал драммалық музыка тым белсенді қозғалыспен өмірлік тонустын жоғарылығын танытады (Б.Г.Ананьев). Музыка адам өмірінде алатын орны ерекше, М.И.Чистякова оны қарым – қатынас кезінде көмекші құрал ретінде көмегі өте көп деп атап айтқан.
Соқырлармен нашар көретін адамдар үшін сөздік емес қатынас кезінде ең басты дидактикалық көрнекілік болып ересек адам (тифлопедагог, тәрбиеші, ата – ана), олар жестті, қалыпты, немесе басқа бір жағдайды көрсеткен кезде ең басты еліктейтін адамдар болып табылады. Көбінде балаға өзінің іс – әрекетін бақылау үлкен жүк болып табылады, оған осы кезде ересек адамның көмегі өте қажет.
Тифлопедагогтың жұмысы балалардың жесттермен мимиканы, қоршаған ортамен дұрыс байланыс орнатуына, қажетті дағдыларды қалыптастырып, бекітуіне және т.б. бағытталады.
Категория: Педагогика | Добавил: Ержан4922
Просмотров: 1437 | Загрузок: 33 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-07-05, 9:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru