Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
[ Скачать с сервера (15.3 Kb) ] | 2015-01-18, 6:37 PM |
ШҚО. Семей қаласы №47 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі МукужановаЖаухартас Оразбайқызы Еңбекке баулу. Сабақтың тақырыбы: Шырша ойыншықтарын жасау. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға шырша өсімдігі жайында түсінік бере отырып, оны қандай мерекеде қолданатыны туралы әңгімелесу. Әр түрлі материалдан шырша ойыншықтарын жасату. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, икемділіктерін арттыру және мерекелік сезімдерін ояту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Шырша, шырша ойыншықтары, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа тақырып. -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам, шешуін табайықшы. Тікен – тікен тік пісті, Қысы – жазы бір түсті. Ол не? -Шырша. -Дұрыс айтасыңдар, шырша қандай өсімдікке жатады? (қылқан жапырақты) -Шыршаны біз қай уақытта қолданамыз? (Жаңа жыл мерекесінде) (Осы кезде есік қағылып, сыныпқа Аяз ата кіреді. Қолында шыршасы бар.) - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл қай сынып? Сендерде қандай сабақ болып жатыр? - Еңбек сабағы. - Ой, балалар, қандай тамаша! Алдыда қандай мереке келе жатыр? - Жаңа жыл. - Дұрыс айтасыңдар балалар, жаңа жылға дайындалу үшін маған мына шыршаны безендіруге көмектесіңдерші. Мына шыршада нелер жетіспей тұр? - Ойыншықтар. Мұғалім: - Балалар, Аяз атаға көмектесейік пе? Біздің ойыншық сатып алатын ақшамыз жоқ, сондықтан ойыншықты қолдан жасаймыз. І – топ. «Ептілер» тобы. Олар шырша ойыншықтарын жұмыртқаның қабығын бояп, жылтыр себу арқылы жасайды. ІІ – топ. «Шапшаңдар» тобы. Олар шырша ойыншықтарын лампочкаларды лактап, бояу арқылы жасайды. ІІІ – топ. «Шеберлер» тобы. Олар шырша ойыншықтарын сусын бөтелкесін қия отырып, бір – біріне бекіту арқылы жасайды. (Жұмысты бастамас бұрын, қауіпсіздік ережесімен таныстырылады.) Практикалық жұмыс. ІІІ. Қорытынды. Аяз ата жұмысты қорытындылайды. Оқушылар жасаған ойыншықтарын шыршаға іледі. ІҮ. Бағалау.Ү. Үйге тапсырма. | |
Просмотров: 5824 | Загрузок: 35 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|