Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолдану негіздері
[ Скачать с сервера (37.3 Kb) ] 2015-03-16, 6:16 PM
Мақсаты: Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолдану негіздерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірбиеде қолднудың жолдарын айқындау.

Міндеті:
• Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолданудың теориялық мәселесін айқындап, мәнін нақтылап, байыту.
• Ойын технологиясын сабақта қолдана отырып, жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру;
• Ойын технологиясын іс-тәжірибеде пай даланудың тиімді жақтарын негіздеу.

Жоспар

Кіріспе

1.1Ойын технологиясы туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
2.1. Ойын элементтерін қазіргі сабақта қолдану
2.2 Оқу үрдісінде қолданылатын ойын түрлері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.
Психологтар мен педагогтар ежелден-ақ ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пәніне енгізілді.
С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).
әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.
Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі.
Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.
Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады..


1.1Ойын технологиясы туралы жалпы түсінік

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.[1]

Бүгінгі таңда біздің педагогтар үш өлшемді оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды, модульдік оқыту технологиясын, Cын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді түрде қолдануда.[2]

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.
Ойын технологиясы- оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын технологиясының міндеттері:
-Ойын арқылы балалрдың сөздік қорларын дамыту
-жаңа сөздерді меңгерту.
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру.
-ептілікке,ұқыптылыпқа, төзімділікке үйрету.
-ақыл-ой,есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.

Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады,
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылы-ғын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзиигтің "Ойыншы адам", Д.Б. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Бербицкий, Т.В.Кудрявисв, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық, ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.басқалар.

Ойын технологиясы арқылы оқушыларда келесі қасиеттерді меңгереді.
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

2.1. Ойын элементтерін қазіргі сабаққа қолдану негіздері

Жас мемлекетіміздің болашағы-бүгінгі жас буын. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
"Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек", - деп жазады Ж.Аймауытов.
Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын , ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіру дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Ойын элементтерің оқу үрдісінде қолдану жолдары.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. "Ойын " ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік жігерін дамытады, сабақта ынтасын арттырады. Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта – ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Оқытушы сабағын баланың қабілет - қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын сауық;
- Комумуникативтік немесе қарым - қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін - өзі тану);
- Коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- Әлеметтендіру.

2.2. Оқу үрдісінде қолданылатын ойын түрлері
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде жиі пайдаланылатын:
• ойын – сабақ
• ойын - жаттығу,
• сергіту ойындары,
• дидактикалық мақсаттағы ойындар
• сөздік ойындар
• логикалык ойын есептер, ұлттық ойындар.
Мұндай ойындар жан - жақты дамытып, білімді толық игеруге көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қоладынылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңызы балалардың ынта - ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптьастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - баланың танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
А) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
Ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
Б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;
В) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жеткізу;
Г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады.Бала-бақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалык үрдісті жетілдіру ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.
Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
2.Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3.Ойын - болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді...?», «Мен не
істерп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына
проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының
дамуына әсер етеді.
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Қорытынды

Қорыта келгенде, оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан жақты дамуына, қалыптасуына, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Сабақ үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Сондай-ақ ойын элементтерінің тәсілдерін саьақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасын арттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне ынтымақ, көмек көрсетуге баулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларын байытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі. Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту. Сөздік қорын байытады, өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады, тәрбиеленеді. Сондықтан да, ойын – оқытудың ең бір тиімді тәсілі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. 2007ж.
2. С.Баялиева. Сабақта ойын түрлерін қолдану. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2004. №3.
3. Н.Оралбаева, Қ.Жақсылықова. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі «Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар және оларды ұйымдастыру жолдары».Алматы 1996ж.
4. . А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері» Бастауыш мектеп № 3 2009ж.
5 З. Рақмет,Г.Ж.,Тайсюганова. Қазақ тілі, Сөздік ойын.Алматы, 2005ж.
7. Тізбек ойыны. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2006ж. №2.
8. А.С.Атабаев «Ұлттық ойындар- халық мұрасы«Кітап» 2006 ж.
9.
Категория: Педагогика | Добавил: BATY
Просмотров: 7738 | Загрузок: 101 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-12-24, 5:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru