Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика |
2015-05-17, 11:44 AM | |
Бала тәрбиесіндегі адамгершілік рухты қалыптастыру. Қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, болашаққа оқу-білім сәулесін таратқан халқымыздың мәшһүр ағартушы-педагогы, балалар әдебиетінің атасы-Ыбырай Алтынсарин, ұлы Абай, Шәкәрім, көрнекті қоғам қайраткері, тілші-ғалым, ұстаз Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтың ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі, қалдырған мұрасы- игілікті мол халық мектебі. Адамгершіл бейне азаматтылықпен анықталады, көпке деген еңбегінің көлемімен парықталады. Тәрбие нәрестенің шыр етіп дүниеге келуінен басталып, ақырғы деміне дейін созылады. Енді осы адамгершілік тәрбиесінің оқушылардың бойына сіңіруге біздер, педагогтар, үлкен үлес қосуымыз қажет. Адамгершілік тәрбиеге сайып келетін төмендегі асыл қасиеттерге назар аударайық 1) Имандылық. Ұлы Абай «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек»,- дейді. Имандылық Алланың хақ екендігіне, ал Мұхамед пайғамбар Алланың елшісі екеніне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұстанған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі. 2) Кісілік. Бұл-өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы.Қазақ дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу-әрбір жастың парызы. 3) Отансүйгіштік. Адам бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Мен-қазақпын қаныммен, сүйегіммен. Сән-салтанат салтымды сүйемін мен, Бақ орнатам басына моланың да, Мұрагермін мен оған, иемін мен. 4) Мақсаткерлік. Адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманна бағындыра алуы. «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан-ешқашан үміттеніп көрмеген жан» ,- дейді батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт арманы алға қарай ілгерлеуіне өміршең болып келеді.Ақтамберді жырау айтқандай: «Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін», өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. 5) Ақылдылық. Ақылды кісі-жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. Мәселен, ұлы ойшыл Баласағұни «Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді, ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық» деген екен. 6) Борыш пен жауапкершілік. Адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. 7) Мейірімділік пен ізгілік. «Адамда қалай болса да, қашан болса да, пайда келтіретін ой мен ісі-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» (Мағжан Жұмабаев) Үйде де, түзде де кісіге ізгілікпен қарап, мейірімділік пен мейірбандық білдіру ұнамды мінездің көрінісі. | |
Просмотров: 694 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|