Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Арыстангалина Асемгуль Сланбековна "Бала тәрбиесі"
2015-05-17, 11:57 AM
Бала тәрбиесі
Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп,артына із қалдыру.Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ.Тіпті баласының болашағы үшін отқа да,суға да түсетін ата-аналар да баршылық. Кейде баласының келешегіне алаңдаған ата-ана өз мекенін ауыстыруға дейін барады. «Ұлың жақсы болсын десең,ұлы жақсымен көрші бол,қызың жақсы болсын десең,қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек. Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға, сіз балаңыздың 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз,баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.
Жер бетінде қазақтан асқан балажан адам жоқ шығар.Бір қызын бір ауыл болып тәрбиелейтін халықтың өз үлгісі өзінде.
Бала тәрбиесі-қиын да күрделі процесс.Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз.Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш-жігердің қажет екенін бәріміз білсек те,мойнымыз жар беріп,бала тәрбиесімен айналыса бермейміз.Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың,мынаны олай істемедің,ананы бұлай істемедің,ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.
Баланың әр қылығы қызық.Бірақ сол қызықтауды да талғап, талдап қармаса тағы болмайды.Кішкентай кезде баламыздың әрбір сөзін,одан қалса, біреуді сыбағандығын әуес көреміз,оны тіпті ересектерге айтақтап,қыздыра түсетініміз тағы бар.Баламызды үлкендерді сыйла,құрметте деп тәрбиелеудің орнына өзіміз теріс жолға салып отырғанымызды бағамдай бермейміз-ау! Кейін өскенде сол баланың өз ата-анасына тілі тимесіне кім кепіл?! Бала кез келген істе өзін ынталандырып,өзгелердің қолдайтынын сезсе,сол іске бейімделіп,әдеттеніп кетеді.
Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік-бала жетістігін көре білу,жігерлендіру,ынталандырумен байланысты.Баламызды мадақтауымыздан гөрі,жекіруіміз асып түсетінін мойындауымыз керек.
Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз.Әуелі талапты қоймастан бұрын,балаға өзіміз үлгі көрсетуіміз керек емес пе? Қонақ келсе баламызды басқа бөлмеге жіберіп, кейде тіпті дұрыс тамақтандыруды да ұмытып жатамыз.Баламыздың туған күн тойын атап өтеміз,онда да баламыз үшін емес,көбінесе,өзіміздің ағайын-туыс,дос-жарандарымызға да арналатыны шындық.
Үй-ішінің ұсақ кикілжіңдерін балаға көрсетпеудің орнына керісінше болып жататыны да өкінішті.Бала көзінше қырсыз мінез көрсету де,өзге адамдарды жамандау да бала бойында теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады.
Жалпы біз балажан халық болғанымызбен. Оны тұлға деп танып,ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз.Көпке топырақ шашудан аулақпыз,дегенмен мұндай көріністердің арамызда көптеп кездесетіні анық.Біздің ойымызша,баламыз,біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл-есі толмаған тіршілік иесі дейміз де, оған өте қатаң талап қоямыз. Сол талаптың үдесіне шыға білмесе, баламызды жер қылып жасытамыз. Үлкендер баласына үнемі жекіп,дауыс көтеріп сөйлейтін болса, бала жасық болып өседі. Осындай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі.Біреулері-бозөкпе,жасық болса,екіншілері- айқайлап сөйлемесең, сөз өтпейтің «сабаздың» өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап,өздігінен шешім қабылдай алмаса,кейінгілері өмір бақи жүйкемізді жұқартып,бетіңнен алып отыратын болады.
Категория: Педагогика | Добавил: Айко1962
Просмотров: 688 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 10:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru