Наша библиотека
Толеутаева Эльмира Тлеужановна "Білім алды-тәрбие"
| 2015-05-17, 12:14 PM |
БІЛІМ АЛДЫ — ТӘРБИЕ Қандай қоғам болсын жас ұрпаққа білім беру мәселесін ойластырғанда, оларға сол қоғам сұранысына сай тәрбие беруді де бірге ойластырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты екенін, тәрбие мәселесінің маңыздылығын атап көрсетуі жайдан жай емес. Әлемдегі барлық ел белгілі бір уақыт өткен сайын өздерінің білім жүйесін, оқыту әдістемесін жетілдіріп отырады. Қазір дүние өзгерді. Адам өзгерді. Соған сай сұраныс та басқаша. Жылдам хабар алғызған ұшқыр байланыстың дәурені жүріп тұр. Жеке тұлға мәселесі алдыңғы кезекке шықты. Оған деген талап та өзгеше болады. Оның басқаларға қоятын талабы да өзгереді. Айналаңдағы ақпарат тасқыны бар ісіңді бір мезетте тындыруға бейімдейді. Тез білу керек, тез ұғу керек және жедел жауап беру қажет. Дүниені танудың өзі жеделдікті қалайды. Бір кезде жаппай білімге жете мән берілгенімен, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу басты мақсат болмағаны рас. Ол жылдарда әркім өз мүмкіндіктерін өзі ашты. Ал оған қол жеткізе алғандардың саны жалпы мөлшермен салыстырғанда соншалықты көп емес. Ары кетсе екі-үш пайыз ғана. Қазіргі уақыт әр нәрсеге шығармашылықпен қарау қажеттігін туындатады. Жаңа дүние жасауға талпыну керек. Адам бойындағы қасиетті оята білген жөн. Білім жүйесін өзгерту туралы идея осыдан келіп туған. Ал оны қалай өзгертпекпіз? Қазір мектепте оқытылатын пәннің саны өте көп. Оқушылар сабақтың көптігінен шаршайды. Оқу жоспарлары өте тығыз. Біз оларға әйтеуір керегі болып қалар деген оймен ілім-білімді молынан беріп жатырмыз. Оқушының сол игерген пәндері ешқашан пайдаға аспауы да мүмкін. Жалпы, үйренген нәрсені өмірде қолданған дұрыс қой. Кеңестік кезеңде жаппай орта білім алу міндет болды. Ал қазір әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін ұштауға назар аударылмақ. Тек оқу мерзімі ғана емес, білім беру бағдары, бағдарламалық мұраттары да өзгереді. Жүйе тұтастай жаңарады. Баланың жүйкесіне салмақ түспеуі керек. Сондықтан оның биологиялық, психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
|
Категория: Педагогика | Добавил: Айко1962
|
Просмотров: 757 | Загрузок: 0
|
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]