Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физическая культура

Республика Рәміздері
[ Скачать с сервера (15.2 Kb) ] 2013-01-17, 8:34 PM
Сабақтың мақсаты:
1. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әр-бір бөлшегін дегі ұлттық символикан ұғындыру,оларға мемле-кеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру;тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту.
2. Ақынның туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткі- зу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арт-тыру, сөздік қорларын дамыту
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елінің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын, қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату.
Көрнекілігі: төрде еліміздің туы,слайдтар, кітаптардан көрме.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушы-лар!
Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата- бабалардың жолы азап-ты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасыр-дың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Демократиялық жаңару жолына батыл түскен еліміз әлемдік өркениетке ұмтылып, бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды.
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 4- сыныбының «Респуб-лика рәміздері» атты әдебиеттік оқу пәнінен ҚР-ның әнұранымызбен бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кадірменді конақтар, балалар! Биылғы жылы еліміздің Тәуелсіздік алғанына 21 жыл толды. Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ. Біздің өткен сабағымыздың тақырыбы сол желтоқсан оқиғасымен байланысты. Өткенсабақта біз Ш.Сариевтың «Тәуелсіздік монументі» атты шығармасымен таныстық. Сол тақырыпты қайталап өтейік.
- Балалар, Шомішбай Сариев жайлы кім айтып береді?
- Тәуелсіздік деген не?
Оқушы: тәуелсіздік дегеніміз еркіндігіміз, бостандығымыз, бақытты болашағымыз.
- Қазақстан Тәуелсіз ел болғаны жайлы қашан жариялады?
Оқушы: Ата –бабаларымыз аңсаған , армандаған еркіндік пен бостандық таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Бұл күні ҚР Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
- Тәуелсіз ел болуымызға кімдердің еңбектері сіңді?
Оқушы: Тәуелсіз ел атануымызға Қайрат Рыскулбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаметжанова сияқты апларымыз бен ағаларымыздың арқасында еліміз жеңіске жетті.
- Ал балалар, монумент дегеніміз не?
Оқушы: Монумент дегеніміз үлкен ескерткіш.
- Осы тәуелсіздік монументін салуға не себеп болды?
Оқушы: Монумент салуға 1986 жылғы «желтоқсакн оқиғасы» себеп болды.Отан үшін деп жанын қиған жастар тәуелсіздік үшін, ар-намысын , дәстүрін жоғары көтеру жолында шеруге шықты. Каншама қан төгілді.
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда орталық алаңға жастар мен студенттер Үкімет басына Колбиннің келуіне қарсы екендіктерін білдіріп, елдің тәуелсіздік алу үшін шеруге шықты.
- Осы ескерткіште не бейнеленген, ол қайда орналасқан?
Оқушы: Тәуелсіздік монументі Алматы қаласында Республика алаңында орналасқан.
Оқушы: Кешеннің ортасында 28 метрлік , Маңғыстау құлпытастарының бедеріне ұқсас , тігінен тұрған пластикалық стелла бар. Оның ұшында Алтын адам орналасқан.Стелланының төрт жағынан «Аспан дала», «Жер-ана», тай мінген балалар қоршап тұр.
Мұғалім. Жақсы балалар, біз өлеңді жазған ақын, оның өлеңінде суреттеген монумент жайлы білімдерімізді ортаға салдық. Енді сол өлеңді мәнерлеп оқып шығайық.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда Тұманбай Молдағалиевтың «Республика рәміздері» атты өлеңімен танысамыз.
Бүгінгі сабақта сіздерге Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздерін естеріне түсіруді жөн көрдім: «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін белгілер. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті. Белгілі қазақ халқының жазушысы өз елін мақтан тұтып өз елінің рәміздерін мақтан тұтып , арнап өлең жазған.
1. Тұманбай Молағалиев жайлы қысқаша мәлімет беремін.
2. Олеңді өзім оқып беремін
3. Балаларға тізбектеп оқытамын.
4. Талдау
5. Дәптермен жұмыс
6. Дәптерге тақырыпты жазғызу.
Мұғалім: Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.
ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар»- делінген. Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті,»- делінген. Олай болса өз еліміздің мемлекеттік рәміздеріне тоқталып өтейік. Біз сіздермен 4-сыныпта оқимыз Республика Рәміздері жайлы біз не білеміз?
1-оқушы Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұраны жатады. Мемлекеттік рәміздерді заң арқылы бекітіледі.Мемлекеттік рәміздерді сыйлау әр азаматтың міндеті. Рәміздер бір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұрады. Біз қз мемлекеттік рәміздерімізді мақтан тұтамыз!
Мұғалім: Біздің мемлекеттің Туымыздың авторы кім? Онда не бейнеленген?
Оқушы:Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші – суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман – есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елін елін өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Мұғалім: Ал енді елтаңбамыздың авторы кім? Онда не бейнеленген?
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.
Мұғалім: Балалар, біз бүгінгі сабағымызды әнұранымен бастадық. Әнұраны деген не? Оның авторлары кімдер? Әнұранын қай уақытта айтады?
Оқушы: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мұғалім : Қайуақытта әнұраны орындалғанын көрдіңдер?Кімдердің құрметіне орындалды әнұраны?
Оқушы: Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойындарда Қазақстан мәртебесін биіктеткен отандас спортшыларымыз халқымыздың көпшілігін рухтандырып жібергені айқын. Жат елде жалауы желбіреп, гимні шарықтаған қазақ жерлестеріміздің әкелген жеңісіне дән риза болған әр Қазақстан азаматының өз елінің рәміздеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі одан әрі асқақтай түсті. Қазақстан қоржынына алтын медаль салып, көк байрағын желбіреткен, гимнін асақтата орындап, өз жеңісін халқына арнаған батырларымызды атап өтейік. Олар: И.Ильин-екі дүркін әлем чемпионы, В.Винокуров-«алтын жүлде» иегері, З.Чиншалло-ауыр атлетикадан «Алтын жүлде» иегері, М.Манеза-ауыр атлетикадан «Алтын жүлде» иегері, О.Рыпакова-жеңіл атлетикадан «Алтын жүлде» иегері, С.Подобедова-ауыр атлетикадан «Алтын жүлде » иегері, С.Сәпиев-бокстан «Алтын жүлде» иегері, Ә.Ниязымбетов-бокстан «Күміс жүлде» иегері, Д.Гаджиев-грек-рим күресінен «Қола жүлде» иегері, М.Вольнова-қыздар боксынан «Қола жүлде » иегері, А.Таңатаров-еркін күрес «Қола жүлде» иегері, Г.Манюрова-қыздар күресінен «Қола жүлде» иегері, И.Дычко-бокстан «Қола жүлде» иегері.

ІҮ.Қорытындылау
Ал жақсы балалар. Бүгінгі сабағымызды тестпен қорытындылаймыз
1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?
а) 1991 жылы 16 желтоқсан
ә) 1995 жылы 30 тамыз
б) 1997 жылы 17 қараша
2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ж.Мәлібеков
б) Ш.Айманов
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?
а) 1998 жылы
ә) 1986 жылы
б) 1991 жылы
4. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары кім?
а) Ө.Тұрманжанов, Д.Әбілов
ә) Ш-А. Уәлиханов, Ж.Мәлібеков
б) Ш.Айманов
5. Республика рәміздері өлеңінің авторы кім?
а) Т. Мұхамеджанов
ә) Т. Молдағалиев
б) Б.Соқпақбаев

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармаңдар.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! Еліміздің Егемендігі жасасын!
Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін ,– демекпін.
Категория: Физическая культура | Добавил: Дариха | Теги: Начальная школа
Просмотров: 3407 | Загрузок: 198 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 6:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru