Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физическая культура

Зат есімнің септелуі
[ Скачать с сервера (13.3 Kb) ] 2013-01-17, 8:37 PM
ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі
Білімділік : Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.Зат есімнің
септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақ-
тарын меңгерту.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік : Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге,
жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс – тәсілдері : Сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекіліктері : Септіктер кестесі, суреттер
Пәнаралық байланыс : ана тілі

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға Тапқышбек келіп, сіздерге сұрақтарын қойғалы тұр. Кәнекей тақтаға қарайық.
1-сұрақ Зат есім дегеніміз не?
2-сұрақ. Зат есімнің қандай түрлерін білесіздер?
3-сұрақ. Жалқы есім , жалпы есім дегеніміз не?
4-сұрақ. Зат есімнің түрленуі дегеніміз не?
5-сұрақ. Зат есім ненің көмегімен түрленеді?
6-сұрақ. Жалғаудың неше түрі бар?
Ал енді балалар, осы тақырыпты қорытындылайық. Тақтадағы кестені толтырайық
«Орнын тап» ойыны
Кесте толтыру

Мысалдар Жалғаулар
Көптік жалғау Тәуелділік жалғау
дәптерлер
добы
қуыршағы
Қаздар
мектебім
терезелер
мұғалімі
көйлегің

- Қандай қорытынды жасауға болады? Сонымен біз жалғаулардың екі түрімен таныспыз. Енді бүгінгі сабақта жалғаудың тағы бір түрі септік жалғаулармен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгіңгі сабағымыздың тақырыбы «Зат есімнің септелуі»
Ол тақырыппен ақын Қадыр Мырза Әлидің өлеңін оқи отырып таныса-мыз.
ІҮ. Ой қозғау.
Барлығына үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Марат...
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай «бестік» қойылыпты Марат...
Батыл емес дей алмайсың Марат...,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Марат...,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
Қай өнер де табылады Марат...,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне, сондай жақсы бала Марат...
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттен.
Кәнекей , балалар, өлең шумақтарын оқып, Марат деген сөздердің дұрыс жалғауларын қояйық , мына кесиені толтырайық.
Септіктер Сұрақтар Мысалдар
Атау Кім? Не? Марат
Ілік Кімнің? Ненің? Мараттың
Барыс Кімге? Неге? Маратқа
Табыс Кімді? Нені? Маратты
Жатыс Кімде? Неде? Қайда? Маратта
Шығыс Кімнен? Неден? Мараттан
Көмектес Кіммен? Немен№ Маратпен

Ү. Сұрақтар сыры.

Не ? - Күнделік
Ненің ? - Күнделіктің
Неге ? - Күнделікке
Нені ? - Күнделікті
Неде ? – Күнделікте
Неден ? - Күнделіктен
Немен ? – Күнделікпен

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.
Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.
Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.
Дәптерді ашамыз бүгінгі ксабақтың тақырыбын жазамыз.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу орындау барысында ереже түсіндіріледі.
Сөйлем ішіндегі сөздерге қосымшалар не үшін жалғанған?
Ережені талдаймыз. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып тұратын қосымшаларды септік жалғауы деп аталады. Зат есімнің септік жалғауы арқылы өзгеруі зат есімнің септелуі деп аталады.
Қазақ тілінде жеті септік бар.
Кестемен қолданып түсіндіремін.
Тапсырма :
1. Сөздерге сұрақ қой.
2. Олардың қай септікте тұрғанын айт.

2 – жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз. Септік жалғауында тұрған сөздердің астын сыз.

ҮІ. Сергіту сәті.

3 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау
Жоталардан, күннен, гүлден.

5 – жаттығу. Мақалдарды түсініп оқы, септік жалғаулы сөздердің астын сыз.

ҮІІ. Қорытынды. Бүгінгі сабақтыі тақырыбы қандай? Неше септік бар? Септік жалғаулар қандай қызмет атқарады?

Гүлдер ойыны

Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостағандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.

ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

1. 4- жаттығу 84 бет
2. Зат есімнің септелуі (ереже)
Категория: Физическая культура | Добавил: Дариха | Теги: Начальная школа
Просмотров: 5070 | Загрузок: 134 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 6:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru