Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физическая культура

Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
2014-04-20, 10:54 AM
Тимофеевка орта мектебі

Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.

Шеберлік сыныбы
17 сәуір 2014 жыл Ерейментау қаласы
мектеп–лицей 10 «а» сынып

Дайындаған және өткізген: Абылхаиров М.Х.
алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы

Ақмырза ауылы 2014 жыл

Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
Сабақтың мақсаты:
1/ Білімділік мақсаты: Оқушыларға автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау туралы түсінік беру.
2/ Дамытушылық мақсаты: Атыс дайындығы сабақтарында қаруды ұстаудың қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрету, автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстауды үйрету, оны дұрыс қолдану қабілеттілігін арттыру, дамыту, оқушыларды тәртіптікке, жауапкершілікке, жинақылыққа баулу.
3/ Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отан қорғауға дайын болуға, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрметтеуге, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Өткізілетін орыны: 10 «а» сынып, АӘД бөлмесі.
Көрнекі құралдар: автоматтың макеті, оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі - 5 минут.
Взвод командирінен рапорт қабылдау, сәлемдесу, әскери форма кию тәртібін қарау. Сабақ барысында қарумен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау шараларын еске түсіру, қауіпсіздік техникасы журналына қол қойдыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Автоматты бөлшектеу және жинақтау - 7 минут.
3. Жаңа сабақ – 20 минут.
Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
Автомат толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жетеді.
Автоматты тазалау атысқа дайындық кезінде;
Атыс аяқталған соң /ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады/;
Ұрыс жағдайында, ұрыс тынышталған кезде және ұзақ жаттығуларда үзіліс кезінде күн сайын жүргізіледі;
Егер автомат қолданылмаса тазалау аптасына бір рет жүргізіледі. Автоматты тазалау және майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі.
Казармада немесе далада автоматты тазалау осы мақсатқа арналған үстелдерде, ал ұрыс жағдайында – таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізіледі.
Ату орындарында автоматты атыс аяқталған соң сұйық қару майымен тазалау офицерлер жетекшілігімен жүргізіледі.
Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат казармаға оралған соң ұңғы тазалау ерітіндісімен /ҰТЕ/ қайта тазалануы керек.
Автоматты тазалау мен майлауға қолданылатын майлар.
- суық қару майы автоматты тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5С – тан + 50 С-қа дейінгі температурада майлау үшін;
- қару майы тазаланған соң +1 С-тан +5С -қа дейінгі температурада майлау үшін;
- ұңғы тазалау ерітіндісі /ҰТЕ/ тазалауға арналған;
- шүберек немесе КВ-22 қағазы сүрту мен тазалауға;
- талшықтан тазартылған кендір тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін.
Автоматты тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
1/ Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;
2/ Автоматты бөлшектеу;
3/ Керек- жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;
4/ Ұңғы арнасын тазалау.
Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұхсатымен автоматты майлап, жинауды жүргізеді.
Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір немесе шүберекті енгізу керек, кендірге /шүберекке/ аз ғана сұйық қару майын құйып ұңғы арнасына кіргізеді.автоматты сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын құрғақ таза сүртіп, шүберекті қарайды, егер онда күйенің ізі, немесе лас, тат болса ұңғы арнасын шүберек таза болып шыққанша тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ауыз жағынан, оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.
Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді.
Автоматты майлауды былайша жүргізеді:
1/ Ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш компенсаторды және жалын сөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып, майлайды;
2/ Автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін;
3/ Майлап болған соң автомат жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек жарақтары майланады, бөлімше командиріне көрсетіледі.
Жылдың суық мезгілінде автоматты тек сұйық қару майымен майлау қажет. Келесі майлаудың алдында бұрынғы майды тазалап тастау керек.
Ескерту: ауа райы +5С – тан төмен болса қару майын қолдануға тиым салынады.
Ұзақ уақыт сақтауға тапсырылған автоматтар парафинделген қағазға оралады. Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты.
Автомат оқтаусыз сақталады: оқжатар ажыратылады, сүңгі пышақ алынады, шүріппе босатылады, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне қойылады. Автомат оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі.
Автомат казарма немесе далалық жағдайда пирамидаларда сақталады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі пышақтар, майлауыш пен қапшықтар, жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады.
Ғимаратта орналасу жағдайында автоматты есіктен, пештен, жылытқыштардан алыс, құрғақ жерде, ал соғыс уақытында қолда ұстау керек.
Автомат автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тұрады, ал танкте қолда болуы керек.
Автоматтың ұңғы арнасына су тиюден сақтау керек. Егер су тисе, автоматтың жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып , ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек, бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.
Оқсауыттар құрғақ, күн сәулесі түспейтін жерде сақталуы керек.

Бекіту: 5 минут.
1.Автоматты тазалау қандай тәртіппен жүреді?
Автоматты тазалау
Тазалау құралдарын дайындау Автоматты бөлшектеу Автоматты тазалауға дайындалатын керек жарақтар Ұңғы арнасын тазалау

2. Автоматты тазалауға арналған керек жарақтарды ата ?
Сүмбі Сүрткіш Жабдығымен пенал Бұрағыш Сүмбінің басы

Қорытынды: Әрбір ер азамат өз елін, халқын және Отанын жанындай сүйіп, Отан үшін барлық жағдайға дайын болуы керек.
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұрпақтары – ата бабамыз аманат етіп қалдырған найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған туған жерді, ана тілімізді, көк байрақ туымызды, ел таңбамызды, әнұранымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Үйге тапсырма: Автоматқа күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.

І нұсқа
1. Дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың шығуы не деп аталады?
А/ Ұшу бұрышы В/ Ату С/ Лақтыру Д/ Жану Е/ Түзу ату

2. Ату қанша уақыт аралығында жүзеге асады?
А/ 0,001-0,06 с В/ 0,0001-0,6 с С/ 0,001-0,6 с
Д/ 0,1-0,6 с Е/ 0,00001-0,001с
3. Ұшу кезінде оқтың айналу бағытына қарай ауытқуы не деп аталады?
А/ Түзу ату В/ Көтерілу сызығы С/ Лақтыру сызығы Д/ Қисық сызық Е/ Деривация

4. ТОЗ-12 винтовкасының салмағы қанша?
А/ 3,21 кг В/ 3,52 кг С/ 3,51 кг Д/ 3,5 кг Е/ 3,6 кг

5. РПК-74 пулеметінің салмағы қанша?
А/ 3,21 кг В/ 3,52 кг С/ 5,46 кг Д/ 3,12 кг Е/ 3,5 кг

6. Пулемет оқжатарының сиымдылығы қанша?
А/ 45 В/ 30 С/ 20 Д/ 10 Е/ 50

7. Пулеметтен кезекпен атқанда минутына қанша оқ атылады?
А/ 100 В/ 150 С/ 300 Д/ 400 Е/ 600

8. Сүңгі пышақтың қынабымен қосқандағы массасы қанша?
А/ 500г В/ 200г С/ 390г Д/ 490г Е/ 600г

9. Ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы қанша?
А/ 100 м В/ 200 м С/ 300 м Д/ 400м Е/ 500м

ІІ нұсқа
1.Ату кезеңдерін қаншаға бөлеміз?
А/ 1 В/2 С/3 Д/4 Е/ 5

2. Ауада ұшу кезіндегі оқ ауырлығының орталығын сипаттайтын көлбеу сызық не деп аталады?
А/ Деривация В/ Көтерілу сызығы С/ Лақтыру сызығы
Д/ Қисық сызық Е/ Траектория
3. ТОЗ- 8 винтовкасының салмағы қанша?
А/ 3,21 кг В/ 3,52 кг С/ 3,51 кг Д/ 3, 12кг Е/ 3, 5кг

4. Калашников автоматының калибрі қанша?
А/ 5,55 мм В/ 5,65 мм С/ 5,6 мм Д/ 5,7 мм Е/ 5,45 мм
5. Калашников автоматы қандай қару?
АЖаппай жою қаруы В/ Ұжымдық қару С/ Дербес қару Д/ Атқыштар бөлімшесінің қаруы Е/ Химиялық қару

6. Автомат оқжатарының сиымдылығы қанша?
А/ 10 В/ 30 С/ 20 Д/ 45 Е/ 50

7. Автоматтан кезекпен атқанда минутына қанша оқ атылады?
А/ 100 В/ 200 С/ 300 Д/ 400 Е/ 600

8. АК-74 автоматының оқжатарымен қосқандағы салмағы қанша?
А/ 3,21 кг В/ 3,52 кг С/ 3,6 кг Д/ 3,12 кг Е/ 3,5 кг

9. Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс қашықтығы қанша?
А/ 2000 м В/ 3000 м С/ 3 500м Д/ 1000м Е/ 600м

Дұрыс жауаптар:

І нұсқа ІІ нұсқа
1 – В 1 – Д
2 – С 2 - Е
3- Е 3 - Д
4 – Д 4 - Е
5 – С 5 – С
6 – А 6 – В
7 – В 7 – А
8 – Д 8 – С
9- Е 9 - Д

Дұрыс жауаптарды бағалау:
8-9 дұрыс жауап - "5"
6-7 дұрыс жауап - "4"
4-5 дұрыс жауап - "3"
Категория: Физическая культура | Добавил: АбМухаметкали
Просмотров: 4301 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 1:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru