Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Английский язык

1 сабақ бойынша есеп
2014-01-19, 0:06 AM
7 «а» класында өткен «Films» тақырыбындағы сабақтың рефлексивтік есебі

“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”
Ж. Аймауытов

Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі баршаға мәлім. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Елбасы халыққа арнаған бір Жолдауында тілдердің үш тұғырлығы жайында сөз қозғаған еді. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тіл саналатын қазақ тіліне қоса, орыс және ағылшын тілін білуі керек. Елбасымыздың көтерген осы үш тұғырлы тіл саясаты егемендігіміздің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайындағы қажеттіліктен туған қадам екендігі айдан анық. Бір кезде ұлы Абайдың «орыс тілін үйрен, ғылым да, мәдениет те, білім де бәрі орыста тұр» деген сөзі сол замандағы қажеттілік болатын. Ал, бүгінгі қажеттілік ағылшын тіліне ауып тұр. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы баспасынан шыққан «Ағылшын тілін оқыту бағдарламасында» шетел тілі оқу пәнінің жалпы мақсаты «көптілдік тұлғаны қалыптастыру: әлемдік мәдени құндылықтарды бағалау, мәдениет диалогы арқылы өз елінің мәдениеті туралы білімін кеңейту, дүниеге гуманистік көзқарасты тәрбиелеу» деп көрсетілген. Осы сөздерді негізге ала отырып, өзім Кембридж тәсілі бойынша оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде қолданудың тиімділігін мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы мақсатта 7 «а» сыныбына ағылшын тілі пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспар бойынша үшінші сабағым «Films» тақырыбында өткен болатын. Сабақтың мақсаты: оқушыларды кино жанрларының ағылшын тіліндегі атауларымен таныстыру және оларды меңгерту; Past Simple және Past Continuous шақтарын салыстыра отырып, олардың айырмашылығын анықтау және дұрыс қолдана білу дағдыларын дамыту. Атақты ағылшындық әртістер Р.Паттинсон мен Д.Рэдклиффтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Сабақтан күтілетін нәтиже «Оқушылар кино жанрының ерекшелігін түсінеді. Ағылшын тілінде кино жанрларының атауларын біледі, оларды сөйлеуде және жазуда қолдана алады. Past Simple және Past Continuous шақтарын еске түсіреді, оларды ажырата алады, салыстыра алады және қолдана алады» деп алдым. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы 13-14 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым. Оқушылармен, жаңа күнге сәттілік тілей отыра, амандасып, сабаққа қатысымын тексеріп, оларды топқа бөлдім. Топқа бөлуді төмендегідей жүргіздім: оқушыларға «comedy», «cartoon», «western» деген жазулары бар кеспе қағаздарды таратып шықтым. Олар осы сөздер бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа өз топ басшыларын таңдауды ұсындым. Топ басшыларына өз топ мүшелерін бағалау парағын таратып, сабақтың әр кезеңінде өзара бағалауды орындап отыру тапсырмасын бердім. Осыдан кейін үй жұмысын тексеруге көштік. Үй тапсырмасына оқулықтан 17-жаттығу және қосымша тапсырма ретінде Ұлыбритания мен Қазақстандағы спорт түрлеріне шолу жасап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы жазып келу берілген болатын. 17-жаттығудың дұрыс жауабын интерактивті тақтадан шығарып, оқушыларға дәптерлерін сағат тілі бойынша ауыстырып, өзара бағалауды тапсырдым. Қосымша тапсырманы тексеру «Автор орындығы» стратегиясы арқылы жүзеге асырылды. Әр топтан бір оқушыдан тапсырманы оқуды сұрадым. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты. Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деген (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 24 бет). Үй тапсырмасын сұрау барысында Ақнұр есімді оқушым өзінің ерекше дайындығымен мені таңқалдырды. Ол үй тапсырмасын мәтін ретінде жазып, соған қоса Венн диаграммасын да дайындап келіпті. Осыдан мен оқушыларда «өзін-өзі реттеу» мен «өз-өзін таныта білу» деңгейінің қалыптасып келе жатқанын байқадым. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың бойында өз күшіне деген сенімділік артты.
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстырмастан бұрын ой қозғау мақсатында «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым. Оқушыларға кестенің бір бағанында жазылған кино жанрларының атауларын екінші бағандағы анықтамалармен сәйкестендіруге тапсырма бердім. Олар бұл тапсырманы жылдам әрі қызығушылықпен орындады. «Тірек суреттер бойынша сөйлеу» стратегиясын пайдаланып жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне анықтаттым. Ол үшін атақты екі ағылшындық әртістердің суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, оқушылардан «Олардың аты кім?», «Мамандықтары қандай?», «Олар туралы не білесіңдер?» деген сұрақтар қойдым. Шет тілі болғандықтан оқушыларға өз ойын жеткізу қиындық туғызады, себебі олардың сөздік қоры аз әрі олар қате жіберуден қорқады. Осы әдісті қолдануым оқушылардың ағылшын тілінде өз ойларын еркін айтуына, тілдік тосқауылды жеңуде ілгері қадам жасауына талпындырды. Тақырыпты анықтап болған соң мәтінмен жұмыс жасадық. Үш топ та екі әртістің өмірбаяны мен еңбектері туралы жазылған мәтіндерді оқып шығып, оны алдымен жұпта, кейін топта талқылады. Талқылау аяқталған соң 1-топқа Р.Паттинсон, 2-топқа Д.Рэдклифф туралы таныстырылым дайындауға, ал 3-топқа осы екі әртісті салыстырып Венн диаграммасын жасауға тапсырма бердім. 3-топ Венн диаграммасын жасаған кезде екі әртіске ортақ нәрсеге оқулықта берілмеген мәліметті жазған, яғни олар екеуі бір фильмде басты рөльдерді сомдағанын айтып кетті. Бұл оқушылардың сыни ойлауының қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін. Топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын сергіту сәтін ұйымдастырып отырдым. Осы сабағымда сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін мәтінге байланысты жаттығу орындалды. Бұл жаттығудың шарты бойынша оқушылар берілген сөйлемдерді мәтіннің мазмұнына сәйкес True (дұрыс), False (бұрыс) және Don’t know (мәтінде айтылмаған) деп белгілеп шығу керек. Жаттығуды оқушылар жеке орындады, бұл көп уақытты алған жоқ. Жаттығудың дұрыс жауабын интерактивті тақтадан көрсетіп, өзара тексеру жүргіздік. Өткен грамматиканы еске түсіру үшін оқушыларға ереже жазылған кеспе қағаздарды таратып беріп, өздеріне оқып шығуға уақыт бердім. Осыдан кейін осы грамматикалық материал бойынша жаттығуды оқушылар өз беттерімен жеке орындады, бұл тапсырма да өзара тексерілді. Ережені өз беттерімен оқығанның кемшілігі болды ма деп ойлаймын, үлгерімі төмен оқушылардың басым бөлігі жаттығуды қате орындады. Келесі сабақтарда осы жағдайды ескеріп, ережелермен жұптық, топтық талдау жүргізу керек екенін түсіндім. Дарынды оқушыларым Раушан мен Бекнұрға басқа қиынырақ тапсырма беріп, олардың жұмыстарын өзім тексеріп шықтым. Сабақты бекіту мақсатында 5 сұрақтан тұратын тест беріп, жауабын интерактивті тақтадан көрсетіп, оқушылар өздері тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет)» екенін ескере отырып, сабақ соңында топ басшыларынан бағалаулары жайлы сұрап, өзім де ойымды айтып, жиынтық бағалау жүргіздім. Сабақтың нәтижесінде бұрын ағылшын тілі пәніне қызығушылық білдірмей, сабақта белсенділік танытпаған оқушылар енді өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше тапсырмаларды орындауға белсенді қатысып отырды. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін ашатын, дарынды оқушыны әрі қарай жетелейтін, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау және алдағы сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушыларға стикерлерге «Не түсіндім? Нені түсінбедім?» сұрақтар аясында жауап жазып, оны тақтадағы плакатқа сабақ соңында жапсыруларын және өз білімдерін бағалау экранында смайликпен көрсетуді сұрадым.
Өз сабағымды талдай келе оның сәтті және сәтсіз өткен тұстарына тоқталайын. Сабақта жаңа тәсілдерді қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жеке, жұпта, топта оқу-жазу әрекеттерін іске асырды, әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым. «Бала жаны көрнекілікті жақсы көреді» демекші, сабағымда интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды көрнекі түрде көрсету және жаттығуларды тексеруде пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті. Ал сабақтың сәтсіз тұстарына келетін болсақ, жоғарыда айтылып кеткендей менің жұмысты ұйымдастыруда ескермеген нәрселерімнен болар, сабақ соңында күтілетін нәтижелерге сынып толық жете алмады. Бұл кемшілікті жою үшін үлгерімі нашар оқушылардың деңгейін ескере отырып, жеке жұмысты жандандыру керек және тапсырмалардың орындалуына берілген уақытты тиімді пайдалана білуге дағдыландыру қажет деген ой түйдім.
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану дәуірінде мұғалім бәсекелестікке лайықты тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Ол үшін мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым.
Категория: Английский язык | Добавил: Айнур7598
Просмотров: 8385 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.6/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 8:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru