Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Английский язык

Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті »
[ Скачать с сервера (8.3 Kb) · Скачать удаленно () ] 2015-01-21, 10:32 AM
Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті »

Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, жүрек шар, сандар.

Түрі: презентация сабағы.

Барысы:

І. Мұғалімнің сөзі:

Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Аяжан:

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

ІІ. «Сандар сөйлейді»
6 9 1989 1990 1991 3 1

6 – 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

9 – 9 жыл. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1989 – 1989-1991 жылдары Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы.

1990 – 1990 жылдың сәуірінен — Қазақстан Республикасының президенті.

1991 – 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетті.

3 – 3 қызы бар. Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, Әлия – бизнеспен айналысады.

1 - Бірінші президент



ІІІ. Президент өмірбаянынан мағлұмат.

Мұғалімнің сөзі: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» фильмытуралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға былтыр шықты. Оны сендер тамашаладыңдар. «Темір тау» және «Отты өзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.
(видео көрсету)

Айнур:

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Гүлзада:

Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!

Айман:
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.
Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған. Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.
«Жақсыдан бақ қалады»
«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»
«Тәрбие ошағы – мектеп»
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
«Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»
«Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні. (Әндерді тыңдату.)
Гұлнур:

Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.

Жұлдыз:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Ү.Шын жүректен

- Балалар, сендер білесіңдер биылдан бастап 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрек шарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.

Бейбітгүл:

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

ҮІ. Қорытынды:

1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Мұғалімнің сөзі: Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Қазақстанның азаматтары!

(Сабақты Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтау)

Т-62 топ жетекшісі Ж.Бекжанова


Жәнібек колледжі



Бекітемін ________
Г.С.Қуанышкалиева
Колледж директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

« Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті »
(презентация сабағы)





Өткізген: Т62 топ жетекшісі Бекжанова Ж.Н.








Жәнібек- 2013 жыл
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы суреттер
Категория: Английский язык | Добавил: Nureke89
Просмотров: 1321 | Загрузок: 316 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 3:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru