Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
[ Скачать с сервера (45.5 Kb) ] | 2012-02-17, 12:08 PM |
Сабақтың тақырыбы: Адам басының негізгі мүшелері. Мақсаты: Адам басының негізгі мүшелері, құлақ,мұрын,ауыз,көзді дұрыс салу,қағаз бетіне дұрыс орналастыру. Білімділігі: Бөлек салып олардың бас мүшелерінің элементтерін дұрыс салу, көлеңке жарық арқылы оларға дұрыс пішін беру. Дамытушылығы: Сурет салу барысында шеберлікке, көркемдік талғамға, ойлау қабілетін арттыруға,ой-өрісін өсіріп, адам келбетін дұрыс бейнелеуге үйрету. Тәрбиелігі: Тазалыққа,сұлулықты қабылдауға, эстетикалық тәрбиеге үйрету. Сабақ түрі: түсіндірмелік,сарамандық жұмыс Пән аралық байланыс: Сызу,Геометрия,Математика,Пластикалық анатомия. Қажетті құралдар: Қарындаш,қағаз,өшіргіш Көрнекіліктер: Сурет салынған плакаттар, оқулықтар,тақта,бор. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеу,құралдарын тексеру. Жаңа сабақ:Адам бетінің мүшелерін белгілеу Сурет өнерінің ең қиын түрі «Портрет жанры».Бұл жанрды суретші өте шебер адам баласының ұқсастығын,әдемілігін дұрыс салып,оған әр адамға өз мінезін беріп бейнелеу керек. Мұндай жанрмен көптеген суретшілер айналысқан. Жаңа өрлеу кезінен Леонардо Да Винчи,Мекелоанжило,Рафаэль.Бері қарай орыс суретшілері Репин,Серов,қазақ суретшілерінен Шоқан Уалиханов,Ә.Қастеев,О.Таңсықбаев,Ү.Әжіков т.б. Қазіргі заманғы суретшілер Қ.Оразғалиев,Қ.Мәдір,ағайынды Жардемовтар.Біздің ауылдағы марқұм Құрмаш ағайдың, сонымен бірге Төлебек ағайдың туындыларын айтуға болады. Сонымен енді бүгінгі сабағымыз адам басының негізгі мүшелеріне жеке-жеке тоқталайық. Көз–– Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды,ал көз шарасының пішіні төңкерілген призмаға, жиек сызықтары төрт бұрыш пішіндес болады. Көз ортасынан ось сызығы өтеді. Көз адам баласының жанары,жарық нұры. Көзге қарап адамның көңіл күйін,ауыруды, қуанышпен-қайғыны , қорқынышпен-шаттықты айырған. Ауыз–– алдынан қарағанда параллелипепидке немесе ромбыға ұқсас,ал қырынан қарағанда үш бұрышқа ұқсас болады. Сондықтан оны бейнелегенде геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеу қажет. Мұрын– жалпы формасы призма пішіндес. Мұрын қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұстары тарылып,орта ені кеңейіп,ұшына келгенде домаланып,сүйірленіп бітеді. Құлақ– жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді. Кейде оны салғанда жарты шеңберге ұқсатып сызуға болады.Құлақ сырғалығы дөңгелекке ұқсас. Осылай адам басының негізгі мүшелерін бөлек-бөлек салу арқылы адам бет әлпетін дұрыс және толық салуға машықтануға болады. Жаңа сабақты бекіту: Мұрын ұзындығы құлақпен бірдей.Ал құлақтың ұзындығы қабақпен мұрынның төменгі деңгейімен бірдей.Ауыз мұрын мен құлақтың 3/1 тең. Екі көздің ортасындағы қашықтық көздің ұзындығымен бірдей.Мұрынның ені көздің ішкі деңгейімен бірдей. Ауыздың ұзындығы көздің қарашығының ортасына тең келеді. Қорытынды: Бүгінгі сабақтан сұрақтар қойып оқушылар білімін тексеру. Қолданылған әдебиеттер: 1 «Сурет сала білесіңбе?»Ә.Төлебаев Алматы.1980ж. 2 «Адам басының қаңқасын бейнелеу»Т.Қазанқапов Алматы «Атамұра»2001ж. 3 Мектеп оқулығы «Бейнелеу өнері» Қ.Болатбаев. Ұ.Ибрагимов Алматы «Атамұра»2001ж. ЖӘНІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖҰМЫСТАР ОРТАЛЫҒЫ Үйірме жетекшісі: Лұқпанов С.С. Жәнібек 2012ж. | |
Просмотров: 2993 | Загрузок: 287 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|