Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
[ Скачать с сервера (34.0 Kb) ] | 2012-02-17, 1:32 PM |
Белшілі күйші-композиторлар( 9 класс) Касенова Айман Тенеловна, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, №25 арнаулы орта мектебі, Ақтөбе қаласы Мақсаты: 1. Оқушыларды белгілі күйші, композиторлармен әңгіме, фонохрестоматия арқылы таныстыру. 2. Лексикалық тақырыпты пайдаланып, оқушылардың сөздік қорын, тілдерін дамыту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру, сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету . 3. Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығу сезімдерін ояту. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру а/ амандасу ә/ реттеу б/ музыка тыңдау, сабақтың мақсатын хабарлау Балалар, тыңдағандарымыз не? - Күй. - Күйді немен орындайды? - Домбыра, қобыз, шаңқобыз. - Күйді орындайтын кімдер? - Күйшілер. - Музыка шығаратын адамды кім дейміз? - Композитор. - Дұрыс. Осыған орай біздің бүгінгі сабағымыз белгілі күйші, композиторлар туралы болады. 2. Үй жұмысын тексеру а/ Үйге берілген тапсырма: алдын-ала презентация дайындап келу. («Белгілі, күйші композиторлар» презентация) 3. Жаңа сабақ а/ Мұғалімнің сөзі( қосымша мәлімет беру) ә/ жаңа сөздерді іріктеу, түсіндіру күйші-создатель кюя, исполнитель кюя жақындастыра түсу- приблизить ерекшелену-выделяться күй шығару- создавать кюи қарапайым-простой зеректік-способность ұсыну-вручить б/ топтық жұмыс (сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтініндегі тапсырмаларды орындайды.) І-топ «Дәулеткерей Шығайұлы», «Сүгір Әлиұлы» мәтіндерін оқып, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасау, Венн диаграммасын жасау. ІІ- топ «Дина Нұрпейісова», «Нұрғиса Тлендиев» мәтіндерін оқып, аудару, Денотат граф сызбасын толтыру, құрмалас сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасау. в/ «Орамал тастау» ойыны 1. Ұлттық аспаптарды ата. 2. Күйді немен орындаған? 3. Дина Нұрпейісова кімнің күйлерін үйренеді? 4. Дәулеткерейдің күйлерін ата. 5. Қазақстан Республикасының Әнұранына музыка жазған композитор кім? 6. Қазақ композиторларынан кімдерді білесің? 7. Қобыздың атасы кім? 8. Музыканы кімдер зерттеді? 9. Ноталарды атап бер. 10. Нұрғиса Тілендиевтің жетекшілік еткен оркестрі қалай аталады? 11. Қазіргі заманда халық музыкасы, әсіресе термелер қандай әдіспен орындалады? 12. Оркестрді кім басқарады? 4. Бекіту а/ «Артығын тап»: 1.Құрманғазы, Дина, Абай 2.Домбыра, қобыз, балалайка 3.Салалас, сабақтас, толымды 4.және, сондықтан, әрі ә/ «Бос орынды толтыр» 1. Қол өнері- .....(кілемде), Сөз өнері- .....(өлеңде). 2. Жақсы музыканың астына ....(жыландар да) билейді. 3. Музыкасыз .....(өмір) мәнсіз болады. 4. Музыка- ауа .....(поэзиясы). 5. Нағыз қазақ -......(қазақ емес), Нағыз қазақ-....(домбыра). Домбыраның таза үнін естіп көрейік(ГауҺардың орындауында күй) б/қорытынды Сонымен, балалар, бүгін біз не туралы айттық? Қандай күйші-композиторлар туралы білдіңдер? Қазіргі кезде қазақтың халық музыкасы қалай насихатталып жүр? (деко әдісі туралы) в/ бағалау 6. Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша викторина сұрақтарын дайындау 7. Сабақтың соңы | |
Просмотров: 1723 | Загрузок: 314 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|