Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық суретшісі Қанапия Телжановтың шығармашылық портреті
[ Скачать с сервера (64.5 Kb) ] 2013-02-13, 10:07 PM
Құмашев Жасұлан.Амырханұлы.
ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектептің
сызу және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық суретшісі Қанапия Телжановтың шығармашылық портреті
Сабақтың мақсаты: Қ.Телжанов шығармашылығы мен оқушыларды таныстыру, шығармаларын талдау арқылы мазмұнын түсіну.
Әдісі: талдау, баяндау, түсіндірмелі сипаттау.
Көрнекілігі: «Қ.Телжановтың портреті, слайтта , плакатта «Қ.Телжанов – реалистік өнердің асқақ туын алға лайықты жалғастыратын жас толқынның көрнекті өкілдерінің бірі » Б.В.Иогансон.
Көрнекті құрал-жабдықтар: Проектор, картина үлкейтіп көрсетуге арналған экран, Қ.Телжановтың «Жамал», «Алғашқы сынақ», «Қазақстан 1918 жылы», «Атамекен», «Көкпар» және «Ән бастаушы» картиналарының репродукциялары.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Жаңа сабақ:
Күйтабақтан Н.Тілендиевтің «Көшкеруен» күйі ойналады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар! Күллі Қазақстан халқымен бірге мәдениет пен өмір қайраткерлері өздерінің бар күшін, жігерін, бар талантын Отанымыздың өркен жайып, гүлдене түсуі жолындағы ұлы да ізгі мақсатқа жұмылдырып, шынайы шығармашылық шабытпен еңбек етуде. Көркем сөз, сан құлпырған бояу ажары, тасқа жан бітіргендей, шеберлік үйлесімді үн сазы замандастарымызға шабыт беретін, біздің ұрпақ туралы, біздің заманымыз туралы, оның толғаныс-тебіреністері мен жеңіс табыстары туралы жан мен жүрек естеліктерін келешек ұрпақтарға жеткізетінін біз жақсы білеміз.
Қазақстанның өнер шеберлері өскелең мәдениетіміздің мәртебесін биіктетіп, оған қомақты үлес қосуда.
Қазақстан өнері жыл сайын жаңа қырымен жарқырай көрініп дамуда. Біздің әртістеріміздің, музыканттарымыздың, суретшілеріміздің, кино шеберлерінің есімдері халықаралық деңгейде кеңінен таныла бастады.
Балалар! Бүгін біз Қазақстан бейнелеу өнерінің белді өкілі, Қазақстанның халық суретшісі Қанапия Телжановтың шығармашылық жұмысымен танысамыз.
Оқушы, Қанапия Телжановтың қысқаша өмірбаянын оқып шығады.
Экранға проектормен Қ.Телжановтың «Жамал» картинасы үлкейтіліп көрсетіледі.
1-оқушы: (қолында көрсететін таяқша) ...Дүние не деген шырайлы, нұрлы еді. Бар маң тазалық пен тұнықтықтың, пәктік пен мөлдірліктің рухына балбырап тұр. Жасыл майса шалғын үстінде жұп-жұмсақ жібек самал еседі. Сол самал әлемнің саясына тұла бойы айқын армандарға, ақ тілек сезімдерге малынып жап-жас қыз отыр.
Тізесін құшақтаған күйі шағын ошақтағы отқа тесіле көз тіккен қыз бейнесі ерекше әсерлі. Өңінен әлі балалықтың табы кете қоймаған оның кіршіксіз көңілінде туындаған көбелек қанат армандар қандай аяулы еді.
Сіз кішкене көкіректе үлбіреген әсем қиялдардың оны ту алыстарға, аңсаулы да асыл мақсаттарға әкетіп, бақыт туралы ардақты ойларға қол создыратынын сезгендей халдеміз. Өмір мен тіршіліктің шадыман сәттері туралы нәзік толғаған жүрекжарды сырларды, қастерлі тебіреністерді түйсінесің.
Көз алдымызда тұла бойы нұрлы үміттер мен жарқын армандарға толы сарбаз келісім.
2-оқушы: Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясының қалаулы мүлкі болған осы шағын суретті Қанапия Телжанов сонау шығармашылық қызметінің алғашқы кезеңінде сомдапты. Одан бері суретші шығармасында көркемдік сапасында көркемдік сапасы жоғары, келбет – келісімі бап келіскен әлденеше шығармалар дүниеге келді. Жұртшылықтан биік баға алғандары қаншама. Әйтсе де, Телжановпен әңгіме –дүкен сәттерінде әрдайым байқалар бір жайт – оның туынды төңірегінде ерекше ықыластана сөз ететіндігі, өн бойынан жібек самал ескендей жұмсақ реңді туындыға деген суретші пейілінің бөлекшелігі.
3-оқушы: Оның аты –«Жамал». Көбімізге бұл туынды Телжанов есімін одақтық деңгейге тұңғыш рет кеңінен танымал еткен кескіндемелік дүние ретінде жақсы таныс. Суретші үшін оның ерекше мәні – тек бұл қасиет-сипаттармен ғана өлшенбейді. Ол сонымен бірге Қанапия Телжановтың қылқалам қарымын таныта бастаған жас шағында аяулы анасына ардақтай бағыштаған еңбегі де еді. Әрі оны суретші өзі үшін ең қастерлі де қымбат есіммен «жамал» деп атаған.
4-оқушы: «жамал» - әзіз анаға арналған ескерткіш. Сондықтан да, «жамал» туралы әңгіме қозғала қалса, суретшінің есіне анасы түседі, анасын ойлағанда балалық шағы келер көз алдына.
5-оқушы: 1955 жылдың көктемінде Қанапия бір топ суретшілермен бірге Қапал маңындағы Қора деп аталатын табиғаты әсем тау жазығына этюдтер жазу үшін арнайы барған. Бұл сапардың суретші үшін ең маңыздылығы сол – ол осы сапарында қазақ өмірінің, дала тіршілігінің сыры мен сыны бұзылмаған қадау-қадау шынайы көріністері мен бірінші рет етене жақын ұшырысқан еді. Тау басындағы жер жаннатындай сұлу жайлау, жайқалған жасыл шалғын, кәусәр бұлақтар, малшылар тіршілігі, тұп-тұнық саумал ауа – бәрі-бәрі жас суретші көкірегіне айрықша бір асыл сезімдерді қаулатып шабытқа кенелдіргендей. Осындай көтерңкі көңіл күй мен ол ошақ басында отырған кішкене қыздың бейнесін этюдке түсіреді. Аса бір жүрек-жарды ықыласпен, ынта-ниетпен кескінделген, табиғаттың төл перзенті іспеттес шопан қызы. Оның көкейінде көптен ұялап жүрген аяулы да, ардақты тақырыпқа қозғау салған еді.
6-оқушы: Алматыға келгеннен кейін суретші сол этюдты туындыға айналдыруға кіріседі. Көп ұзамай дүниеге өн бойы жарқын да шадыман сезімдерге, аялы қасиеттерге толы шығарма келген.
7-оқушы: Біз алғаш сөз бастағанда тілге тиек болған «жамал» осылай туған еді. Бұл сәулелі туындының кейіннен қазақ бейнелеу өнерінің үздік туындыларының бірі ретінде биік кескіндемелік сапалары мол дүние екендігінің айғағы болатын.
Марат Омаровтың «Анашым менің» әні таспатан тыңдалады.
«Алғашқы сынақ» картинасы
1-оқушы: «Алғашқы сынақ» - суретшінің Алматыға келгеннен кейін сомдаған бірінші туындасы. Қарапайым ғана сюжет. Рояль жанында ән пәнінен сабақ беретін мұғалима отыр. Оның алдында қабырғаға тақала ерекше қысылып, қымтырылған кішкентай ұяң қыз. Ол бірінші рет ән сабағынан сынақ тапсыруға келіп тұр. Үстінде апасы әсемдеп тігіп берген, ашық бояулы, әшекейлі камзол шапан, басында зерленген үкілі тақия. Есік саңылауынан оның тілеулес құрбы достары сығалайды. Ауылда өскен қыздың үлкен өнер әлеміндегі алғашқы қадамы, имене аттаған сәті бұл.
2-оқушы: суретші бір қарағанда елеусіздеу жайдан әлеуметтік мәні бар тақырып тарқатады. Ол халқымыздың көптеген әнші өнерпаздарына тән өмірбаянының бір үзігі тәрізді. Расында да, есімі елге танымал талай дүлдүлдерінің, талай Күләштар мен Бибігүлдердің өнердегі алғашқы қадамдары осындай ұяң сәттерден басталған жоқ па еді.
3-оқушы: 1954 жылы Бүкілодақтық көрмеге қойылған бұл туынды көпшіліктен жоғары баға алды. Әйгілі суретші Б.В.Иогансон оны көргеннен кейін Телжановты реалистік өнердің асқақ туын алға лайықты жалғастыратын жас толқынның көрнекті өкілдерінің бірі ретінде атаған.
Экранда «Қазақстан – 1918 жылы» картинасы.
1-оқушы: «Қазақстан - 1918 жылы» - суретшінің қазан көтерілісінің 40 жылдығы қарсаңында сомдаған туындысы. Даланың бір түпкірінде жатқан ауыл дүрлігіп қалған. Оларға революция сарбаздары, қызыл әскер келе жатыр. Сарбаздарды қарсы алуға шыққан ауыл адамдарының бейнелерінен сол кезеңнің дүрбелең тынысы сезілер. Желбіреген қызыл тулы отрядқа деген жұрттың көзқарасы қилы-қилы. Бірқатар адамдар оған қуана, үміттене қараса, енді біреулерді мазасыздау күйге ұшыраған. Қызыл әскерлерге қарсы жүгірген жастар тобы мен оң жақ тұста теріс айналған бай мен молда бейнесіне дейінгі екі арада әр түрлі мінездер ауасы көлденең тартылады. Туындыда суретші сюжет үйрету әдісі мен бейнелеу өнеріндегі режиссуралық тәсілдерді тиімді де сәтті қолдана білген.
«Атамекен» картинасы.
1-оқушы: Халық өміріндегі елеулі оқиғаларға зерделі назар аударып отыру, олардың мәні мен мағынасын көркем пайымдап, бейнелі түрде шеше білуге ұмтылыс . –суретшінің әрдайым алға қойып келе жатқан мақсат-мүдделерінің бірі.
2-оқушы: Осы ретте Телжанов шығармасында оны 1958 жылы сомдаған «Атамекен» шығармасының алар орны ерекше.
3-оқушы: Тың жерлерді игерудің Қазақстан экономикасын, ғылымы мен мәдениетін одан әрі шарықтатып дамытуды қамтамасыз еткен аса игі шара болғандығы ұлы ақиқат.
Экранда «Атамекен» картинасы көтеріледі.
4-оқушы: Жаңа ғана айдалған жердің шетінде, емін-еркін қаулай өскен қалың боз бен селеудің ортасында қолдан құйылғандай боп бір салт атты тұр.Басынан өмірдің ыстық-суығын көп өткерген тұлғалы кейіпкер,мынау маң дүзге, өзінің ата-бабасының кіндік қаны тамған, олардың нешеме ғұмырлары, сан жорықтары мен шайқастары өткен шежірелі далаға емірене қарайды, талай асуды ауыздықтап, талай тұлпарға құрық салған салалы саусақтарын тізесінің үстіне тастай салып, жалпақ та шалқар даланың ұшы-қиырсыз алып кеңістігін пайымды жанарымен ардақ тұта сүзеді.
5-оқушы: Туындыға зерделеп көз салғанда, оның өң-бедерінен көзге аса байқала бермейтін майда да нәзік қозғалыстарды түйсінгендей болатыныңыз бар. Ол кейіпкерлер жан дүниесіндегі қайшыласқан қым-қуат тартыс, күдік пен үміттің бірте-бірте шындық қасиеттерге, ғұмырлы сенімге ауысатыны. Салт аттының қатулы жүзі мен бітіміндегі дүниеге шыр етіп келгеннен бері төсінде тірлік кешкен далаға деген қимастық көңілдің сол құла дүзді бағындырған адам құдіретіне тәнті болу, оған құлай бас ию сезіміне алмасатын. Көнекөз қарттың кіндік қаны тамған селеулі далаға, ата-жұртына аңсары ауа қарауы – оның сол туған жерінің нұрлы болашағына ардақтай сенген батагөй пейіліне ұласа береді.
6-оқушы: Бұл – қазақ бейнелеу өнеріндегі тың жерді көтерудің асқақ та тарихи мәнін кең ашып көрсете алған туындылардың бірі ғана емес, бірегейінің тебірене толғар сыры, тың тақырыбын суретшілер шығармашылығында бұрын байқалмаған тосын әдіс-тәсілдерімен шешудің толымды үлгісі ретінде көрінген эпикалық сырындағы тұлғалы дүниенің ортаға тартары.
7-оқушы: Экранда «Көкпар» кртинасы.
1-оқушы: Жаз шығысымен этюд іздеп сапарға кеткенді жөн көретіні бар. Ел аралап, жер көріп жүріп, болашақ туындыларының дүниеге келуіне қозғау салатын сюжет іздейді, халық өмірімен қоян-қолтық араласады, натура байыптайды. Бірде осындай көп сапарларының бірінде думанды тойдың үстінен шығады. Сонда тойдағы дүйім жұрттың делбесін қоздырған көкпар ойыны суретшіге ерекше әсер қалдырады. Алматыға қайтып оралысымен осынау жүректілер мен білектілердің тартысты ойынын қылқалам тіліне көшіруге қызу кірісіп кетеді. Екі жылдай уақыттан кейін дүниеге «Көкпар» атты кең тынысты, монументалды шығарма келген.
2-оқушы: Тура көрермендерге қарай салт аттылар арындап келеді. Сәл болмаса таптап кетердей. Жойқын шабыстың екпіні алапат туындыны бетінен ат тұяғының дүрсілі, көкпаршылардың сүреңіткен айқайы құлаққа келгендей.
Уа, шіркін, көкпар десе ішкен асын жерге қоятын одан артық қиқулы дода бар ма, сірә!? Дәл осы, тұжырымды суреттегі бүкіл тұла бойымен шамырқанып, тасқындап келе жатқан ортадағы қызыл көйлекті кісінің болмыс-бітімін айқын аңғартар еді. Бүкіл туындыдағы қою қозғалыстың, шымырта ширақ әрекеттің эмоциялық төркіні де осы сіңір білекті көкпаршылардан тарап жатыр.
3-оқушы: Бұл оның өзімен тізе қағысып, жақындаса жұлқыласқан қарсыласының қолынан ақ серкені сығымдай жұлып алып, қаумалаған топтан енді сытылып, дербес шыққан беті. Мәртебелі жеңіс сәті. Астындағы көз ұясы адырайып, танауы делдие ауыздығымен алысқан арғымақтың аяқтарын көсіле тастап алға қарай атылуын-ай! Ол да қызу тартысқа елігіп, еліріп кеткен.
4-оқушы: Дала бетіндегі жұмсақ шаңды ұйтқытып, басын шұлғып арындай шапқан ақбоздың үстіндегі көкпаршы шаттығында шек жоқ. Осынау отан жілікті марқасқалардың арасынан серкені алып шыққанына алабөтен қуанышты. Екі қолын көкке лақтырып жіберіп, тасып барады. Әйтсе де, тартыс әлі саябырсымақ емес. Оның тақымындағы олжаға ұмтылушылар көп-ақ, әсіресе, оң жағынан бастырмалатып таяп қалған жирен аттың екпіні тым адуынды. Бүкіл денесімен алға қарай еңсеріле ұмтылып, қарсыласының тоқымындағы серкені жанарымен сүзген күйі тайталасты доданы қайтадан жаңғыртуға құлшынып, арындап келеді.
5-оқушы: «Көкпар» кең қорымды композициялық құрылысымен, әрлі ұлттық колоритімен ерекшеленеді. Суретшінің бейнелеу өнеріндегі бұл компоненттерді қою да қанық сипатта орындалуы халық арасында сонау замандардан бері ұласып келе жатқан батылдар мен батырлар ойының эмоциялық сапада көрініс беруіне көп септігін тигізген.
«Көкпар» картинасы талданып жатқан кезде күйтабақтан Құрманғазының «балбырауыны» ақырын естіліп тұрады.
Соңынан бір топ оқушылардың орындауында халық биі «Қара жорға».
«Ән бастаушы» картинасы.
1-оқушы: «Ән бастаушы» - суретшінің «Күрес осылай басталады» триптихының орталық бөлігі.
2-оқушы: Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясының қалаулы мүлкіне айналған триптихтың бұл бөлігі бүгінде еліміздің өнерсүйер қауымына кеңінен танымал.
1-оқушы: Міне, бүгін де ол шеберханасына асыға жетті. Әлденеше күн бойы қолы босауға мүмкіндік болмаған. Мұражайда Аргентина бейнелеу өнерінің көрмесі ашылатын болды да, соны дайындау мен ұйымдастырудың машақатынан шыға алмады.
2-оқушы: Сырт киімін шешінді де, орта тұстағы сәкі үстінде аз-кем тыныс алды. Сосын мольбертте тап-таза боп керіліп тұрған аппақ мата алдына жақындады. Әйтсе де, бірден жұмысқа кірісіп кете алмады. Қылқаламын оңтайлап ұстаған күйі тапжылмастан біраз уақыт ойға шомып тұрып қалды. (Дүниеде жазушы үшін – бірінші сөйлемнен, суретші үшін – бірінші бояу жүргізуден артық қиын не бар екен, сірә?) Сәлден кейін ғана мата бетінде бір із түсті. Одан кейін екінші ... үшінші.. Қылқалам қимылы бірте-бірте жылдамдай берді.
Жаңа туындының ә дегендей тәй-тәй қадамы еді бұл.
Мұғалім сабақ аяқталғанын хабарлайды. Күйтабақтан Нұрғиса Тілендивтің «Көшкерун» күйі ойналып турады.

Әдебиеттер; Шығармалар жинағы.
Бат Қаз обл.
Жінібек ауданы.
Жәнібек ауылы.
Категория: Искусство | Добавил: Suyungali
Просмотров: 3434 | Загрузок: 185 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2025-12-28, 0:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru