Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
[ Скачать с сервера (43.0 Kb) ] | 2013-02-13, 10:10 PM |
НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ Құмашев Жасұлан. Амырханұлы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектептің бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәнінің мұғалімі. Сабақтың мақсаты: Натюрморт туралы түсінік беру. Натюрморт салдыру арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Сурет салуды ары қарай меңгеру. Эстетикалық талғамдарын арттыру, оны түсіндіру. Түрі:Жарыс сабақ. Әдісі:Топпен жұмыс. Типі:Пысықтау, жинақтау, шығармашылығын арттыру. Пән аралық байланыс:Тарих, математика. Көрнекілігі:Натюрморт салу кезеңдері көрсетілген суреттер, «Ордабасы » сызбасының эскиз суреті салынған плакат.Суретшілер шығармалары, сурет салуға арналған құрал жабдықтар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Негізгі бөлім. «Кім білгір» 1- белдем «Кім тапқыр» 2- белдем 3-белдем.Шығармашылық жұмыс 4-белдем «Кім жылдам» 5-белдем. Көрме ұйымдастыру. 1.Ұйымдастыру кезеңі.Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді, ол үшін екі топқа бөлінуіміз керек, өз топ басшыларын сайлап алыңыздар. Енді оқушылар, біздің еліміздің астанасы қай қала ?(Астана) Осы Астана қаласында, Есілдің сол жағалауында өзінің «Бұтақтарын жайып», «Астана- Бәйтерек» монументі бой көтерген. Тамаша сәулетті ғимарат. Біз осы «Бәйтерекке» ұқсас, тағы бір мұнараның эскизін қолданып жарысып оның биік ұшына шығып көрейік. Ол мұнара «Ордабасы» монументінің эскизі. Төменгі (жер асты) Ортанғы (жер бетінде) Жоғарғы (аспан әлемінде) Әр бір сайыста жеңген топ «Ордабасының» 1- белдеміне көтеріледі. «Ордабасы» биігіне қай топ бірінші шықса ,сол топ жеңімпаз атанып, қазақтың көкбайрағы түстес жалаушаны ұтып алады. Қосымша ойын сұрақ үлгісі. 11-Негізгі бөлім: 1-белдем «Кім білгір»- топ басшыларының сайысы. 1- топ басшысына; Кескіндеме шығармаларының техникаларын атап бер,(акварель, темпера, фреска, мозайка) 2-топ басшысына;Бейнелеу өнерінің түрлерін атап бер. (Ең дұрыс берілген жауап арқылы «Ордабасы» 1-белдеміне көтеріліп, өз топ белгісін қадайды.) 2-белдем: «Кім тапқыр» Жанр деген түсінік көбіне бейнелеу өнерінің түрлерінде кездеседі. Кескіндеме жанрына жататындар; Натюрморт, Пейзаж, Портрет,тақырыптық картиналар. «Жанр» атауы «Genre»- француз сөзі. Ол «түр», «тек» деген мағынаны білдіреді. Кескіндеме қолданылуына қарай монументті (сұңғақ), станокты, сәндік (дикоратциялы), театр, миниатюуралы нәзік сурет) топтарға бөлінеді. Мысалы;Бейнелеу өнерінің бір түрі осы кескіндеме бірнеше жанры бар.(Сұлбаны қараймыз). Сұрақтар екі топқа бірдей қойылады. 1.Кескіндеме дегеніміз не (Бұл жазықтық бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының беті) жағылған әр түрлі түсті бояау қабаттарының көмегімен жасалатын өнер шығармасы.) 2.Пейза, Портрет жанрларына түсініктеме бер. 3.Тұрмыстық, соғыс тақырыбына арналған жанрларға түсініктеме бер. 4.Натюрморт жанры дегеніміз не?(Оқушылардың жауаптарын тыңдап толықтыру) -Бүгінгі сабақта ерекше тоқталатынымыз натюрморт жанры. «Натюрморт»- француз сөзі, «өлі табиғат» деген ұғымды береді.Алғаш рет XVII ғасырда Голландияда пайда болған.Натюрмортта бейнеленген заттар арқылы заманымыздың тылысым- тіршілігін, табиғи өмір әдет- ғұрпын, салт- дәстүр, тарихын танып білуге болады. Натюрморт- дегеніміз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма.(19-бет. Сурет сала білесің бе ?, жаздыру тақтадан.) Ал еді А.Ғалымбаеваның «Дастархан»атты натюрмортында әсерлі берген. Күрең бауырсақ пен ақ құрт, ағаш тегенедегі сары қымыз, шақпақ қант пен үзіліп жатқан кеудірмек нан, дастархан шетіндегі торғын сүргі, бұлардың тұсындағы аяққап, осындай бір- бірімен жараса атасып, ел байлығын, қазақ дастарханының бір көрінісін бейнелейді. (Сұрақтарға жауап берген топты анықтап «Ордабасы» 2- белдеміне өз белгісін қадау). 3- белдем:Шығармашылық бөлім.Көлеңке мен жарық туралы айту плакат. - Оқушылар, мына өзіміз құрастырған натюрмортқа жақсылап қарап алайық. Мұндағы алма, қияр, ыдыс- біздің күнделікті көріп жүрген заттарымыз бен жемістер. Енді натюрмортты салу кезеңдерімен танысамыз. 1- кезең:Зат пішінін орналастыруын анықтау(компоновка). 2- кезең:Құрлымын табу(арақатынасын өлшеу, сызықтық қаңқасын сызу). 3- кезең:Пішінін айқындау(сомдау). 4-кезең:Суреттің аяқталуы.(Рең қоюлығын бағындыру). (әр топдың сурет салу жылдамдығын, дұрыс салуына басты назар аудару). 4- белдем: «Кім жылдам ?», «Натюрморт» сөзжұмбағын шешу. 1.Негізгі түс астар(фон). 2.Суға жақсы еритін бояу(акварель). 3.Сұйық қара бояу(тушь). 4.Кеуделік мүсін(бюст). 5.Бір түсті бояу арқылы орындалған сурет(графика). 6.Кеңістікте сомдалған көркем шығарма(Мүсін). 7.Әр түрлі маталарды жапсыру арқылы орындалған көркемдік жұмыс(коллаж). 8.Әшекейлі бұйым жасайтын адам(зергер). 9.Алғашқы негіз(түпнұсқа). (Ең көп және дұрыс жауап берген топ 4- белдемге көтеріледі). 5.белдем:Көрме ұйымдастыру, қортындылау.Ең үздік салынған суреттерге талдау жасау, көрмеге қою. ІІІ.Қортындылау бағалау:Жеңімпаз болған топ мүшелерін құттықтау. «Ордабасы» Биігіне жеңімпаз топқа тапсырылған жалаушаны қадау. Бағалау. IV-Үйге тапсырма беру.Натюрморт салу жемістерден. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы | |
Просмотров: 3099 | Загрузок: 422 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|