Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

"Ән көгінің сұңқары - Шәмші"
[ Скачать с сервера (23.6 Kb) ] 2013-05-05, 10:32 AM
Максутов Н.М.
Қарағанды қаласы
«№ 66 ЖББОМ» КММ
музыка пәнінің мұғалімі

Үйірме жұмысының тақырыбы:
«Ән көгінің сұңқары – Шәмші»
Мақсаты:
- Оқушыларға вальс каролі атанған Шәмші Қалдаяқов жайлы білім бере отырып, оның қазақтың ұлттық музыкасына, оның ішінде ән жанрына қосқан үлесін насихаттау;

Міндеттері:
- Композитордың өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыру арқылы оқушылар бойына қазақ әндеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, музыкалық білімділіктерін, ой-өрістерін дамыту.

- Әндерінің шығу тарихы туралы мағлұматтар бере отырып,оларды
музыканы терең түсініп, тыңдай білуге, орындай білуге үйрету;
- Шәмші ағаның патриоттық әндері арқылы Отанын, туған жерін,
халқын сүюге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер, қосымша техникалық құралдар:
Интерактивті тақта, видеоклип, техникалық аспаптар, слайд суреттер;

1.Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!
2.Қайырлы күн құрметті, оқушылар!
«Өнер әлемі » музыка үйірмесінің мүшелерінің күшімен дайындалған Қазақ вальсінің королі атанған, бүгінгі Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Ән көгінің сұңқары - Шәмші» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
I.(1 Слайд) Шәмшінің өмір тарихы мен шығармалары
1.Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас…

2.1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын да соны леп ала келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне (профессор В.В.Великановтың класы бойынша) қабылданды.

1.Ш.Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т.б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады.

2.Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы. Сазгердің «Ана туралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына-мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр.

1.Ш.Қалдаяқовтың көптеген әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш.Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш.Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілді. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.

2.Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау- фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.
2.Шәмшінің әндерінің шығу тарихы. (2 слайд)
1. Менің Қазақстаным әнінің шығу тарихын Шәмші былай деп айтқан екен: «Ақмоланы «Целиноград» атап, сол жақтағы 5 облысты 1 өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші боп жүрген кез еді. Қазақ жері осылайша бөлшектенңп жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын ән қажеттігін сездім. Содан Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған осы ән жарық көрді» дейді.1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы Республикасының алаңында бостандық аңсаған жастар осы әнді орындау арқылы өз арманын білдірген еді.
2. «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихын үнтаспа арқылы Жұмекен Нәжімиденовтың жұбайының естелігінен тыңдайық.
1.Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көрген әкесі қайтыс болғанда бейітінің басына үлкен кесене салдырды. Ал, өзін ақ сүтімен асыраған анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – «Ана туралы жыр» әні еді.
2.Үйірме мүшелері: Лаура Қалкенова, Дана Әшірбекова және музыка пәнінің мұғалімі Нығмет Максутовичтің орындауында «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.
1.Композитор трагедияға толы қылшылдаған 40 жасында 1970 жылдары 3-4 ай өмірін сығандардың арасында өткізген. Сыған арасында жүріп бір сыған қызы Изольдаға арнап «Сыған серенадасын» шығарды.
2.Шәмшінің 1956 жылы Алматыға келгендегі ал-ғаш шығарған әні – «Қаракөз». Бұл әннің сөзін жаз-ған ақын Ізтай Мәмбетов. Ізтаймен сол күндері танысқан Шәмші оған «Өлеңді тек қалалық қыздар-ға арнап жазыңыз. Мен бүгіннен бастап тек қалалық қыздарға ғашық боламын» депті.
1. Шәмші ағамыздың тағы бір әнін үйірме мүшелерінің орындауында қабыл алыңыздар.
«Бейбіт күн тілегі» 6 сынып оқушылары : Елеусізов Ғалымжан, Қалкенова Әсем, Сағындықов Ұлан.
2.«Арыс жағасында» атты әннің шығуына өзінің жерлесі Қалқожа Жолдықожаев себепкер болыпты. Ол «Өзіңіз Арыс жағасында туылдыңыз. Шәмші деген атыңыз бар. Қалайша осы күнге дейін Арыс бо-йында бір сұлу жолықпады сізге?» деген екен. «Сен менің нағыз «ауру» жерімді түрттің-ау» деп Шәмші ағамыз «Арыс жағасында» әнін шығарған екен.
1.Заманымыздың ғұламасы Мұхтар Әуезов «Шәмшінің «Ақмаңдайлым» әні ХХ ғасырдың төбесінен тамшылап тұрған лирика!» депті. Шәмші әндері ХХ-ХХІ ғасырлардың ғана емес, барша қазақ тіршілігінің төбесінен тамшылап тұрған мөп-мөлдір лирика! Халқымыздың біртуар арыс азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Үндістанға барған сапарында ол кісіні Шәмшінің «Бақыт құшағында» әнімен қарсы алыпты. Үлкен кісі өз естелігінде «Бақыт құшағында» әнін естігенде көзіме жас үйірілді. Аэропортқа жиналған елде есеп жоқ. Құшақтары гүлге, сан мыңдаған үнге тербеліп қазақ әнін қалықтата салған олар түгел қазақ болып кеткендей көрінді. Мен үшін бұдан асқан сый, бұдан асқан қуаныш жоқ еді. Дәл осындай рухани ләззатты бұрын-соңды сезінген емеспін» депті.
2. Кезекті Шәмші ағамыздың әніне берейік.
«Шынарым» - трио
III. Шәмші әндерін видиеоклиптан тыңдау;
IV. Қорытынды:
1.Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады.
2.Кешікпей келем деген өзің бе едің,
Періште елеңдеген төзімдерім.
Қалқиып қос құлағың көрінші бір,
Кім көрген ән-өмірдің көз ілгенін?

1.Сергіткен тіршілікті, арды оятып,
Тәуелсіз күн шуақты таңды оятып.
Халқымның құшағына сыймай кеткен,
Оралды Әнұран боп Қалдаяқов! – деп ақындарымыз жырға қосты.
Туған халқының ыстық құшағына сыймай кеткен Шәмші ағамыз ылғи да біздің ортамызда, біздің ыстық жүрегімізде.

2.Жаңа Гимн ресми түрде 2006 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі кезінде тұңғыш рет орындалды. Осы күні барша қазақ елі ел Президентімен бірге ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовты ұлықтады, ақиық ақын Жұмекен Нәжімеденовті ұлықтады! Міне, содан бері «Менің Қазақстаным» әні қазақ халқының кең де бейбіт аспанында Әнұран ретінде күн сайын шырқалып, қалықтап келеді. Күн сайын біз бәріміз Шәмшінің осы әнінен қуат алып, тіршілікке араласамыз.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Категория: Искусство | Добавил: Ныгмет
Просмотров: 3515 | Загрузок: 445 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 1:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru