Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
[ Скачать с сервера (159.3 Kb) ] | 2015-01-12, 7:57 PM |
ӘНШІ БАЛАПАН . 1-жүргізуші: Армысыздар халайық. 2-жүргізуші: Бармысыздар халайық. 1-жүргізуші: Тыңдап өскен жасымнан дала сырын, Ізгі жолын жалғаған бабасының. «Өнерімді өмірім» деп мұрат тұтқан, Әнге ғашық қазақтың баласымын. 2-жүргізуші: Ән менен күй –халқымның бар асылы, Тапқан содан жүректер жарасымын. Басты мақсат әнменен биіктету, Ұлы рухын қасиетті Алашымның. 1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгінгі мектебімізде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер . 2-жүргізуші: Байқаудың негізгі мақсаты «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, өнерлі балапандарымыздың бойындағы өнерлерін жандандырып, одан әрі қанаттандыру, болашағын айқындау. Әнші балапан сайысына 1 және 4 сынаптар қатысады. Сайыс 1-2 және 3-4 сыныптар аралығында 2 бөлініп бағаланады. 1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай бүгінгі байқауымызды бастаймыз. 2-жүргізуші: Байқауымызға қатысатын сайыскерлер өздеріне қойылған 5 талапқа сай бағаланады. * Оқушының сахнада өзін - өзін ұстауы * Дауыс ырғағы * Әртістілігі * Баланың ән айтуға деген талабы * Әнді өз деңгейінде орындау шеберлігі 1-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Гладенко Валерий Александровичқа беріледі. 2-жүргізуші: Сайысымызды бағалап, сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық! _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Абзалова Сымбат Ертегілер Дінаш Шыңғысхан Қошақаным Аманова Асем Жау-жау жаңбыр Ильющиц Юля Волшебник-неудачник Қаби Гүлдерай Жақсы көрем Варвянская Виктория Улыбка Митаева Элина Дорога добра Скопец Настя Песенка мамонтёнка Дукенова Махабат Анашым Ғабдрахманов Нұржан Тұлпарым Сагидоллина Асем Аяулы анашым Мадьяров Александр Бременских музыкантов Борисевич Юля Настоящий друг Абзалова Айзат Әке-ана Дінаш Аружан Қазақ жері осындай Садыкова Асел Тентегім Митаев Алам Если добрый ты Чопова Ангелина Песенка_про_папу_и_дочку Поздняков Максим Бабушка испеки оладушки Шматко Мирослава Мама, будь всегда со мною рядом Полуян Яна Нотные бусинки 1-жүргізуші: Ән-махабат, ән-сағыныш, Ән-жұбаныш, ән –қуаныш. Сырлы сазбен ән мен бірге, Тербеледі кең даламыз 2-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөз кезегі әділқазыларда. 1-жүргізуші: Сайысқа қатысқан сайыскерлер сіздерге көп рахмет айта отырып, ұстаздар және келіп тамашалап, өз сыныптарына жанкүйер болып келген көрермендер сіздерге де алғысымызды білдіреміз. 2-жүргізуші: Ән аманат сіздер үшін, бар болыңыздар, келесі кездескенше сау болыңыздар! Сайыскерлерге қойылған талаптар: * Оқушының сахнада өзін - өзін ұстауы * Дауыс ырғағы * Әртістілігі * Баланың ән айтуға деген талабы * Әнді өз деңгейінде орындау шеберлігі Сайыскерлер өздеріне қойылатын 5 талапқа сай 5 балдық жүйемен бағаланды. | |
Просмотров: 868 | Загрузок: 22 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|