Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
[ Скачать с сервера (35.8 Kb) ] | 2015-02-21, 3:37 PM |
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы «Курчатов қаласының мектеп – гимназия» КММ Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Д.Қ.Жақыпова Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап бейнелеу. Сабақтың мақсаты: затқа өзіне қарап, бір – бірімен салыстыра отырып бейнелеуге үйрету. композиция құра білу дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі: Жазықтықта бейнелеу. Сабақтың әдісі: баяндау, көрнекіліктермен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі. Сабаққа қажетті құралдар: Альбом, акварель бояулары, қылқаламдар, су құятын ыдыс, палитра, шүберек қол орамал, натюрморттың салу реттілігі көрсетілген үлгі, әртүрлі пішінде қиылған түрлі – түсті қағаздар (бейнелеу өнерінің түрлері қызыл – алма, жанрлары сары – алмұрт пішінді қағазға жазылған, дұрыс жауапқа – жасыл – жапырақ , дұрыс емес жауапқа көк – бұлт пішіні қиылған қағаздар ), алма, алмұрт ағашы салынған бақтың суреті, репродукциялар. Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Өткен тақырыпқа қайталау жасау арқылы екі топқа бөлу. ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Практикалық жұмыс кезеңі. ІІІ. Оқушылардың өздік жұмысы. ІV. Сабақты қорыту 1. Практикалық жұмыстарын бағалау. 2. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Өткен тақырыпқа қайталау. Оқушылар алма – бейнелеу өнерінің түрлері, алмұрт – бейнелеу өнерінің жанрлары жазылған пішінідегі жазуларды оқып, оның не екенін айту арқылы екі топқа бөлінеді. Бақтың суреті салынған плакаттағы алма ағашына алманың, алмұрт ағашына алмұрттың пішіні жапсырылады, тапсырма қайталанған жағдайда реподукциялардан бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын тауып, атауын, авторын атайды. ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру Практикалық жұмыс кезеңі. Суретті салу реттілігі көрсетілген үлгінің көмегімен түсіндіріледі. Натюрмортты бастамас бұрын ең алдымен қағазға дұрыс орналастыру, яғни қағазды тік немесе көлденең ұстау. Сурет салғанда ұсақ бөліктерге көңіл бөлумей, жалпыдан бастау керектігі айтылады. Өздік жұмыс кезінде қойылатын талаптар: 1. Заттың суретін бір - бірімен салыстыра отырып бейнелеу. 2. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу. 3. Жарық пен көлеңкені ажырата отырып бояу. 4. Бояумен жұмыс кезінде заттың көлемін көрсете білу. ІІІ. Оқушылардың өздік жұмысы. – Заттардың көлемі, пішіні қандай? – Бояу түстері қандай? – деген сұрақтарды қоя отырып, жұмыс істеулеріне көмектесу. Өздік жұмыс кезінде жұмысы дұрыс бағытта орындалған оқушының жұмысын көрсете отырып, мадақтау. ІV. Сабақты қорыту 1. Практикалық жұмыстарын бағалау. Сабақ соңына қарай екі топ өз топтарында ең сәтті орындалған оқушының жұмысына талдау жасайды және бір – бірлеріне жаңа тақырып бойынша сұрақ – жауап әдісімен, дұрыс жауапқа – жасыл – жапырақ , дұрыс емес жауапқа көк – бұлт пішіні қиылған қағаздарды тарату арқылы бағалайды. Сабақта қандай әсер алғандығы, неге үйренгендігі туралы ойларын көк – бұлт, жасыл – жапырақ пішінінде таратылған түсті қағаздарға жазып, плакатта салынған бақтың жоғарғы жағына бұлттың, төменгі жағына түсіп жатқан жапырақты жапсыру арқылы ұжыммен бақтың суретін аяқтайды. 2. Үйге тапсырма: Бейнелеу өнерінің жанрларын қайталау. Натюрморт тақырыбында нобайлама орындау, натюрмортты аяқтау. | |
Просмотров: 1267 | Загрузок: 21 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|