Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Родительский совет

Мектеп сахнасында ата-аналар жиналысында қоюға арналған. Мектеп сахнасында ата-аналар жиналысында қ
[ Скачать с сервера (40.0 Kb) ] 2012-04-23, 1:27 PM
Сахналық қойылым: Алимент - әке бола ма?

Мектеп сахнасында ата-аналар жиналысында қоюға арналған.
Авторы: Хасанова Алма Ықыласқызы , қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп

Мақсаты: Ата-ананың арасындағы келіспеушіліктің ,ажырасудың бала тәрбиесіне кері әсер беретінін, баланың психологиясына әсер ететінін , қазіргі заманғы түрлі теріс әрекеттерге түсуіне итермелейтінін және балаға әке мен ана тәрбиесінің бірдей қажеттігін түсіндіру.

Қатысушылар: 1. Әкесі
2. Анасы
3. Баласы -10 сынып оқушысы

Стол басында әкесі мен анасы отыр. Жүздері жабырқаулы. Шарасыз кейіпте.

Анасы : -Енді бұл жайды Айбарға кім айтады ? Жанын жабырқатып мен айтқым келмейді. Батылың жетсе өзің айт./ашулы/
Әкесі : -Жарайды өзім айтсам ,өзім айтам. Сен бұған қиналмай-ақ қой.Баламыз мұны түсінуі тиіс. Қашанға шыдауым керек. /ашулы күйде/

Сырттан баласы Айбар кіреді. Қолында сумкасы. Жүзі жарқын.

Айбар: -Әке , апа мектепте не болғанын білесіздер ме ? Мен облысқа ғылыми жобалар байқауына қатысқалы жатырмын. Өткендегі жұмысым ауданда жоғары бағаланып , облысқа жолдама берді. Енді облысқа барамын . Әке, жұмыстан сұранып , менімен бірге сіз де , апамның да барғанын қалар едім. Бір жағынан қала аралап қыдырып келеміз . Апам да ауырып қала береді ,дәрігерге қаралаы қайтсын..

Анасы әкесіне қарайды. Әкесі үндемей баласына жақын отырып:

Әкесі: - Балам, мен саған одан да маңыздырақ бір нәрсе айтқым келіп отыр. ..
Біз сені ешкімнен кем қылмай өсірдік. Сұраған нәрсеңнің бәрін алып бердік. Тұрмыстан еш қиындық көрген жоқсың. Өзің көріп жүрсің біз апаң екеуміз көптен бері өзара келіспей келеміз. Бұл жерде мені кінәлауға болады. Бәріне мен кінәлімін. Менің қолымнан қатемді түзету келмеді. Сөйтіп жүріп анаңның көңіліне қаяу салдым. Анаңның еш кінасы жоқ. Біз ажырасқалы отырмыз. Өзің де байқап жүрген боларсың. Анаң екеуміз енді бірге отбасы болып тұра алмаймыз. Бірақ сені балам ретінде әруақытта қамқорлайтын боламын , қамқорлаймын. Сен ер жеттің мені түсінуге тиіссің.
Баласы орнына тұрып кетеді. Біраз үнсіздіктен кейін.

Айбар: - Мен сендерді еш түсінбеймін. Әрқайсысысың өз қара бастарыңды ойлап кеткендеріңді біліп тұрсыңдар ма ? Мені неге ойламайсыңдар. Мен сіздер үшін неге болса да даяр едім. Не істесем де сіздерге ұят келмесін, сіздер қуанса екен деп жүруші едім. Енді , міне, мен енді ешкімге керек болмай қалдым. Мен сіздердің ашу-араздықтарыңды сезіп , менің қандай көмегім тиер екен деп тырысып жүр едім. Еш нәрсе қолымнан келмеді. Апа , сіз әкемнің қателескен сәтінде , жанына демеу бола алмадыңыз. Әке , сіз, мен туралы,менің болашағым туралы ешуақытта ойламаған екенсіз.. Маған қамқорлық жасаймын дегеніңіз неге керек. Сіз алиментті айтып тұрсыз ба ?. Маған алимент емес , әке керек екенін неге түсінбейсіңдер.?
( Баласы жылап жібереді.)
Әкесі қатты абыржып қалады.Баласын жұбатуға тырысады.:
Әкесі: - Балам, бізді де түсінші. Біз қашаннан бір-бірімізді алдап келеміз. Бақытты отбасы бола алмадық .Сырттай бақытты болғанымызбен , іштей жанымыз жабырқаулы еді ғой.Сенің ержетуіңді , осы жайды түсінуіңді күттік. Жаным, балам, түсінші.,бізді.

Анасы: Балам, балапаным, кешірші ақымақ ата-анаңды. Қанша тырыссақ та қолымыздан келмеді. Уақыт өте келе бәрі ұмытылады. Өмірде ажырасып жатқандар аз емес. Олар да өмір сүріп жатыр ғой. Өлмеспіз ,күнімізді көререміз.Бәріне уақыт емші дейді ғой. Алдыңда болашағың күтіп тұр.

Айбар: Ақымақ ата-анаңды дейсіз бе, егер ата-анам ақымақ болса ,мен кім болам сонда. Менің осы уақытқа дейінгі істеген ісімнің бәрі теріс болғаны ма? Мен сонда ана Мақсот сияқты , жасырып темекі тартып, кеште көше кезіп бұзақылық жасап жүруім керек пе еді. Мен ата-анам үлгілі адамдар , мен сондай болуым керек деп тырысып келдім емес пе. Менің алдымда жақсы болашақ тұр деп айта алмаймын. Мен де кез келген сәтте, оңай жолды тауып кете беруім керек болды ғой. Мен соны түсіндім. Маған ержеттің дедіңіз бе ?. Ендеше мен енді өмірімді өзімше жасаймын. Маған сіздердің ақылдарыңыз керек емес.
Анасы баласының артынан жүгіреді.
Анасы: Балам, тоқташы ! Құлыным ...
ІІ көрініс
Аурухана бөлмесі. Бала кереуетте жатыр. Анасы жылап отыр.
Әкесі: (көрермендерге қарап) Мен не істедім. Өзімді ғана ,өзімнің қызық өмірімді ғана ойлап келіппін. Менің бақытым отбасым екенін түсінбеппін. Балам қандай еді.? Енді қандай болды.?... Сабағы күрт төмендеп ,анасын тыңдамайтын болыпты. .Сабаққа да бармайтын шығарыпты. Сөйтіп, өзіне жаман орта тауып алып,ақыры соққы жеп , мынадай күйге түсті. Ай,сорлы басым, өз болашағыма өзім балта шауыппын-ау. Жарығым,құлыным, тез жазылып шықса екен. Қалған өмірімді баламның жолына арнармын. Тек мені балам кешірсе екен.
Ау, әкелер! « балам, бауыр етім» деп қазақ бекер айтпаған екен. Баламның осы күйге түсуіне мен ғана кінәлімін.Аяғымызды аңдып басайық, ағайын...

Талқылау сұрақтары:
1. Қателік кімнен кетті ?
2. Түзетуге болатын қателік пе еді ?
3. Анасы туралы не айтасыз ?
4. Әкесі туралы не айтасыз ?
5. Отбасының ойран болуына не себеп болады ?
6. Оның балаға қандай әсері болады деп ойлайсыз?

Күтілетін нәтиже: 1. Ата-ана баланың қателігі тәрбиеден , өскен ортадан болатынын ұғынады.
2. Баланың әр жетістігіне қуану, оған қолдау көрсету, әрі қарай жетілуіне ықпал ету
қажеттігін ұғынады.
3. Отбасы тыныштығын ,беріктігін сақтауға әсер етеді.
4. «Әкеден- тәрбие , анадан- мейірім» нақыл сөзінің мағынасын түсінеді.
Категория: Родительский совет | Добавил: AlmaI
Просмотров: 2973 | Загрузок: 2577 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-23, 1:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru