Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

«Құстар біздің досымыз» жарыс
[ Скачать с сервера (24.6 Kb) · Скриншот ] 2017-12-05, 6:38 PM
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
«Пеньково орта мектебі» КММ
Бейсембина Айгуль Хакимовна
Химия және биология мұғалімі
«Құстар біздің досымыз» жарыс
Мақсаты:Оқушылардың бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы — табиғат жайлы түсініктерін толықтыру, құстар тіршілігі, олардың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат беру. Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, қорытынды жасай білуге үйрету.Табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Білімдерін пысықтайды және бір-бірінің ойларын тыңдап, құрметтеуге үйренеді. Ойларын жинақтап, қоршаған ортаға қамқорлық сезімі оянады.
Жарыстың барысы:
Мұғалім: Табиғатты құрайтын бөліктердін бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы, ол ықыласын көпке аян етеді.
Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға, ел үшін, Отан үшін жанын қиятын батырларын – қыраңға, елден асқан сұлуды – аққуға теңеді.
1 кезең. Жұмбақтар. «Кім жыл дам?»
Ерте тұрады Жыр шақырады (қораз)
Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім (бүркіт)
Әрбір таңда көк орманда отырған,
Өмір бойы өзін-өзі шақырған (көкек)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды (түйеқұс)
2 кезең: Ой-маржан. «Бәйге»
Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап. Жылдамдықтарыңа қарай, тез әрі дұрыс жауап беру. Әр топқа 10 сұрақ.
Сұрақтар 1-топ.
1. Түнде ұшатын құс (үкі)
2. Дүние жүзінің түрлі аймақтарында таралған түр саны (8600-ге жуық)
3. Қай құстар ұша алмайды (пингвин, түйеқұс)
4. Құстардың дене температурасы (+410 С, +430 С)
5. Халқымызда «7» санының айрықша қасиеті бар. Оны ата-бабаларымыз киелі сан деп ұғынған. Сондықтан әр нәрсенің өлшемі жетімен белгіленген. 7 шелпек, 7 қазына, 7 жоқ, 7 жұт, т.с. халық жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құсты атаңыз. (қыран бүркіт)
6. Құстың алдыңғы аяғы неге айналған? (қанатқа)
7. Құстарда тістің қызметін не атқарады? (етті қарын)
8. Ең кішкене құс (колибри)
9. Құстардың миы қанша бөлімнен тұрады (5)
10. Құс өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)
2-топ.
1. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)
2. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар. (жыл құстары)
3. Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі. (қаламша)
4. Қазақ халқы әдет-ғұрып арқылы ынтымақ-бірлікті сақтаған, халықтық қағида арқылы жастарды тәрбиелеп, қалыптастырған. Аққу — құс төресі, сұлулық пен махаббаттың белгісі. Сондықтан қазақ халқы сұлу қыздарды «Аққудай періште екен» деп сипаттаған. Енді осы аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
5. Ең кішкентай құстың салмағы (1,5 грамм)
6. Ең ірі құс және оның салмағы (түйеқұс, 90кг)
7. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады? (4)
8. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
9. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты неше топқа бөледі? (3)
10. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі (ауа қапшықтары).
3-кезең: «Үндемей қалмау» ойыны
Қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп сол жеңіледі. Сондықтан бұл кезеңде бәріміз дұрыс жауап беруге тырысамыз, әр оқушы өзінің тобына ұпай әкеледі.
Әр оқушыға тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз және дауыстап оқы.
1-топ:
1. Өңештің кеңейген бөлігі ... деп аталады./жемсау/
2. Құстардың жақсүйектерінде ... болмайды./тіс/
3. Құстардың қарыны ... бөлімдерден тұрады./2/
4. Құстар ... жынысты, ... ұрықтанады./екі, іштей/
5. Тауық жұмыртқасынан ... соң балапан шығады./20-21 күн/
2-топ:
1. Құстардың терісі ..., әрі ..., бездері өте аз./жұқа, өрі эпидермис қабаты нашар жетілген, без және сүйек туындылары болмайды/
2. Құстардың ... жеңіл әрі ..../сүйектері, берік/
3. Африкалық ... саусағы екеу.түекұс/
4. Ауа ... көлемі өкпеден ... есе үлкен./қапшықтары, екі/
5. Кейбір құстарда қауырсындарын майлайтын ... болады./бездері/
4-кезең: Ғажайып жұмбақтар «Адасқан сөздерді табу»
Мұғалім: Адасқан сөздерді табу .
Қ А Б К І Д К
Л Р Ү Р Т Е І
Ы Ғ Қ А Е Г Л
Ш А И З Л К І
Қ О Қ К Е Е К
Жауаптары: Қарлығаш, бүркіт, қоқиқаз, дегелек, кекілік.
5-кезең: «Сәйкестендіру кестесі»
Мұғалім: Сәйкестендіру кестесі.
КИВИ ………… А) қыран құстардың қоразы
КӨШПЕЛІ ҚҰСТАР ……………….. В ) жүзетін құстар
ПИНГВИН ……………… С ) жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.
ҚЫСТАП ШЫҒАТЫН ҚҰСТАР ……………….. Д ) түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі
ШӘУЛІ ………………… Е ) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды

6-кезең: «Түйін»
Тест
1. Құстардың қаңқасына не тән?
А. тығыз құрылысы
B. құйымшақ безі
C. май бездері
D. сүт бездері
2. Құстарда ғана кездесетін сүйек?
А. жіліншік
B. саусақ
C. жауырын
D. төс
3. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?
А. мишық
B. сопақша ми
C. ортаңғы ми
D. үлкен ми сыңарлары
4. Құстардың қырсүйегі (киль) қай сүйекпен байланысты?
А. төс сүйекпен
B. тоқпан жілікпен
C. құйымшақпен
D. омыртқа сүйектерімен
5. Қандай құстың тек екі саусағы ғана болады?
А. дуадақ
B. аққу
C. түйеқұс
D. тырна
6. Қандай құстар қызылшақа балапан шығарады?
А. кептер
B. қаздар
C. тауық
D. үйрек
7. Тауық мүшелді жыл санауда нешінші жылды иеленген?
А. 9
B. 8
C. 10
D. 7
8. Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені
А. асыранды қаз
B. тауық
C. үйрек
D. кептер
9. Қыран құстардың мекиені қалай аталады?
А. ақүрпек
B. шәулі
C. ұябасар
D. саһар
10. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?
А. иіс сезу
B. көру
C. есту
D. барлығы жақсы дамыған
7-кезең: «Конкурс капитанов».
1. Құстардың терісінде қандай без бар? (құймышақ без)
2. Құс қаңқасында өзіне тән қандай белгілері бар? (жеңіл, қыртөс)
3. Құстарда қосарлы тыныс алу деген не? (оттегімен қан екі рет қанығады)
4. Қай құста иіс сезу мүшесі жақсы дамыған, ол керегін иісі арқылы іздеп табады? (киви, дауылпаз)
5. Балапан шығару ерекшелігіне сәйкес құстар қандай топқа бөлінеді? (қызылшақа, ширақ)
6. Суда жұбын жазбай жүретін, ең әдемі, достыққа берік құс. (аққу)
7. Су тазалығын сақтайтын санитар құс. (шағала)
8. Сөйлей алатын, қолға үйретілген құс. (тоты)
9. Жұмыртқасында секпілі бар, «Қызыл кітапқа» еңген құс. (тарғақ)
10. Әдемі, көрікті, дауысы мысықтың дауысындай құс. (тауыс)
11. Құстың негізгі мекені не? (ұя)
12. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
13. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
14. Адам қай құсты адам аулауға пайдаланады? (бүркіт)
15. Торғайдың жүрегі минөтіне неше рет соғады? (960 рет)

Қорытынды.
Адасқан сөздерді табу .
Қ А Б К І Д К
Л Р Ү Р Т Е І
Ы Ғ Қ А Е Г Л
Ш А И З Л К І
Қ О Қ К Е Е К

3. Сәйкестендіру кестесі.
КИВИ ………… А) қыран құстардың қоразы
КӨШПЕЛІ ҚҰСТАР ……………. В ) жүзетін құстар
ПИНГВИН ……………… С ) жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді.
ҚЫСТАП ШЫҒАТЫН ҚҰСТАР …… Д ) түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі
ШӘУЛІ ……………… Е ) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды

Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленге
Категория: Биология | Добавил: Кролик
Просмотров: 1048 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-26, 3:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru