Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
[ · Скриншот ] | 2019-06-06, 1:20 PM |
Білімді гуманизациялау - дәстүрлі әдістермен қатар оқытудың жаңа технологиясын жетілдіруді талап етеді. Демократизация - студенттер тақырыпты оқытудың жаңа технология әдістері бойынша студент өздігінен жаңа түсініктерді, материалды жаңа түсініктерді меңгеру, сараптауға, қорытындылауға қабілеттілігі артады. Жаңа педагогикалық технология жаңадан пайда болған дүние емес, оның негізі бұрын қалыптасып, бірақ көпшілігі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, зерттеліп, жинақталып, жетілдірілді. Жаңа технологиялық әдістерді пайдаланған кезде студенттің белсенділігі, ынталылығы, ақпаратты тез табуы, ізденімпаздығы, еркіндігі, шығармашылығы артады. Дамыта оқыту идеялары бойынша студент оқу үрдісінде өздігінен ғылыми-әдістемелік ақпараттарды жинақтап, белсенді және өз бетінше білім алуға тәрбиеленеді. Мұндай жағдайда студент өзі дара тұлға ретінде орталық ядро болады да, ал оның айналасында білім берудің әдіс- тәсілдері жүзеге асырылып, оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру студенттің интеллектуальдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі жетілдіріп, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Биологияны оқыту әдістемесі студенттердің алған теориялық білімдерін қандай әдіс-тәсілдермен оқыту және күрделі оқу материалдарын түсінікті етіп жеткізу жолдарын үйретеді. Қазіргі кезде педагогикалық жаңа технология бойынша биология пәнін оқытуда тірек-конспект, логикалық тірек-сызбаларын және интерактивті тақтамен жұмыс жиі қолданылуда. Студенттердің белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ізденіс, зерттеу, ой таласын туғызу, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортамен, нақтылы мысалдармен, өмірмен үнемі байланыстыру курстың оқыту үрдісінің негізгі мақсаты. Студенттерге сапалы білім беріп, ой-өрісін кеңейтуде бейнефильмдердің маңызы зор. Өйткені, қызғылықты дайындалған бейнефильмдер студенттердің сана-сезіміне әсер етеді, оқытушының күнделікті құлақ үйренген баяндауынан гөрі, қызыға зейін қоя тыңдайды. Мұның өзі студенттердің білім негіздерін жете және берік меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіге бөлінеді. Жалпы биологияны оқыту әдістемесі биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады. Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды. Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесі, экскурсиялар, сабақтан тыс жұмыстар қарастырылады. Қазіргі кездегі студенттерге сапалы білім беру кезінде жиі қолданылатын әдістер: дәрістер (кіріспе – дәріс, шолу дәріс, дәріс-ақпарат, дәріс-әңгіме), көрнекілік әдістер, семинар сабақтар, табиғи оқу құралдары (зертханалық-практикалық сабақтарда жиі қолданылатын тірі жануарлар мен өсімдік түрлері), биологияны оқытудағы техникалық құралдар (видео және аудиоматериалдарды пайдалану, кино-диопректорларды қолдану), оқытудағы интерактивті тақталарды пайдалану, қашықтықтан оқыту, on-line оқытуды қолдану, экскурсия, дидактикалық ойындар, рольдік ойындар, белсенді оқыту формалары (модульдік оқыту, мультимедиялық жүйені қолдану) және т.б. Сабақ барысында дәстүрлі әдістермен қатар жаңа әдістерді қолдану биологиялық пәндерді студенттердің толық меңгеруіне мол мүмкіндік береді. Мысалы «Өсімдіктердің өсуі» немесе «Тірі ағзалардың табиғатта таралуы» тақырыптары бойынша студенттерді бірнеше топтарға бөліп, өз беттерінше зертханалық жұмыстар жүргізіп, бақылау әдістерімен қатар видео түсіру жұмыстары жүргізілсе, кейінірек бұл жұмыстар сабақ барысында басқа топтарға қолданылса, тиімділік болар еді. Биолог мамандар бұдан басқада сабақтарды жаңа технологиялық әдістермен өткізіп, осы сабақ фрагменттерін бейне таспаға түсіріп, сол материалдарды келесі топ студенттеріне көрсетуге пайдалансада болады. Қазіргі таңда дәрістер, оның түрлері сабақ барысында жиі қолданылады. Дәрісті студенттер оңай меңгереді, өздері сараптап, тұжырымдап, естерінде ұзақ уақыт сақтайды. Кинодәріс түріндегі дәрісті тек қана бейнетаспамен көрсетіп түсіндіру ғана емес, сол бейнетаспаны көрсету сәтінде түрлі проблемалық сұрақтар қойып, студенттердің ойлау қабілеті де дамытылады. Әр студент пән оқытушысымен бірге дәрісте берілген материалдарды бірге талқылап, қорытындылап негізгі ойды әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткенде ғана тақырыптың негізгі мазмұны ашылады. Сабақтар тек сабақ жоспарымен ғана шектелмей, берілген тақырыпта кластан тыс жұмыстарды да ұйымдастыруды қарастыру керек. Көрнекілік – оқыту және ақыл ойды дамыту құралы болып табылады. Сабақта көрнекілікті қолдану арқылы студенттердің білімі нанымды, дәлелді болады, ойлауы тереңдей түседі. Сонымен бірге көрнекілік оқылатын нәрсе заттардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін білуді жеңілдетеді. Әр заттардың байланыстары мен өзара қатынастарын түсінуге көмектеседі. Көрнекілік нәрсе заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Сабақ тақырыптарына сәйкес кестелер, сызбалар, презентация, суреттер студенттердің мәліметтерді толық түсінуіне мүмкіндік жасайды. Көрнекілік әдістер тобы: тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрсету, құбылыстар мен заттарды сол қалпында көрсету (сурет, сызба, муляж, үлгі). Оқытушы сөз арқылы зерттелетін нысанды бақылауды, қарастыруды ұйымдастырады, студенттер бақылай отырып, қорытындылар жасайды. Қазіргі уақытта әр түрлі пәндерді оқытуда проблемалық оқыту әдісі қолданылып журген әдістердің бірі. Бірақ осы проблемалық оқыту әдісі толық жүйеленбеген. Дүниежүзі бойынша білім беру деңгейі жоғары саналатын Сингапур мемлекетінде проблемманы зерттей отырып оқыту немесе PBL әдісі жақсы меңгеріліп жолға қойылған оқыту түрі болып саналады. Кластан тыс жұмыс - студенттердің теориялық білімін толықтырып, ой-өрісін, белсенділігін арттыратын, бағдарламаға қосымша жүргізілетін жұмыс түрі. Биологиялық пәндерді түсіндіру үшін және сабақтың сәтті, нәтижелі өтуіне басты себептерінің бірі - студенттердің қызығушылығын арттыратындай әдіс-тәсілдерді шеберлікпен таңдау. Мақсатқа жетудің бірден-бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Жоғары оқу орындарында, колледждерде биологияны оқытудың жаңа технологиясын қолдану теориялық білімді және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды терең меңгерген студенттер дайындауда маңызды болып табылады. Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты міндет атқаратын оқу процессінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады. Сабактан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, оқу-тәжірибе алаңында орындалады. Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау аркылы жүргізіледі.Әрбір студент жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап, отырады. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың такырыптарына жақын, тіпті сәйкес келеді. Үй жұмысы сияқты сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі (бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке). Мысалы, ботаника пәнінен берілетін тапсырма суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уакыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн. Сыныптан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз калаулары бойынша жұргізілетін сабақтың формасынын. бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің баскаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға, үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен катар окушыларға тәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыкқа жеке шығармашылығының жоғарылауына т.б.). Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жүргізілетін жұмыстар. Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде "ассистенттік" жұмыс атқарып, оны жабдыктауға, безендіруге қатысу. Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына койылатын мақсаты - биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму зандылығына деген көзқарастарын дамыту. Әрбір оқытушы биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады. | |
Просмотров: 677 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|