Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Микроағзалар биологиясы((Бағдарлы оқу курсы))
[ Скачать с сервера (97.5 Kb) ] 2011-11-25, 9:12 PM
Микроағзалар биологиясы

(Бағдарлы оқу курсы)



Биология пәні мұғалімі: Г.С Закарина

Түсінік хат

Ғылыми – жаратылыстану бағытындағы мектептер мен сыныптарда
биологияны оқыту түрлі шаруашылық саласында,технологияның дамуы , медицинадағы жаңалықтар мен өзгерістер барысында биологияның қосқан үлесін көрсететін кәсіптік мәні бар оқу материалдарын тереңдетіп, оқушылардың білім алу барысында іздену – зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін,алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады.Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік- дағдыларды меңгерумен бірге табиғат қоршаған дүние туралы түсініктер,олардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асырылуы тиіс.
Микробиология көп салалы ғылымға жатады.Зерттеу обьектілеріне қарай ол:вирусология,бактериология,альгология,микология деп,ал зерттейтін микроорганизмдердің өмір сүретін жерлеріне қарай:топырақ,су,мұхит – теңіз микробиологисы болып бөлінеді.
Атқаратын қызметі мен мәні бойынша:геологиялық,ауылшаруашылық, өндірістік болып жіктеледі.
Сонымен бірге қазіргі таңда атқаратын қызметі мен тіршілік ету орнына қарай бірнеше салаға бөлінеді.Бұл салалардың көпшілігі қазіргі уақытта жеке ғылымдар мен пәндер болып табылады – альгология,протозоология,вирусология,микология,мидициналық микробиология т.б.
Адам өмірінде көзге көрінбейтін микроағзалардың зияны да пайдасы бар екендігі белгілі.Зияны,өсімдіктерде,жануарларға,адамға көптеген жұқпалы ауруларды тудырса,пайдасы – адам өміріне қажетті тағамдық өнімдер өндіру,медицинада дәрі – дәрмектер өндіру,табиғат тазалығын сақтау, топырақ түзілуін қамтамасыз ету микроағзалардың қатысуы арқылы жүзеге асады.
Микробиология ғылымына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді,өйткені антибиотиктердің қолданылуы,микроағзалар тарататын аурулар,тағамдық азық – түліктерді дайындау кезіндегі және олардың бұзылуындағы микробтар қызметі көпшілікке аян.
Мектепте оқылатын биология сабақтарында вирустар мен бактериялардың құрылысы мен тіршілік әрекеті туралы қарапайым түсініктер берілген.Сондықтан жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныпқа биология пәнінен «Микроағзалар биологиясы»
бағдарлы курсын оқыту оқушылардың білім аясын кеңейтіп,кәсіптік бағдарын таңдауға бағыт береді.
Микроорганизмдер өсімдіктерде,жануарларда және адамға көптеген жұқпалы аурулар тудырады,сондықтан да ондай аурулардың алдын алу және күресу шараларын белгілеу үшін оларды зерттеу қажет.

Бағыты: Жаратылыстану - математика
Бағдары: биология
Сынып: 10
Жылына сағат саны 34

Мақсаты: - Микроағзалардың алуан түрлілігін,ішкі,сыртқы құрылысы
қызметі,өсіп - өну жолдары,әлемдегі орны,табиғатта
таралу ерекшеліктері мен олардың қатысуымен өтетін
пайдалы және зиянды процестерін зерттеу.

Міндеті: - Оқушыларды өз бетінше курс мазмұнымен танысуға
мүмкіндік беру.
- алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу.
- қоршаған ортаға деген қызығушылық,қорғаушылық
сезімдерін ояту.
- әр түрлі ақпарат құралдарын пайдалана білуге,өздігінен
ізденушілік қабілеттерін арттыру және қорытынды
жасай білуге үйрету.
Мамандыққа бағдарлау:
Медицина,биотехнология,гендік инженерия,фармакология,
агрономия,технология.

Пәнаралық байланыс:
Цитология,генетика,химия,физика,анатомия,экология,
селекция, валеология,зоология,ботаника.

Ұйымдастыру формалары:
Ауызша түсіндіру,лекция,семинар сабақтар,сарамандық
жұмыстар,конференция,оқытуды интерактивті тәсілдері,
шығармашылық жұмыстар дайындау.
Өзектілігі: Білім беру мен игеруді қамтамасыз ету арқылы сана мен іс –әрекетті түбірлі жаңарту тұрақты экономикалық даму жолына түсудің басты кепілі болып табылады.Әрбір пән мұғалімі инновациялық әдіс – тәсілдерді үйреніп,сабақтың ғылымилығына көп көңіл бөле отырып,оқушыларға білімді тереңдетіп өткізу арқылы шығармашылық жұмысқа баулу, пәнге қызығушылығын арттырып отыруға міндетті. Компьютерлендіру заманында жеке тұлғаның руханилығы мен жалпы адамзаттық мәдениетін сақтап қалу маңызды. Оны табиғатты зерттеу кезінде жүзеге асыруға болады,ол жаратылыстану пәндерін зерделеу процесінде және осы білім беру саласында,сыныптан тыс жұмыста жүзеге асуы мүмкін.

Тақырыптық жоспар.

№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Өткізу түрі Практ-икалық жұмыс
І Кіріспе 3
1 Микробиология – ұсақ ағзалар жөніндегі ғылым. 1 Мәтінмен танысу
2 Микробиология ғылымының зерттелу тарихы. 1 Ауызша түсіндіру электронды оқулықпен жұмыс.
3 Микробиология ғылымының көп салалығы 1 Мәтінмен танысу
ІІ Вирустар 7
4 Вирустардың зерттелу тарихы,құрылыс ерекшелігі 1 Мәтінді оқушылар өз бетімен таныса отырып,талдау. Реферат қорғау
5 Бактериофагтар 1 Мәтінмен танысу Реферат қорғау
6 Вирустық инфекциялардың формалары 1 Ауызша, топтық жұмыс
7 ЖҚТБ және оның қоздырғышының ашылу тарихы 1 Шығармашылық зерттеу жұмысы Суреттер, деректер жинақтау
8 ЖҚТБ – ның жұғу жолдары және сақтану шаралары 1 Ауызша,жазбаша жұмыс, проблемалық мәселелерді шешу Слайд материалдарын жасақтау
9 Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары 1 Ауызша түсіндіру топтық жұмыс Реферат қорғау
10 Рак және вирустар 1 Мәтінді оқу,талдау Деректер жинақтау
ІІІ Бактериялар 11
11 Бактериялар түрлері,құрамы 1 Ауызша түсіндіру, электронды оқулықпен жұмыс Зертханалық жұмыс
12 Бактерия жасушасының анатомиясы 1 Ауызша,жазбаша жұмыс
13 Биогенді элементтер 1 Пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру Қосымша материалдан деректер жинақтау
14 Цианобактериялар, түрлері 1 Мәтінмен ауызша,жазбаша жұмыс
15 Бактериялардың мутациясының түрлері 1
16 Бактериялар тудыратын аурулар 1 Сабақ - конференция Реферат қорғау
17 Туберкулез - қауіпті дерт 1 Электронды оқулық,слайд көрсетілімі Шығармашылық жұмыс
18 Саңырауқұлақтар морфологиясы 1 Ауызша түсіндіру Зертханалық жұмыс
19 Зең саңырауқұлақтары 1 Жазбаша жұмыс
20 Ашытқы саңырауқұлағы 1 Ұжымдық топтық жұмыс
21 Өсіру әдістері және адам паталогиясындағы ролі 1
ІY Биосфера және микроағзалар 5
22 Ауадағы микробтар 1 Лекция,ауызша түсіндіру Реферат қорғау
23 Судағы микробтар 1 Жазбаша жұмыстар
24 Топырақ және микроағзалар 1 Лекция
25 Адам және микроағзалар 1 Электронды оқулық арқылы түсіндіру Слайд материалдарын жасақтау
26 Космостық микробиология 1 Ұжымдық жұмыс
Y Микроағзалар және ауыл шаруашылығы 2
27 Азотфиксациялаушы бактериялар және мәдени өсімдіктер 1 Шығармашылық зерттеу жұмысы
28 Биогенді элементтер қозғалысы 1 Реферат қорғау
YІ Микроағзалар селекциясы 6
29 Ферменттер,олардың микроағзалар тіршілігінде атқаратын ролі 1
30 Коферменттер және дәрумендер 1
31 Биотехнология 1
32 Микроағзалардың халық шаруашылығында,медицинада қолданылуы 1
33 Қорытынды 1
34 Сынақ жұмысы 1





Әдебиеттер:

1. «Биология және салауаттану негіздері» журналы 2006 №6, 2005 №3

2. «Биология және қоршаған орта» журналы 2007 №2

3. Suzar uiripedia.KZ /index php/ биология,зоология,ботаника

4.В.Бетина «Микробтар әлеміне саяхат» Алматы «Қайнар» 1982 ж

5.К.Мұханбетжанов «Генетика және селекция негіздері» Алматы,Санат,
1996 ж.
6. Т.Қасымбаева, К. МҰханбетжанов «Жалпы биология» мектеп,2010 ж.

7. М.М.Құлдыбаев «Микробиология» Қайнар 1987 ж.
Категория: Биология | Добавил: Megaberish
Просмотров: 7601 | Загрузок: 1631 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 9:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru