Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
[ Скачать с сервера (387.0 Kb) ] | 2012-02-01, 12:20 PM |
Сабақ жоспары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін және олардың адам ағзасында орналасуын көрсете түсіндіру. Дамытушылық: Электронды көрнекіліктен бейнетаспаларды пайдалана отырып, оқушылардың көру, есте сақтау, есту, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Тамақтану гигиенасы СӨС Сабақтың типі: Сын тұрғысынан ойлау жүйесі Сабақтың әдіс-тәсілі: Ауызша түсіндіру, салыстыра баяндау, сұрақ-жауап, биологиялық, сызықтық диктант, семантикалық карта, кестелер мен сурет арқылы көрсету. Сабақтың құрал-жабдықтары: Электронды көрнекілік, слайдтар, интерактивті тақта. Тірек сызба Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа дайындығы мен қатысымын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде оқушыларға бес түрлі тапсырма беріледі. №1 тапсырма: Сәйкесін тап 1.Ферменттер а)организмдегі негізгі құрылыс материалы мономерлері аминқышқылдар 2.Нәруыздар ә)организмдегі негізгі энергия көзі 3.Көмірсулар б)нәруыз текті зат 4.Майлар в)өсімдікті,жануартекті тамақ өнімдері 5.Витаминдер г)әрі құрылыс материалы,әрі энергия көзі 6.Тағамның құрамы д)организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы Жауаптары: 1-б, 2-а, 3-ә, 4-г, 5-д, 6-в. №2 тапсырма: Семантикалық карта. Тағамдық заттардың қызметінің түрлері Қызметі Түрлері 1.Энергетикалық 2.Құрылыстық Организмдерге күш беруші Май Май №3 тапсырма: Тірек-схемамен жұмыс Көмірсулар Энергия көзі картопта ұнда глюкоза жемістерде Энергия көзі Сүт өнімдерінде Етте Майлар Витаминдер А,Д,К.Е Жұмыртқада Өсімдіктерде Витаминдер А В В1 В6 В12 А Д № 4 тапсырма: «Жинақтау» жүйесі кестелі тест № «Жинақтау» жүйесі кестелі тест. Еске түсіру Келісемін Келіспеймін 1 Тоқ ішек асқазаннан кейін орналасқан - 2 Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды - 3 Аш ішектің ұзындығы 5-6м + 4 Асқазанның сыйымдылығы 3л + 5 Ұлтабар аш ішектің бастапқы бөлігі + 6 Ас қорыту бездерінің ішіндегі ең кішкентай -бауыр - 7 Ас қорытуға қатысатын аралас секрециялық без –ұйқы безі + №5 тапсырма: Адасқан әріптер үлгерімі төмен оқушымен жұмыс 1.Са урыоқт – (Ас қорыту) 2.Кітркеоқ разтта – (Қоректік заттар) 3.Менрефретт- (Ферменттер) 4.Зурынә – (Нәруыз) 5.Міскөру – (Көмірсу) 6.Мйа – (Май) 7.Инматив – (Витамин) 8.Дыреналим ратзат – (Минералды заттар) 9.Тікмісөкід тқама – (Өсімдікті тамақ) 3.Жаңа сабақ түсіндіру: Ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездері қосылып ас қорыту жүйесін құрайды. Ас қорыту мүшелері:дәптерге жазып алу схемалары 1.Ауыз қуысы 2.Жұтқыншақ 3.Өңеш 4.Асқазан 5.Ұлтабар 6.Аш ішек 7.Тоқ ішек 8.Тік ішек Ас қорыту жолының қабырғасы: 1. Ішкі қабат 2.Ортаңғы қабат 3.Сыртқы сірнелі қабат Сілемейлі, бездер көп Бірыңғай салалы қабат Қан тамырлар мен лимфа. Ауыз қуысы: 1.Алдыңғы: 2.Артқы: 3.Жоғары: 4.Төменгі: Ерін мен ұрт Жұтқыншақ. Қатты жұмсақ таңдай Тіл мен ауыз түбі Ас қорыту жолы: 1.Жұтқыншақ Ұзындығы:11-13 м болатын бұлшық етті мүше тыныс алу және ас қорыту жолдары қиылысады. 2.Өңеш: Ұзындығы:25м болатын ас қорыту мүшесі, 11 кеуде омыртқасында асқазанға ашылады. Асқазан: 1.Кіреберіс 2.Шығу 3.Сопақша 4.Қиғаш 5.Сақина саңылауы саңылуы Сфинктер бұлшық ет бұлшық ет тәрізді бұлшық ет Ішектер: Аш ішек Тоқ ішек 5-7м 1,5-2м Аш ішек Соқыр ішек Мықын ішек Жиек ішек Бауыр безі Тік ішек Ұлтабар Ұйқы безі Ас қорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабат – дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан түзілген. Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағыз ауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан – еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады. Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс. Нағыз ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденеңжолақта бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл – өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады. Қарын – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. Қарын – іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Аш ішек – қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25-30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін тұүріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – бүйен деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді тұйық өскен соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (латынша «appendix» - қосалқы деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. 4.Бекіту: Тест тапсырмалары беріледі: 1. Адамның ас қорыту жолының ұзындығы: а/ 3-5м ә/ 8-10м б/ 15-18м в/ 18-20м 2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан? а/ жұмсақ таңдайда ә/ ұрттың сілемейлі қабығында б/ тілде в/ көмейде 3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? а/ ауыз қуысында ә/ жұтқыншақта б/ өңеште в/ көмейде 4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? а/ аш ішек ә/ тоқ ішек б/ ұлтабар в/ бауыр 5. Тоқ ішектің бөлімдері: а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек 6. Аш ішек бөлімдері: а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар Жауабптары: 1 ә 2б 3ә 4б 5ә 6б Сәйкесін тап: Ас қорыту жолы 1.Ауыз қуысы 2.Асқазан 3.Аш ішек а) сілекей бездері б) бауыр безі в) ұйқы безі Жауаптары:1-а, 2-ә, 3-б 5.Бағалау: Үйге тапсырмасы мен бекіту сұрақтарына жауап берген оқушылар бағаланады. 6.Үйге тапсырма беру: §42,Ас қорыту мүшесі Үйге тапсырма Биологиялық диктант 1.Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым организмге сіңірілетін заттарға ….. және …..процестерді …… деп аталады. 2.Өзгеріссіз қанға сіңірілетін заттар ……., ……. 3.Адам организміне орташа алғанда ….., ……, ……, ……., …… болатыны есептелген. 4.Органимдегі негізгі энергия көзі ….. тәуліктік қажеттілігі …… 5.Адамның …… тәуліктік қажеттілігі 100г болып келетін және көмірсуда, майда ….айнала алмайды.6.Витаминдердің жеткіліксіз мөлшерінен организм әлсіреп, әртүрлі аурулар ….. пайда болады.7 …… сүйек пен тіс құрамына кіретін, зат алмасуға қатысатын қоректік зат. 8.Организмде …… әртүрлі заттардың еріткіш рөлін атқарады, көптеген химиялық реакциялар ….. қатысуына байланысты. Жауаптары. 1.(ұсақталу және ыдыр ,ас қорыту) 2.(су, минералды тұздар) 3.(15-20% нәруыз, 0,6% көмірсу, 19% майлар, 5,8% минералды тұздар, 60-65% су) 4.(көмірсу,400-500г) 5.(нәруызға) 6.(авитаминоз) 7.(минералды тұз) 8.(су) | |
Просмотров: 9407 | Загрузок: 1927 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|