Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөліну
[ Скачать с сервера (122.3 Kb) ] 2012-05-02, 2:04 PM
ШҚО Семей қаласы
КММ №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық
білім және тәрбие беру мектеп –кешенінің биология пән
мұғалімі Серікбаева Айнұр Құнанбайқызы
7 сынып. Биология.

Сабақтың тақырыбы: « Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға гүлді өсімдіктерді топтарға бөлінуін, гүлдің формуласы мен диаграммасын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл, ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, қорытындылау.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, кесте
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, өсімдік суреттері бар кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап. І деңгей (3 ұпай)
1. Ашық тұқымды өсімдіктің аталуы?
2. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі?
3. Ағаш сабағы қалай аталады?
4. Бір үйлі қылқан жапыраққа жататын өсімдік?
5. Екі үйлі қылқан жапыраққа жататын өсімдік?
6. Бір үйлі өсімдік дегенімізді қалай түсінесін?
7. Не себепті қылқан жапырақты деп аталады?
8. «Сүрек» дегеніміз не?
I деңгей (4 ұпай). "Ер дәулеті- еңбек" Білім мен білік
III. Жаңа сабақ
Гүлді өсімдіктерді топтастыру

Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан зор. Өсімдіктер – адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық жануарларына қажетті жемшөп қоры. Олар шикізат ретінде өңдірістің әр түрлі салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс –жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды.Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер.
Тынымбақтарды, саябақтарды, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгаландыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артыпе келеді. Мұның өзі адаманың табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа іріктемелер шығарылуы қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н.И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н.И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) енді.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі тан қаларлықтай. Осы көп түрлілікті бір жүйеге келтіру мақсатында ботаниктер өсімдіктердің барлық түрлерін топтарға біріктірді.
Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады.
Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады.
Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеуклері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник – ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан және дермене жусан бір туыстық – жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктен өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді.
Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінінң 75 %-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі.
Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақсалалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнақтылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлендердің, лалагүлдердің т.б. тұқымдастары жатады.
IV деңгей (3 ұпай) Бекіту:
Венн диаграмма
Даражарнақтылар Қосжарнақтылар

V. Нені білдім?
А
1. Жабық тұқымдылардан ашық тұқымдылардың айырмашылығы неде?
2. Қосжарнақтылар класына қандай белгілер тән?
Б
1. Даражарнақтылар класы қандай белгілер тән?
2. Қосжарнақтылар класына жататын тұқымдастарды ата?
С
1. Даражарнақтылар класына жататын тұқымдастарды ата?
2. Гүл формуласы деген не? Гүл диаграммасы дегеніміз не?
Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма: «§23. Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі»
Категория: Биология | Добавил: анарка
Просмотров: 17619 | Загрузок: 359 | Рейтинг: 2.8/8
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-01-06, 1:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru