Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері.
[ Скачать с сервера (18.2 Kb) ] 2013-03-13, 7:35 PM
Семей қаласы
№47 орта мектептің
биология пәні мұғалімі
Имашева Гулмира Лукбанқызы

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей
бездері.
Сабақтың мақсаты: Асқорыту бездері, ферменттері,сілекей бездерінің
қызметі жайлы ұғымды тәжірибемен ұштастыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға асқорыту бездері, асқорыту ферменттері, сілекей бездері жайлы білімді меңгерту.
2. Асқорыту жүйесі жайлы алған білім-білік дағдыларын дамыту.
3. Пәнге қызығушылыққа баулу, гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс- тәсілдері: СТО элементтері, сұрақ- жауап, түсіндірмелі
Көрнекілігі: кесте, мақал –мәтелдер(слаидтар), зертханалық жұмыс құралдары
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, топта сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылар үш топқа бөлінген.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Сәйкестігін анықта:
№ Мүшелер Атқаратын қызметі
1 Тіл Түбі, денесі, ұшы болады
2 Механикалық өңдеу Асқорыту мүшелерінде астың ұсақталып, шайналуы.
3 Жұтқыншақ Аш ішектің асқазаннан басталған 25-30 см. бөлімі.
4 Өңеш Түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады.
5 Асқазан Ұзындығы 25 см-дей іші қуыс бұлшықетті мүше.
6 Аш ішек Ұзындығы 1,5- 2м.аш ішектен 2 еседей жуан мүше.
7 Ұлтабар Сауыты, мойыны, түбірі болады.
8 Тоқ ішек Асқорыту мүшесінің кеңейген бөлімі.
9 Дентин Асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді мүше.
10 Тіс Өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген.

б) Мақал- мәтелдердің мағынасын ашу.
1. «Ауру ауыздан кіреді».
2. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді».
3. «Апыл- ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас». т.б

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
І. Қызығушылығын ояту.
Кіші дөңгелек стол стратегиясы.
(Әр топқа жеке тапсырма береді)

ІІ. Мағынаны ашу. Ассоциациялық карта стратегиясы.

ІІІ. Ой- толғаныс.
Аралас оқиғалар стратегиясы.
Конверттегі бөлікке бөлінген мәтінді таратамын. Әр топ тапсырмалары:
І топ: Асқорыту бездері.
ІІ топ: Асқорыту ферменттері.
ІІІ топ: Сілекей бездері.
Осы тапсырма бойынша топ оқушылары бір- бірінің дәптеріне сағат тілі бағыты бойынша алмастырып, бір сөйлемнен жазады. Құралған мәтінді топ атынан оқиды.

Оқушылар берілген мәтінді оқып, кестеге топтастырады.

І топқа:

ІІ топқа:

ІІІ топқа:

Оқушылар бөлікке бөлінген сөздерден мәтін құрап, топ атынан оқиды.
4. Сабақты бекіту.
Оқушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде көреді.
Әр топқа №11- зертханалық жұмыстың барысы таратылады.
5.Қорытындылау.
6.Бағалау.
7. Үйге тапсырма: §44 (Оқу, мазмұндау) Зертханалық жұмысты
қорытындылау.



№ 11-зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Сілекей құрамындағы ферменттердің крахмалға әсерін байқау.
Мақсаты: сілекей ферментінің крахмалға, қарын сөлі ферментінің нәруызға әсерін тәжірибе жүзінде көру.
Керекті құрал -жабдықтар: крахмал (құрғақ),дәке,су,ыдыс (жайпақ ыдыс, түтікше, сынауыр), спирт шамы, йод, сіріңке, мақта, қарын сөлі, шала қайнатылған тауық жұмыртқасы.
Жұмыс барысы:
а) Сілекей ферментінің крахмалға әсерін байқаймыз:
1. Ыдысқа аздап су құйып, бір шай қасық крахмал салып араластырып, қоюланғанша спирт шам жалынында қыздырамыз.
2. Кішкене дәкені осы ерітіндіге малып алып, сығып жайып қоямыз.
3. Сіріңке шиінің басына аздап мақта орап алып, ауызымызға сілекейге шылап, сонымен крахмал ерітіндісіне матырылған дәкеге белгі(жазу, әріп) саламыз.
4. Содан соң дәкені 1-2 миуттай қызғанша қолымызға қысып ұстаймыз.
5. Кішкене ыдысқа йод ерітіндісін құйып, дәкенің бүктелген жерін жазып саламыз.
6. Йод ерітіндісінен алып қарағанда дәкенің крахмалданған жері көк түске, сілекей тиген жері боялмай сол күйінде болады. Себебі, сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен крахмал глюкозаға дейін ыдырайды.
ә) Қарын сөлі ферменті- пепсиннің нәруызға әсерін байқаймыз:
Ол үшін шала қайнатылған жұмыртқаның ақ уызының бір түйірін екі сынауырға салып, үстіне аздап қарын сөлін құямыз. Бірінші ыдысты сол күйінде қалдарып, екінші ыдысты +38С,+39С ыстық суға 20-30 минутқа салып қоямыз. Уақыты өткен соң екі ыдысты бір-бірімен салыстырып, қай ыдыста өзгерістің болғандығын қорытындылаймыз, әрі себебін түсіндіреміз.
Қорытынды: ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Категория: Биология | Добавил: OnE_SouL
Просмотров: 5534 | Загрузок: 377 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2026-01-23, 9:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru