Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
2014-01-15, 6:23 PM | |
Ас қорыту жүйесі. Азық- түліктік заттар Үмбетов Бауыржан Молдабайұлы Мұғалжар орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі. Сабақтың мақсаты: білімділік: Ас қорыту мүшелерінің азық- түлік және талғамдық заттарға толық мәлімет беру,біліктілігін арттыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін,ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың өз бетінше еңбектенуіне,өз ойларын еркін жеткізе алуына,өз білімін өзі бағалап,тексере білуін қадағалау. Тәрбиелік: Оқушыларды салауаттылыққа, жауапкершілікке,табандылық пен алғырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Муляждар,ас қорыту органдары «Бас сүйек» қоянның және адамның ішкі құрылысы,плакаттар: « Негізгі азық- түліктердің құрамы және энергия құндылығы» , «Ас қорыту мүшелері» Жоспары I Оқушының қызығушылығын ояту бөлімі; слайдпен жұмыс. 7 м II Ой қозғау бөлімі. III Мағынаны тани – білу бөлімі Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. 2. Оқушылармен амандасу 3. Кезекшілердің есебі. Жаңа сабақ. Ас қорыту мүшелерін түсіндіру. Азық- түлік және талғамдық заттарға толық мәлімет беру. Мақалшылар сайысы: Әр қатардан бір оқушыдан алып,парта бойымен мақалдар (ас туралы) айтқызып өткізу. «Ас иесімен тәтті,табағымен жақсы» «Ертеңгі асты тастама,кешкі асқа қарама» «Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» « Ас үстінен аттама,астан үлкен емессің» «Ас адамның арқауы» «Ауру астан, дау қастан» «Асқынған ауруды асыл тағам алады» «Астың дәмін ауызға түскенде білерсің» 2. Көтеріле аспандай Көкте сұрша.бұлт көшіп Жерге інжу шашқандай Күміс моншақ шық түсіп, Қайың , терек басынан. Сарғылт тартып жапырақ Жерге түсіп шашылған. Жел үрсе тек қалтырап Бұтақты гүлге балбырап. Көз тартады көріңіз Алма піскен албырап Маужыраған бақыт қоңыр күз. 3. Жаңылтпаш сайысы Қабат-қабат үй салдық, Үйлер толы күйсандық. Күйсандықтан үй салдық Күйсандыққа үй салдық. Әсем билеймін деп әлек Қасен шешен сөйлеймін деп әлек. Қашан Қасен шешен сөйлеп, Қашан әсем әсем билеп. 4.Жұмбақ шешу сайысы. Әр қатардан оқушыдан шығып,парта бойымен жұмбақ шешу. Көктемде ақ гүлге орамды, Күзде қолға доп болы оралды. (алма) Жерге ұсақ сабағы, Дәні халық тамағы. (бидай) Бауыздасаң қан орнына су шығар. (қауын) Көк лағын көгенде тқрып семірген. (қарбыз) Қорытынды бөлімі. Оқушылардың білімін жинақтап,тақырып бойынша жеке жұпта ББҮ кестесін толтыру. Сабақты қорытындылап,кесте бойынша оқушылар білімін толықтырамын. Бағалау Үйге тапсырма. Реферат жазу | |
Просмотров: 1114 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|