Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
2014-04-03, 9:36 PM | |
Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ география-биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Жаналиева Бақытжамал Салауатқызы Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы Сүйек-тірі ұлпа.Егер адамның массасы 70 кг болса,оның қаңқасының орташа салмағы 8-9 кг құрайды. Неге қаңқа жеңіл бола тұрып,беріктік қасиеті жоғары? Мақсаты: Адам организміндегі қаңқаның маңызы туралы түсінік беру. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы,негізгі қызметі мен ерекшеліктері туралы білімді талқалап ,қортындылау;сүйектің құрылысы мен химиялық құрамын оқып-білу. Көрнекілік: «Адам қаңқасы»»Сүйектердің пішіні»кесте. электронық көрсетілімдер. Құрал-жабдықтар:Қыздырылған сүйек,10%дық тұз қышқылыына салынған (кальцийсіздендірілген)сүйек,сүйек кесінділері (құстың немесе балықтың) Сабақтың типі: проблемалық сабақ Сабақтың түрі: сатылы талдау Сабақтың әдісі: Жалпы әңгімелесу,сұбхат,зертханалық жұмыс,баяндау Сабақтың барысы:Үш ауызша тапсырма беріледі. 1.Адам мен сүтқоректілердің қаңқасын салыстыру.олардың ұқсастығы мен айырмашылығына байланысты қортынды жасау. 2.Адам қаңқасының бөлімдерінің құрылысы мен атқаратын қызметін ашу. 3.Тақырып соңындағы сұрақ белгісі қойылған сұрақтарға жауап беру. 4.Тақырыптың «Ойланып, жауап беріңдер»бөліміндегі сұрақтарға биологиялық тұрғыда дәлелдеп айту. Жаңа сабақ бойынша сынған сүйектің рентген суретін көрсете отырып, 3 кезең арқылы тақырыптың нақты нәтижесіне жету. І-кезең:Сүйектің химиялық құрамын түсіндіру. ІІ-кезең:Сүйектің макроскопиялық құрылысындағы ерекшеліктерді оқу. ІІІ-кезең :Сүйектің өсуі ақпаратты-әңгіме. І-кезең:Сүйектің химиялық құрамын оқып-білу үшін 5-зертханалық жұмыс орындау./жұптық жұмыс/ Мұғалім: Сүйектің құрамы 30% органикалық заттар , 60% бейорганикалық заттар, не бары 10% су болады. тапсырма-1.Кәдімгі жануар сүйегін иіп,содан соң созып көруге бір оқушыға береді. Сұрақ:1.Сүйек иіле ме? 2.Сүйек созыла ма? Жұптық зертханалық жұмыс. Бірінші оқушы. тапсырма-2.Сүйекті қыздыра отырып,иіп көрсете отырып,оның құрамындағы су буланады да, ал органикалық заттар/май,нәруыз/жанады,сүйек майда бөліктерге үгілгіш болатындығын түсіндіреді.Бейорганикалық заттар сүйекке қаттылық,беріктік қасиет береді. Екінші оқушы .тапсырма-3. Бір күн бұрын 9% тұз қышқылына салынған сүйекті созып көрсете отырып,бейорганикалық зат/кальций/еритіндгігін дәлелді.Органикалық заттар сүйекке созылғыштық қасиет береді. Екі оқушы кәдімгі, күйдірілген,кальцийсіздендірілген сүйектерге тәжірибе жасай отырып,түсіндіргеннен кейін мұғалім сынып оқушыларына мәтінді оқи отырып ,тәжірибеде көргені бойынша қортынды сұбхат жүргізеді.85-бет. Сұбхат:Сүйек ұлпасының серпімділік,созылмалылық және беріктік қасиеттері неге байланысты? ІІ-кезең:Сүйектің макроскопиялық құрылысындағы ерекшеліктері Оқушылар әр партаға үлестіріліп қойылған жануарлардың түтікті және жалпақ сүйектерді қарап,интрактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді. 1.Қай сүйектерде қуыс бар? 2.Ол қуыс неге толы болады? 3.Кемікті сүйектерді білесіздер ме?/оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибесінен айтуына болады/ Кестені толтыр. Сүйіктің пішіні мысалдар Құрылысындағы ерекшелігі түтікті Ортан жілік Ұзын сүйек,Іші қуыс,майға толы, жалпақ жауырын Үшбұрышты сүйек,жалпақ жағында кемігі бар 1.Бір оқушы жілікті екі партаның арасына қойып оған кір тасын іліп беріктігін көрсетеді./Жілік түтікті сүйек ,ол беріктігін сақтай отырып, массаны азайтады./ 2.Сүйек ұлпасының құрылысын сурет арқылы түсіндіреді. «Сүйектің макроскопиялық құрылысы»атты суретті-көрсетілім арқылы сары және қызыл сүйек миының сүйектін жеңіл болуын қамтамасыз етіп, жоғары беріктік беретіндігіне қортынды жасайды. Сүйіктің құрылысы 1.сары тығыз кемік зат 2.жіліктің кемік басы 3.қызыл кемік 4.сүйіктің қабығы 5. жілік майы 6. жіліншіктің ортаңғы бөлігі 3.Ұғымдар:Тығыз зат.Кемік зат.Остеон.Остеоцит.Остеобласт Сергіту сәті:Сазды-денешынықтыру . Қортынды: : ІІІ-кезең:” Сүйектің өсуі” ақпаратты-әңгіме. Жас әтештің жамбас бөлігін сақтап ортан жілікті алып тастаған,Біраз уақыттан кейін сүйек қалпына келген.Себебі сүйек ұзынан өседі ,сондықтан сынғанда сүйек жазылады.Ал ересек адамда сүйек көлденең өсе ме?Қалай өседі?Сүйекте сүйек зат алмасуы жүреді ,сүйек сыртынан өседі,ішінен ыдырайды./Төсекте ұзақ жатқан ауру адам,ұзақ ауыр салмақта жүру,т.б/ 1.Сүйек-тірі ұлпа ма?2.Неге ұзын сүйектер тігінен емес,көлденең сынады? 3.Мешел аурумен ауырған организмнің сүйегінің тұздарды сіңіру төмен.сүйек өзгере ме?4.Денсаулыққа денешынықтыру маңызды ма? Бағалау.Үйге тапсырма 24.Тақырып соңындағы тапсырмамен жұмыс. | |
Просмотров: 5567 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|