Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
2015-02-17, 11:03 PM | |
Сабақтың тақырыбы:§45 Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Сабақтың мақсаты: а.Жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастыру. Сызбалар арқылы ой өрісін дамыту. б.Сұрақ жауап арқылы тілдік қорларын дамыту. в.Пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақ түрі:Аралас.Жаңа сабақты хабарлау. Сабақтың әдісі:сұрақжауап, түсіндіру. Көрнекілігі:топшама,суреттер. Күтілетін нәтиже:жаңа тақырып туралы түсініктері бар. Сұрақжауап арқылы өз ойларын жеткізе білді. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Жоқ оқушыларды тексеру. Сабаққа даярлығын тексеру. Зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру: 1.сұрақ-жауап 1) Қоректік заттар дегеніміз не? Нәруыз,көмірсу,май,минералды тұздар, су,витаминдер. 2) Асқорыту дегеніміз не? Организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі 3) Ферменттер дегеніміз не? Нәруыз текті заттар. 4) Ферменттердің маңызы? Асқорыту жолында заттарды ыдырататын химиялық реакцияларды тездетеді. 5) Тамақ дегеніміз не? Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім. 6) Организмдердің негізгі құрылыс материалы? Нәруыз. 7) Организмдегі негізгі энергия көзі? Көмірсу. 8) Авитоминоз дегеніміз не? Витаминдердің жеткіліксіз мөлшерінен организм әлсірейді. 2. Химиялық диктант. Адам организмдегі су мөлшері 65%-60% . тәулігіне адамға 1,6-2,5 л су қажет. Көмірсулар көп мөлшерде картоп,ұн,жарма,қызылша болады. 3. Биологиялық домино Нәруыз көмірсу май минералды тұздар су Адам организмдерінде болады. Жаңа сабақ: :§45 Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Асқорыту жүйесі: асқорыту жолы мен асқорыту бездерінен тұрады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы 8-10м. Ауыз қуысы-жұтқыншақ-өңеш-асқазан-аш ішек-тоқ ішек-тік ішек. Асқорыту жолының қабырғасы: ішкі ортаңғы сыртқы Ішкі қабат:қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат:тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін біріңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Сыртқы қабат:шажырқай бекінетін дәнекер ұлпалы сірнелі қабаттан тұрады. Ауыз қуысының құрылысы: 1. Алдыңғы жағында:ерін мен ұрт 2.Жоғарғы жағында:қатты және жұмсақ таңдай 3.Төменгі жағында:тіл мен ауыз түбінен 4.Артқы жағында:жұтқыншақ Жұтқыншақ-ұзындығы 11-13см бұлшық етті мүше Өңеш- ұзындығы 25см бұлшық етті түтік. Кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады. Асқазан-асқорыту жолының көлемді ұлғаюы Аш ішек-ұзындығы 5-7м Тоқ ішек-ұзындығы 1.5-2м Дәптермен жұмыс: Дұрыс жауабын табу 1-ә 2-б 3-ә 4-а 5-а 6 –ә Қорытындылау: 1)Ауыз қуысының құрылысы? 2)Асқорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады? 3)Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы? 4)Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады? Үйге тапсырма: §45 түсінігін айту. | |
Просмотров: 980 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|