Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология |
2015-06-08, 7:17 PM | |
Конырова Еркежан Манарбековна, биология пәнінің мұғалімі, Семей қаласы, «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Сабақтың тақырыбы: Прокариоттар және вирустар. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тірі организмдердің жасушасыз түрімен ( вирустармен) олардың құрылысындағы ерекшеліктермен танысу. Күтілетін нәтиже: Оқушыларға тірі организмдердің жасушасыз түрімен ( вирустармен) олардың құрылысындағы ерекшеліктермен танысады. Тіршілік формасы, прокариоттар ядросы жоқтар; вирустар- тіршіліктің жасушасыз түрі; құрылысы; ерекшеліктері; маңызы. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар. Сабақ жоспары: 1. ұйымдастыру 2. жаңа білімді игеру 3.бекіту 4. үй тапсырмасын сұрау 5. үйге тапсырма беру Сабақ барысы: Бактерия құрылысының ерекшелігі: Сырты шырышты қабықпен қапталған, бұл оны қолайсыз жағдайдан қорғайды. Өте төзімді.Бактерияның сыртында талшығы бар, талшықтарының көмегімен қозғалады. Бактерияның цитоплазмасының ортасында бір сақиналы ширатылған ДНҚ-сы болады. Митохондрия мен пластидтері жоқ, олардың рөлін арнайы түзінділер атқарады. Фототрофты бактерияларда, фотосинтез хлорофилі бар қабықшаларда жүреді. Өте тез көбейеді. Үлкейткіш құралдар. 1. Қол лупасы.( 15 есеге дейін үлкейтеді) Өсімдіктер , жәндіктер бөлімдерін зерттейді. 2. Штативті лупа( 30 есеге дейін үлкейтеді) Организмдердің ұсақ органойдтерін зерттейді. 3. Электрондық микроскоп ( 50000 есеге дейін). Организмнің барлық органоидтерін зерттейді. 4. Жарық микроскоп(3600 есеге дейін). Жасушаның ірі органоидтерінің құрылысын зерттейді. Микроорганизмдер. Пайдасы: Зимяны: Тамақ өнеркәсібінде ауру тудыратын Медицинада бактериялар туберкулез, холера, оба,т.б. Ауыл шаруашылығында табиғатта Вирустар Тіршілігіндегі ерекшелік: Тірі организмдердің денесінен тысқары жерде қоректенбейді, тыныс алмайды, көбеймейді.Тірі организмге түскеннен тіршілігін бастайды. Вирус жасуша ішіне енгеннен соң, жасушаішілік паразитке айналады. Құрылысындағы ерекшелік: Жасушасыз тіршілік иесі, қатты қабығы бар, ол қолайсыз жағдайдан сақтайды, қатты қабықтың ішінде ДНҚ-сы бар, вирустың өсіндісі бар. Вируспен зақымдану процесі: Вирус өсіндісі арқылы жабысады, иесінің жасуша қабығын ерітіп, вирус ДНҚ –сы жасуша ішіне енеді, қабығы сыртта қалады, вирус түскен жасуша өзінің емес, вирустың ДНҚ-сын синтездейді, осылайша мыңдаған вирус синтезделеді, вирус енген тірі организм вирус таратушы болады. 1г топырақтың құрамында 300 млн 2 млрд-қа дейін бактериялар болады. Адам, жануарлар , өсімдіктер және бактериофагтар жасушаларында өмір сүретін 300-ге жуық вирустар анықталған. Бекіту сұрақтары: 1. Прокариоттарға қандай организмдер жатады? 2. Бактерия мен вирустың ерекшелігі қандай? 3. Бактерияның табиғаттағы маңызы қандай? Үйге тапсырма: тақырыпты әңгімелеу. | |
Просмотров: 1897 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|