Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика |
[ Скачать с сервера (217.3 Kb) ] | 2011-06-11, 8:54 AM |
Семей қаласы № 13 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Мақсұтқанова Әсел Мақсұтқанқызы Сабақтың тақырыбы: Құжатқа фигуралық мәтінді енгізу Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құжатқа фигуралық мәтін енгізуге үйрету. Міндеттері: 1.Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып автофигуралардың көмегімен бейне жасауды, суреттерді кірістіруді қолдану. 2.Алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға дағдыландыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ынтасын дамытуға ықпал жасау және компьютерлік сауаттылықтарын арттыру. 3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз беттерімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа және патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру Көрнекілік: Тірек конспекті, бағалау парағы, тест тапсырмалары,компьютер, интерактивтік тақта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру «Алтын қақпа» ойыны III. Жаңа сабақ түсіндіру IV. Жаңа сабақты бекіту V. Компьютермен жұмыс VI. Тест тапсырмасы VII. Үйге тасырма беру VIII. Бағалау I.Сәлеметсіздерме, отырыңыздар, сабақта кім жоқ. Сабақты бастамас бұрын мен сендерге бағалау парағын беремін. Бұл парақта 3 кесте бар, әр кестеге өздерін баға қойып отырасыңдар. БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ ФИО …………………………………... Сыныбы ……………………………… Үй тапсырмасы Компьютермен жұмыс Тест жұмысы II. Өткен тақырыптар бойынша үй- тапсырмасын тексеремін. Ол үшін біз қазір «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. 1-щі «Тас қақпаның» сұрағы: Мәтіндік құжат дегеніміз не? 2-ші «Күміс қақпаның» сұрағы: Құжатты көшіру, орнына қою командаларын қалай орындаймыз? 3-ші «Алтын қақпа» сұрағы: Мәтінді қалай сақтаймыз? 4-ші «Алтын сандық» сұрағы: Мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы құжат қалай аталады? III. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Құжатқа фигуралық мәтін енгізу. А)Тірек конспектісін пайдаланып: Түр- Құралдар тақтасы – Сурет «Сурет салу» құралдар тақтасы | |
Просмотров: 1732 | Загрузок: 136 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|