| Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика |
| [ Скачать с сервера (931.8 Kb) ] | 2013-04-08, 12:00 PM |
| «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі ___________________ «___________» ________2011 ж Класы: 8«А» Сабақтың тақырыбы: WORD мәтіндік процессоры. Кесте құру. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды көрсету. Дамытушылық: Білім деңгейлерін анықтау, пәнге деген қызығушылығын дамыту. Тәрбиелілік: Ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: - Кесте жасау тәсілдерін; - Ұяшықтарды қосу, алып тастау, біріктіру және ерекшелеу амалдарын; Оқушы меңгеруі тиіс: - Қарапайым және күрделі кесте жасауды; - Дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосу; - Кестеден баған, жол немесе жекелеген элементтерді алып тастауды; - Ұяшықтарды біріктіруді және бөліктерге бөлуді; - Кестені қоршау, қаріптің және кесте ұяшықтарын бояудың түстерін таңдап алуды; Сабақтың көрнекілігі: ДЭЕМ. Интерактивті тақта.Үлестірме парақшалар. Дидактикалық материалдар. Сызбалар. Электронды оқулық. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, Деңгейлік тапсырмалар. Миға шабуыл, Топтастыру. Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті.. Жоспар: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру. Дайындығың қалай? 1) Алгоритмдерін орында: WORD мәтіндік процессорын іске қосу WORD мәтіндік процессорында құжатты алғашқы рет сақтау Мәтіндік құжатты бірден пішімдеу командасы Мәтінге автоматты түрде тасымал орнату Белгілеп алынған мәтінді жылжыту командасы Белгілеп алынған мәтінді көшіру командасы 2) Семантикалық картаны толтыру 3) Электронды оқулықтан: тапсырмаларды орындату. 4)Сұрақтар: Көшіру және орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер. Көшіру және орын ауыстыру операцияларына қолданатын әдістерді атаңдар. Алмасу буфері деген не? Ол қандай жағдайларда қолданылады? 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Кесте құру. (Керекті командаларды дәптерге жаздырып отыру) Кесте –бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құру үшін Таблица→Добавить таблицу немесе Вставка-Таблица-Вставить таблица командасын орындаймыз.. Экранда Вставка таблицы диолгтік терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім бойынша 2 баған ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады. Таблица→Добавить столбцы командасын орындап кестеге баған қосуға болады. Число строк операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Таблица→Добавить строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады. Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды. Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып: - Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз. - Макет- Объединить ячейки Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып: - Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз. - Макет- Разбить ячейки Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып: - Конт менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы - Макет- Удалить строки немесе Удалить столбцы 4. Дербес компьютермен жұмыс Маған айтып берсең ұмытып қалармын, Көрсетіп берсең есте сақтармын, Өзіме жасатсаң үйреніп алармын. (Шығыс нақылы) Шығармашылық жұмыс Әр оқушы өзінің сабақ үлгерім бетшесін жасау Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік. Абылай хан 5. Қорытынды: Тест жұмысы 1. Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпарат А)Ұяшық В)Кесте С)Мәтін 2.Кестедегі ұяшықтарды біріктіру үшін орындалатын команда: А) Макет-Объединить ячейки В) Макет- Разбить ячейки С)Макет -Удалить ячейки 3.Кестедегі қатарлар мен бағандардың қиылысуындағы тор А)Кесте В) Мәтін С) Ұяшық 4. Кестедегі белгілі бір ұяшықтарды бөліктерге бөлу А) Макет-Объединить ячейки В) Макет- Разбить ячейки С)Макет-Удалить ячейки 5. Кестеден белгілеп алынған қатарды өшіру А)Макет-Удалить столбцы В) Макет- Разбить ячейки С)Макет -Удалить строки 6. Кестеден белгілеп алынған бағанды өшіру А)Макет-Удалить столбцы В) Макет- Разбить ячейки С)Макет-Удалить строки Кестеге жаңа қатар қосу А)Конт меню-Вставить столбцы В) Конт меню-Вставить строки С)Макет –Вставить таблицу 6.Үйге тапсырма: Кесте құру. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау. Шығармашылық жұмыс 7. Бағалау № Оқушының аты жөні Үй тапсырмасы І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Шығармашылық жұмыс Тест Қорытынды баға 1. Асанғазиев 2. Ералиев 3. Әлменова 4. Жарқынбекова 5. Танжаров 6. Досқабылова 7. Бекмырзаева 8. Базарбаева 9. Иргизбаева 10. Асылқанов 11. Жүргінбаева 12. Аманжолова 13. Әлімбай | |
| Просмотров: 3671 | Загрузок: 213 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|