| Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика |
| [ Скачать с сервера (36.3 Kb) ] | 2013-04-19, 9:50 AM |
| Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік. Есептеуіш техникасының даму тарихымен таныстыру. 2. Тәрбиелік. Достарын сыйлауға, достықты қадірлеуге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық. Компьютер туралы киялдауға жағдай тудыру. Сабақта пайдаланатын көрнекі – құралдар: Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Пайдаланған әдебиеттер: Интернет көзі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Ақпараттық диктант. 1. Дыбыстық ақпаратты адам қай мүшесі арқылы қабылдайды. /құлағы/ 2. Алғашқы фонограф қалай атанды. /Эдисон фонографы/ 3. «Ақпарат» сөзі қай тілден швққан. /латын/ 4. Ақпарат жинау, қабылдау, өңдеу деп нені айтамыз. /ақпараттық процестер/ 5. Ақпаратты өңдеу тәсілдерін қарастыратын ғылым қалай аталады? /Информатика/ ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. -Қаңбақ-шал бізге әңгіме айтпақшы, тыңдайық! «Ерте – ерте заманда Арыстанбек, Аюкүш деген аңшылар өмір сүріпті. Екеуі отбасыларын аң аулап асырапты. Арыстанбекпен Аюкүш тек жақсы аңшылар емес, жақын жолдас, туыс болған екен. Бірақ аулаған аңдарын бөліскен кезде екеуі ылғи келіспей қалады. Оның себебі, бөлісе келгенде Аюкүштің қолындағы саусақтарының жетпей қалыуында болды, өйткені Аюкүштің кәрі әкесі мен шешесі, жарақаттанған ағасы, 4 ұлы, 3 қызы, әйелі, өзі. Барлығы Аюкүштің отбасында 12 адам болды, ал Арыстанбектің отбасында 5 қызы, әйелі мен өзі ғана. Аюкүшпен Арыстанбек әрі ойланып, бері ойланып, санау құралы ретінде таяқшаларды, тастарды пайдалануға болатындығын түсінді. Осындай жаңалықты ашқаннан кейін, достар ешқешан ренжіспейтін болыпты. Уақыт бір орында тұрмайды. Аюкүшпен, Арыстанбек те қартайды, олардың ұл қыздары өсіп, кәртайған ата-аналарын асырауға да жарап қалды. Олар өз заманында «абақ» (сурет1) атты санау құралымен құралмен пайдаланды. Аюкүшпен Арыстанбектің немерелері өз замандарында есепшотты (сурет 2) қолданды. Мне осылайша есептеу құралдары дамыды». Сергіту сәті (3 минут) Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір. Қараймыз бәріміз Аяққа бір, қолға бір сурет 1 Абақ сурет 2 Шот сурет 3 Паскальдің машинасы сурет 4 Арифмометр сурет 5 Дербес компьютер Осыдан 3,5 ғасыр (1642 ж) бұрын өмір сұрген француз математигі Блез Паскальдің әкесі санақшы болып жұмыс істеген екен, әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында ол санау құрылғысын ойлап тапты. Ол құрылғы үлкен сандарды қосу мен азайту амалдарын орындады, «Паскальдің аналитакалық машинасы» (сурет 3) деп аталған болатын. 1694 жылы өмір сүрген неміс математигі Лейбниц Паскальдің машинасын әрі қарай дамытып, көбейту мен бөлу амалдарын орындатты. Лейбниц оны «Арифмометр» (сурет 4) деп атады. Бірінші шыққан компьютерлер өте үлкен көлемді, олар сендер отырғандай бөлмеге әрен сиятын. 20 ғасырдың басында оқымыстылар кіші микросхеманы шығарған себебінен дербес компьютерлер (сурет 4) пайда болды. IV. Үй жұмысын тексеру. Оқушылардың суреттерін тақтаға іліп қорғайды. V. Үйге тапсырма. «Менің ойлап шығарған компьютерім» тақырыбына эссе жазып келу. VI. Сабақтың қорытындысы. -Балалар, бүгінгі сабақтан кім нені түсінді? Қандай жаңалық естідіңдер? | |
| Просмотров: 3380 | Загрузок: 263 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|