Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Компьютерлік вирустардан қорғау
[ Скачать с сервера (202.5 Kb) ] 2013-05-22, 2:18 PM
Нурканова Жаныл кайратовна
Учитель информатики
СШ №2 г. Тайынша
Тайыншинского района СКО
ИНФОРМАТИКА 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік вирустардан қорғау»
Сабақтың мақсаты: а) Компьютерлік вирустардан қорғану әдістерін, вирусқа қарсы
программалардың жіктелуін үйрету;
ә) оқушылардың ой-өрісі, дүниетанымын кеңейту,
шығармашылықпен жұмыс істеуге ба
б) өз ойларын еркін айта білуге тәрбиелеу

ИНФОРМАТИКА 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік вирустардан қорғау»
Сабақтың мақсаты: а) Компьютерлік вирустардан қорғану әдістерін, вирусқа қарсы
программалардың жіктелуін үйрету;
ә) оқушылардың ой-өрісі, дүниетанымын кеңейту,
шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;
б) өз ойларын еркін айта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары, электрондық оқулық,
топшамалар жинағы
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілікті, пікірталас

САБАҚ БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру.
II «Ой толғау» (Үй тапсырмасы)
III «Ой талқы» (Жаңа тақырып)
IV «Ой сергіту» (Сергіту сәті)
V «Ой түйін» (Беркіту тапсырмасы)
VI Қорытынды.

II «Ой толғау» (Үй тапсырмасы)
1. ДК-мен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғылар? (жүйелік қорап, монитор, перне тақта)
2. Принтер қандай қызмет атқарады? (ақпаратты қағазға басып шығарады)
3. Принтердің түрлерін атаңдар.(матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)
4. Ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар? (флэш-жадылар, дискеттер, CD-дискілер)
5. ОЖ дегеніміз не? (Компьютердің құрылғыларын басқаратын арнайы программа)
6. Интерфейс дегеніміз не? (Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі)
7. Интерфейстің түрлері? (Командалық, терезелік)

ІІІ. «Ой талқы» (Жаңа тақырып)
Жаңа тақырыптың мазмұнын оқушыларға сұрақтар қою арқылы ашып аламын.
- Оқушылар «вирус» деген сөзді естідіңдерме?
- Оқушылар жауабы
- Вирус дегенде көз алдарыңа не елестейді?
- Оқушылар жауабы
Олай болса өздерің айтқан вирустар компьютерде де болады екен.
Өздігінен көбеюге қабілетті басқа программаларға залалын тигізуге қабілетті шағын программаны компьютерлік вирустар деп айтады. Қазіргі кезде вирустың 50 мыңнан астам түрі бар.
Вирустардың жіктелуі. Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.
Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS жѕне т.б.) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін және файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мәліметтерді өшіріп тастау, аттарын және басқа да атрибуттарын өзгерту және т.б.) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды және файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.

2. Вирусқа қарсы программалар
Вирустардан қорғау және зақымдалған компьютерлерді емдеу үшін антивирустық программалар қолданылады, оларды әрекеттеріне қарай детекторлар, ревизорлар және полифагтар деп бөлуге болады.
Ревизорлар. Ревизорлардың жұмыс істеу принципі дискіде сақталған файлдардың бақылау қосындыларын есептеуге негізделген. Бұл қосынды, сонымен бірге бұдан да басқа ақпараттар (файл ұзындығы, олардың соңғы өзгертілген уақыты және т.б.) вирусқа қарсы құралдың мәліметтер қорында сақталады.
Детекторлар- вирустарды тауып қана қояды.
Полифагтар. Полифагтардың жұмыс істеу принципі файлдарды, секторларды және жүйелік жадыны және олардағы белгісіз және жаңа (полифагқа белгісіз) вирустарды тексеруге және емдеуге негізделген. Қазіргі кездегі антивирустық программалар полифагтарға жатады.
1. Вирустан қорғау, ұстау және емдеу.
1. AntiViral Toolkit Pro полифаг-сканерді іске қосыңыз.
2. Облыс бөлімінен тексеруге қажет дискіні таңдаңыз.
3. Объектілер бөлігінде тексерілетін объектілердің типін (оперативті жады, жүктеу секторы, әртџрлі типтегі файлдар) таңдаңыз.

AntiViral Toolkit Pro терезесі.

4. Әрекеттер бөлігінде вирус табылғандағы әрекеттерді (Тек есеп, Емдеуге сұраныс, Сұраныссыз емдеу, Сұраныссыз жою) таңдаңыз.
5.Пуск батырмасын шерту арқылы тексеруді бастаңыз.
6. Вирус табылған жағдайда емдеуге сұраныс пайда болады.
7. Тексеру аяқталғаннан кейін қосымшаның оң жақ төменгі шетінде табылған вирустар мен емделген файлдар туралы мәлімет пайда болады.

IV «Ой сергіту» (Сергіту сәті)
V «Ой түйін» (Беркіту тапсырмасы)

Практикалық жұмыс.
Жұмыс үстеліндегі “Информатика 8 сынып” электрондық оқулығын ашып,
“Вирустар. Вирусқа қарсы бағдарламалар” модуліне кіріп, одан №5, №7, №10
тапсырмаларын орындаңдар.
MS Excel-де жазылған тест орындап болған соң, бағалайды.

Жұмыс үстеліндегі «Тест 8» файлын ашып, тест тапсырмасын орындаңдар.
Тест тапсырмасын орындап болған соң, оқушы жауаптары компьютерде автоматты түрде бағаланады.

VI Қорытынды. (Оқушыларды бағалау, үйге § 5.5 оқу)
Категория: Информатика | Добавил: инфо
Просмотров: 3471 | Загрузок: 1396 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2026-05-18, 0:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники Хиджаб любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru