Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Қайталау операторы
[ Скачать с сервера (41.5 Kb) ] 2013-05-22, 2:19 PM
Нурканова Жаныл кайратовна
Учитель информатики
СШ №2 г. Тайынша
Тайыншинского района СКО
ИНФОРМАТИКА 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік : 1) while операторы.
2) repeat операторы
3) Блок-схема
Дамытушылық: Әр оқушының ой қабілетін арттыру,есте сақтау,есеп шығара білу ,осы тақырыпқа байланысты кең білімді түсінік беру.
Тәрбиелік : Оқушыларды еркін сөйлеу білуге, ұқыптылыққа жауапкершілікке,ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілік: Сызба.Плакаттар.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру
-оқушылармен танысу
- сынып тазалығын тексеру,оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
3. Үй тапсырмасын қорытындылап,жаңа сабақ мақсатын түсіндіріп,
тақырыбын тақтаға жазу.
4. Жаңа сабақтың мазмұны
Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға болады.
Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық-For,шартын алдын ала тексеретін цикл-while,және шартты соңынан тексеретін цикл-Repeat.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып,онда while,Repeat операторлары пайдаланады.Ал For операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
while операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор while(оқылуы : уаил,аударылуы әзірше)және Do(оқылуы:ду,орындалу болып аударылады)түйінді сөздер қолданылып орындалады.Оның синтаксистік диаграммасы.



while операторының жазылуы пішімі мен орындалуы
while <Шарт> Do
begin
<1-оператор;>
<2-оператор;>
......
<n-оператор;>
END.

Алгоритмдік тілмен салыстырып қарайтын болсақ,онда жолдар сәйкестігін көреміз.
Алгоритмдік тілде
әзірше шарт
цикл басы
1- оператор;
2- оператор;
....
n-оператор;
цикл соңы.

Ескерту: Егер шарт бірінші тексергеннен-ақ жалған болса,онда цикл орындалмайды.
1-мысал: Евклид алгоритмі бойынша берілген m,n-екі санның ең үлкен ортақ бөлгіш табу керек.Ол үшін мына өрнекті пайдаланамыз:

Блоксхема есептің шығару жолын көрнекі түрде бейнелеп,оның программасын құру кезінде қате жібермеуді қамтамасыз етеді.

program E1(*екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу*);
var n,m,x,e,y : INTEGER;
begin
write ('m,n сандарын енгізіңдер:')
readln(m,n);
x:=m; y:=n;
while x<>y Do
if x>y THEN x:=x-y ELSE y:=y-x;
e:=x;
writeln('Ең үлкен ортақ бөлгіш =',e);
END.

Repeat операторы.Repeat қайталау операторы while операторына ұқсас,айырмашылығы
қайталану шарты цикл соңында тексеріледі,сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады.
Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып,ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады( while операторында керсінше болатын).
Repeat (оқылуы:рипит,қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы: антил,дейін,шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.

Диаграммаға сәйкес оның орындалуы мен жазылу түрі көрсетілген.
Repeat
<оператор 1>;
<оператор 2>;
......
<оператор n>;
UNTIL<шарт>;
while операторы көмегімен шығарылған .1-мысалда енді Repeat операторымен қайталап шығарайық,программада қандай оператор қолданатынымызға байланысты алгоритм схемасы да,программасы да аздап өзгеріске ұшырайды.

program E1(*екі санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу*);
var n,m,x,e,y : INTEGER;
begin
write ('m,n сандарын енгізіңдер:')
readln(m,n);
x:=m; y:=n;
Repeat
if x>y THEN x:=x-y ELSE y:=y-x;
UNTIL x:=y;
e:=x;
writeln('Ең үлкен ортақ бөлгіш =',e);
END.

2-мысал.Бұл нұсқада n!мәнін біртіндеп кеміту арқылы орындалады,яғни
n!=n(n-1)(n-2)...3*2*1

program factorial 1;
var n:integer; p:real;
begin
write ('n сандарын енгізіңдер:')
readln(n);
p:=1;
repeat
p:=p*n; n:=n-1;
until n:=0;
writeln('n!=',p);
END.

5.Бекіту сұрақтары:
1. while операторының жазылу пішімі?
2. repeat операторының синтаксистік диаграммасы?
3. while және repeat операторларыының бір-бірінн айырмашылығы?

6. Қорытынды.
Сонымен,бүгінгі сабақта біз қайталау операторының белгіленуі мен блок схемасын,
repeat операторының программаларын мысал ретінде көрсеттік.
7. Оқушы білімін бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Қайталау операторлары.
Категория: Информатика | Добавил: инфо
Просмотров: 2867 | Загрузок: 153 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2026-05-02, 4:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс педагогика стихи пушкин МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья планы воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад мама воздух Абай коучинг эссе

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru