Мектеп-лицеі №7, Семей қаласы Мұғалімдер: Балтабаева В.Қ., Сангалиева Г.К. Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы. Компьютермен жұмыс істеу. Сынып: 6 Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік-дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Бейбіт өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін ұғындыру. Сабақтың түрі: Біріккен сабақ - қазақ әдебиеті, информатика Сабақта қолданылған әдістер: түсіндіру, әңімелеу, іздендіру, талдау, өздігінен білім алу, көрініс, салыстыру, жеке, топтық жұмыс, суретпен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, тест, компьютермен жұмыс. Сабақта қолданылған технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік технология, ойын технологиясы, сын тұрғыдан ойлау технологиясы. Сабақтың көрнекілігі: а) компьютер,тақта ә)А. Байтұрсынұлы мен И.А. Крылов портреттері. б) тірек - схемалар в)мысал бойынша берілген сюжеттік сурет-слайдттар в) үй жұмысы бойынша оқушылар жасаған презентациялар г)көрініске арналған киімдер Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, информатика Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру. 2. Кезекшінің анықтамасы. 3.Информатика кабинетінде жұмыс істеу ережелерін қайталау. Повторение правил ТБ на уроке: 1.Что нельзя делать во время урока? Предположительные ответы детей: - бегать, прыгать, ходить - работать мокрыми руками - близко сидеть к монитору - не обязательно вставать, когда отвечаешь - на клавиатуру ничего нельзя ложить 2. Что можно делать в кабинете? Предположительные ответы детей: - отвечать не вставая - нужно сидеть прямо 3. На каком расстоянии нужно сидеть от монитора? Предположительные ответы детей: - нужно сидеть на расстоянии вытянутой руки от монитора 4. В течение урока учащиеся должны проделывать некоторые упражнения для глаз и пальцев рук (если устанут глаза или пальцы рук). ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру: -Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың дарынды ақыны, аудармашы, педагог – ғалым А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен танысамыз. Ауызша сөйлеу, мәнерлеп оқу, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерімізді дамытамыз. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін түсінесіңдер. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп жауап береді. /презентация/ І топ – А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы. ІІ топ – Мысал деген не? /тірек-сызбамен жұмыс/ ІІІ топ – «Қасқыр мен тырна» мысалы. /көрініс қою/ І топтың оқушылары А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздерінің дайындап келген презентацияларын қорғайды. ІІ топ жалпы мысал жанры туралы айтып, А.Байтұрсынұлының мысалдарына , аудармашы ретінде қандай орыс ақынының мысалдарын аударғанына тоқталады. ІІІ топ «Қасқыр мен тырна» мысалы бойынша көрініс дайындап, шығармашылық жұмыстарын ортаға салады. Көрініс қою. IV. Жаңа материалды түсіндіру: - Бүгінгі сабақтың айдары: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - Бұл мақалды қалай түсінесіңдер? - Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Бүгінгі сабақта барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз. -Ахмет Байтұрсынов Крыловтың неше мысалын аударған? А.Байтұрсынов И.Крыловтың қырық мысалын аударған. -Мысалдар жинағы қалай аталады? Мысалдар жинағы «Қырық мысал» деп аталады. -Ол кітап қай жылы, қайда басылған? Ол кітап 1909 жылы Петербургте басылған. -Сонымен, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Осы адамдардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамыған жанр. - Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі аудармашы. Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет. Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстап кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян » мысалымен танысамыз. - Мысал орысша қалай аталады? - Бұл кімнің мысалы? - Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз. 1.Жаңа сөздерді игеру. - оқушылар құлаққапты киіп, сөздерді аудармасымен екі рет тыңдайды - әр сөзді тыңдап болған соң қайталайды - сөздердің аудармасын орнына дұрыс қояды Компьютерде жаңа сөздер берілген, ал аудармасының орындары ауысып жазылған. Тышқанның көмегімен сөздердің аудармасын орнына қою керек. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на текстовый редактор Word; 2. Открытие заготовки «Слова»; 3. Перенести слова на нужные ячейки в таблице. шаян – рак мәз болмады – не были рады шортан – щука ғибрат – назидание, пример аққу - лебедь әуелі – с начало, с перва жегіліп – впряглись бірлік – единство тартты – тянули айқанына көнбеу – не слушаться кейін – назад ынтымақсыз – без согласия машақат - трудность ісің оңбас – на лад твоё дело не пойдёт 2.Мысалмен жұмыс. - Енді мысалмен танысалық. /Өлеңді оқушылар құлаққаптарын киіп, компьютерден тыңдайды. Тыңдап болған соң мәтінді оқиды./ Мәтін: Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады аққу көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмсаса орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы жұк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр. Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Оқушылардын экрандарында мысалға байланысты суреттер шығады. Мұғалім мысалдың әр шумағын оқып, оқушылармен бірге суретке қарап талдайды. "Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады. Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу—көкке, Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болса жолдас. Бірінің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты өнеге береді. Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады. 3. Мәнерлеп оқу. Мысалды қазақ тілінде екі қатардан екі оқушы мәнерлеп оқиды. 4. Ойын «Кім жылдам?» Мысалдың орыс тіліндегі аудармасы берілген, ал қазақ тілінде мысалдың әр жолы құрақ қағаздарға жазылған. Оқушылар екі топқа бөлініп І топ 1,2 шумағын, ІІ топ 3,4 шумағын құрақтарды жинап құрастырады. 5.Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкенде тігінен МЫСАЛДАР деген сөзді оқуға болады. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel; 2. Открытие заготовки «Кроссворд»; 3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш; 4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки» V. Білімдерін бекіту. Тест. Тест жұмысы компьютерде орындалады. Сұрақтарға жауап беріп болған соң қорытындысы бірден шығады. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel; 2. Открытие заготовки «Тест»; 3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш; 4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки» 1.А.Байтұрсынұлы кім? а/ғалым, ақын ә/күйші, сазгер б/академик, жазушы 2.А.Байтұрсынов қай жылы туды? а/1897 ә/1902 б/1873 3.Оның қандай шығармалары бар? а/ «Қыс», «Жазғытұры» ә/ «Әке мен бала», «Асан мен Үсен» б/ «Қырық мысал», «Балаларды оқуға шақыру» 4.Мысал дегеніміз не? а/өлеңмен жазылған аллегориялық шығарма ә/тарихта болған адамдар туралы шығарма б/ертеден келе жатқан халық даналығы 5.Ақын кімнің шығармаларын аударды? а/И.Крылов ә/С.Есенин б/М.Горький 6.Ынтымақ сөзінің синонимін тап а/қиындық, машақат ә/бірлік, татулық б/достық, жолдастық 7. «Қырық мысал» кітабы қай жерде басылып шықты? а/Торғайда ә/Алматыда б/Петербургте V.Жазба жұмысы. Енді мына сөздерге назар аударыңдар, мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік: 1)еңбекқор 7)ақылды 2)әдепсіз 8)залым 3)мейірімді 9)өз Отанын сүйетін патриот 4)ақылсыз 10)еріншек 5)жалқау 11)сауатты 6)дарынды 12)білімді - Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын. VІ. Қорытындылау. - Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян! - Авторы – А. Байтұрсынұлы. - Аллегориялық образы: аққу, шортан, шаян. - Балалар, олар қайда өмір сүреді? - Олар суда өмір сүреді. - Олар не істемек болды? - Олар жүкті тартпақшы болды. - Олардың жүктері неге қозғалмады? - Өйткені олар бір бағытқа емес, әр жаққа тартты. - Ал, егер олардың бірі күшті болса, не болмақ? - Егер олардың бірі күшті болса сол тартып кетер еді. - Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр? - Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген. - Мұндай бейнелеу қалай аталады? - Мұндай бейнелеу аллегория деп аталады. - Мысалда түйінді ой болады дедік, ол не? - Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті. - А. Байтұрсынұлының мысалынан түйінді ойыды кім тауып оқып береді? Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. - Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады. - Мысал бізді неге шақырады? - Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Ақынның айтар ойы ,өсиеті де осы. - Сендер біріге жұмыс жасап өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығыңа баға қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын! VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма: - Мысалды мәнерлеп оқу, түйінді ойды жаттау
|