Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (950.4 Kb) ] | 2017-04-09, 1:42 PM |
Мектеп: «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі: Агажанова Акерке Серикбековна Сабақтың тақырыбы: «Магнит» Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау; Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу; жүргізілген экспериментті түсіндіру. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. Сабақ тақырыбы: Магнит Мектеп: «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Күні: 17.03.2017 Мұғалімнің есімі: Агажанова Акерке Серикбековна СЫНЫП: 1 «А» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: 1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру Тілдік мақсат: Магнит, тарту, тебу Ресурстар: • жолақты магниттер (әр оқушыға); • металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарындаштар және т.б.); • көзәйнек (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат; • құм салынған табақша; • ине; • пластикалық құмыра. Интернет-ресурстар: • магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау; Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу; жүргізілген экспериментті түсіндіру. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. Күтілетін нәтиже Оқушылар: магниттік қасиетке ие заттар болатынын біледі; магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді. Сабақтың барысы Сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басталуы І. Шаттық шеңбері (Ұ)Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге! А) топқа бөлу Ортасы ІІ. Кітаппен жұмыс Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіненазар аударту. Сұрақтар: — Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.) — Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.) — Эврика не істемекші? — Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.) — Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.) ІІІ. Видеоролик / Фиксики/ Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі. Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады. Электромагнит — өзінен электр тогын өткізгенде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады. IV. Зерттеу жұмысы 1-топ.Табақшадағы құмның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін табу. Дескриптор: Оқушылар табақшадағы құмның бетімен магнитті жүргізеді; магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады. 2-топҚұмырадағы су ішінен темір бұрандалармен сомындарды, резеңке бөлшегін табу. Дескриптор: Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады; магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізіп магниттік қасиеттерге тән заттарды таба алады 3-топҚатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көрсету керек. Оқушылар қатты қағаз астымен магнитті жүргізеді; «Магниттің тартылысы қатты қағаз бетінің арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. 4-топ.Шыны әйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексереді. Дескриптор: Оқушылар шыны әйнектің астымен магнитті жүргізеді; “Магниттің тартылысы шыныдан өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады. V. Ширату жаттығуы. Гүл ашылса аулада, Бал арасы келеді. Бал арадан кейін, Көбелектер келеді. Көбелектер әр – турлі, Қызыл, сары, көк пен ақ. Жүгіріп барсаң қасына , Ұшып кетеді бірақ. Ерте көктем келгенде, Көп гүлдер егемін. Көбелектердің барлығын Үйімізге жинаймын V. Сен білесің бе?/Видеоролик/ Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіру. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсету. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айту. VІІ. Пәнаралық байланыс. Оқушылармен бірге тұсбағар (компас) жасау. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магниттеп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойғанда сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәтижені тұсбағар көмегімен тексеруге болады. VІІІ. Қосымша тапсырмалармен жұмыс. Тапсырма. Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің тұсына () белгісін қой. Дескриптор: - магниттік қасиеті бар заттарды белгілейді; - дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді. ІХ. Дәптермен жұмыс. АКТ Оқулық Видеоролик Құм, темір шеге, бұранда, пластмасса, резеңке, магнит Су, резеңке, темір шеге, магнит Қатты қағаз, қағаз қыстырғыш, магнит Шыны әйнек, қағаз қыстырғыш, магнит Көбелек, ара суреті Видеоролик Ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит Таратпа материалы Соңы ІХ.Кері байланыс: «Еркін микрофон» Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді. Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. Кемелер Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? | |
Просмотров: 739 | Загрузок: 8 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|