Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2019-05-17, 6:38 AM | |
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" КММ. Токтарова Назигул Токанбековна. Мақсаты: Желтоқсан жұлдыздарымен таныстыру.Отанды қорғап, сүюге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Желтоқсан жұлдыздарының суреттері , «Желтоқсан ызғары» атты суреттер. Барысы: Мұғалім. - Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсанына арналған «Желтоқсан жұлдыздары» атты тәрбие сағатын өткізбекпіз. 1986 жылы 16 желтоқсанында қазақ елінің азаттығы үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ешбір қазақ ұмытуға тиіс емес. Алтынай. Желтоқсан айы естесің, Дауыл боп бұрқап ескенсің. Азаттық күйі қашаннан, Көкейін елдің тескенсің. Мерлат. Шектеліп ана тіліміз, Оқылмай өлең-жырымыз. Жабылып жатса мектептер, Жадырар қалай күніміз? Аида. Тарылып жатса даламыз, Қайтіп біз тыныс аламыз ? Қақымыз да жоқ айтуға, Әділет қайдан табамыз ? Бек. Бұрқ етті қазақ баласы, Кеудеде өршіп наласы. Алаңға қарай ағылды, Таусылып барлық шарасы. Мөлдір. Жібердік еркін ат басын, Қиянат жанға батқасын. Тоқырау таңын күйреттік, Деп:: «Теңдік күні батпасын!». Ердәулет. Жанымыз жомарт қазақпыз, Мәңгүрт боп кете жаздаппыз. Қосайық басты, бауырлар, Жайнайық жансақ маздап біз. Музыка әуені: « Желтоқсан желі ». Екі – үш милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып-соға бастайды. «Ұлтшылдар!», «Бұзақылар!» деп ортадан қуа бастайды. Бекзат. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым , өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім. Хор. «Желтоқсан желі» ( Әбдірахман Асылбеков ) Мұғалім. Осындай қатігездікті көрген, оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар. Ердәулет. (Қайрат ) Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық» Атам десең атыңдар. Мұғалім. Ол әділеттің , шындықтың жеңетініне іштей сезеді. Қайраттан қорыққан Колбин мен оның қолшоқпарлары одан тез құтылу үшін «атылсын» деп үкім шығарады. Өкінішке орай , 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады. Желтоқсан оқиғасына қатысқандар:Ербол Сыпатаев,Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асановалар еді. Желтоқсан оқиғасының құрбандары түгелдей ақталды. Халықтың қолдауының арқасында желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіштер ашылып, көше аттары берілді. Қорытынды. Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз. Сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Ән: «Отаным» орындайтын хор. Осымен бүгінгі тәрбие сағаты аяқталды. Сау болыңыздар. | |
Просмотров: 329 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|