Тақырыбы: ХХI ғасыр көшбасшысы Мақсаты: оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекілігі: ұлы адамдардың сөздері, ойыншық ұялы телефон, мақтау қағаздары Барысы: 1-жүргізуші: Сәлем достар аман ба? Мына бейбіт заманда Қуантамын бәріңді, Білімдіден қалам ба? Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты сайыстың куәгері болғалы отырсыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші: Ақыл – тон аңдағанға тозбайтұғын, Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын. Қатарың оза шауып бара жатса, Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз. /Байқауға қатысушылар ортаға шығады./ 1-жүргізуші: Өнер менен білімде Әркімнің өз жолы бар. Сайысарлық бүгінде Өзіндік менің үнім бар, - дегендей шын жүйріктер жарыста сыналады.Әділқазы бағалайды. Сіздерді, Жеңіс – мәре жақын ба әлде алыс па, - демекші қазылар алқасымен таныстырайық. /Қазылар алқасымен таныстыру/ 1-жүргізуші:
|