| Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
| [ Скачать с сервера (42.5 Kb) ] | 2012-01-11, 1:27 PM |
| Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектеп. Бастауыш кластағы көбейту мен бөлу амалдарын меңгертудің жолдары Дайындаған: Қуаншалиева С.Ж. Жәнібек – 2011 жыл. Білім бастауы – бастауыш мектепте берілетіні анық. Бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Сол пәндердің бірі – м а т е м а т и к а. Есеп адам өмірінде де, жалпы қоғамның өмір сүруі үшінде аса маңызды роль атқарады. Адам өміріндегі түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу үшін өзінің ақыл ойын жұмсайды. Сондықтан да адамның күнделікті өмірінің мазмұнын әр түрлі есептерді шешумен салыстыруға болады. Қазіргі заман математиканың жан-жақты дамыған кезеңі. Ғылымның қай саласын алсақ та, математикалық білім жүйесінің қолданылмайтын жері жоқ. Мысалы: физика, биологияда, географияда, космосты игеруде және т.б. ғылымдар саласында математика ең қажетті ғылым. Математикалық білім көзінің бастауы, бастауыш кластардан басталатын математикалық ұғымдардың алатын орны ерекше. Сол ұғымдардың ішінде амалдар ұғымы (қосу, азайту, көбейту, бөлу). Математика мазмұны кіріктірілген пәндерден тұрады. 1-ші арифметика, 2-ші геометрия, 3-ші алгебра, 4-ші шамалар. Бүгінгі менің тоқталғым келіп тұрған тақырыбым «бастауыш кластағы көбейту мен бөлу амалдарын меңгертудің жолдары» Көбейту мен бөлу амалына дейін оқушылар ауызша жазбаша қосу мен азайту, сандардың разрядтық құрамы, тура және кері санау, артық, кем, тең, тиесінше және тең бөлу ұғымдарын жетік меңгеруі тиіс. Көбейту амалымен таныстырғаннан кейін, көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екенін дәлелдей отырып түсіндіріледі. 3 + 3 + 3 = 9 3 х 3 = 9 6 + 6 + 6 = 18 6 х 3 = 18 Сондай – ақ көбейту және бөлу амалының компоненттерімен танысытырылады. Мыс: көбейткіш көбейткіш көбейтіндінің мәні. Бөлінгіш бөлгіш бөліндінің мәні. Бөлу амалымен таныстырғанда тақырыпты түсіндіру үшін ең әуелі көрнекі материалдармен жұмыс жүргізіледі. Мыс: 1) Тең бөлу: 12 алманы екі ыдысқа тең бөліп сал. 12 : 2 = 6 2) Тиесінше бөлу: 12 алманы әр оқушы үшеуден бөліп алды. Неше оқушы алма алды? 12 : 3 = 4 Осындай түрде көрнекілік арқылы дәлелдей отырып түсіндіріледі. Қатені болдырмау мақсатында мынадай тапсырмалар беруге болады. 1) Мүмкін болған жерде қосуды көбейтумен алмастыр: 5 + 5 + 5 + 5 42 + 42 3 + 6 + 5 4 + 6 + 8 2) 9 х 3 + 13 + 37 = 77 80 – 35 : 9 х 7 = 35 Кестелік көбейту мен бөлу тақырыбындағы ең негізгі мәселе – көбейту мен бөлуді меңгерту, көбейту кестесін жатқа білу және оны есептеу барысында машықтану болып табылады. Мысалы: 8 х 9 = 72 6 х 4 = 24 9 х 8 = 72 4 х 6 = 24 72 : 8 = 9 24 : 4 = 6 72 : 9 = 8 24 : 6 = 4 Түріндегі амалдарды көбейту кестесін жатқа біле отырып, шешуін табуға дағдыландыру. Бірдей сандардың бірнеше рет қайталануы көбейту амалымен алмастырылады деген ұғым көрнекілік арқылы пысықталады. 2 + 2 2 х 2 3 х 3 3 + 3 + 3 4 + 4 + 4 + 4 4 х 4 3 + 3 3 х 2 Көбейту кестесін құрастыру үшін ең әуелі көрнекілікпен жұмыс жүргізіледі. Көбейту кестесімен бірге бөлу кестесі құрастырылады. - Екі алмадан неше рет салдым 2 х 1 = 2 2 х 3 = 6 2 х 5 = 10 - Екі алмадан неше рет салдым 2 х 2 = 4 2 х 4 = 8 2 х 6 = 12 Осылайша түсіндіру оқулықпен жалғасады. Көбейту мен бөлу амалы өзара кері амалдар болып табылатыны есеп шығару барысында дәлелдей отырып түсіндіріледі. Мыс: 24 : 8 = 3 3 х 8 = 24 Бұл тақырыптағы оқушы білуге тиісті негізгі төрт ереже бар: 1) Көбейту және бөлу кестесін білу; 2) Бөлінгішке жақын бөлгішке бөлінетін ең үлкен санды таба білу; 3) Қалдық әр уақытта бөлгіштен кіші болуы керек; 4) Қалдық пен бөлуді жаза білу; 23 : 4 = 5 (3 қалдық) 23 – 20 = 3 20 : 4 = 5 23 : 4 = 5 (3 қалдық) Екі және үш таңбалы сандарға көбейту және бөлу тақырыбын түсіндіру ережесі пысықталады. Q санын 4 – ке көбейту дегеніміз оны қосылғыш ретінде 4 рет алу, сонда Q х 4 = Q + Q + Q + Q деген ереже шығады. 426 х 3 = (400 + 20 + 6) х 3 = 1200 + 60 + 18 = 1278 Көбейту мен бөлуді ауызша есептеу қиын болған жағдайда жазбаша есептеу қолданылады. Ауызша есептегенде мысал жолға, ал жазбаша есептегенде баған түрінде жазылатыны түсіндіріледі. Ауызша есептегенде жоғарғы разрядтың бірлігінен басталады, жазбаша есептегенде төменгі разрядтан бастап көбейтіледі. 3 класта бағандап жазбаша көбейту үшін әуелі бірліктерді, ондықтарды, жүздіктерді көбейтіп, толымсыз көбейтінділерді жеке-жеке қосып мәнін табады. 453 1) Жазамын х 2 2) Бірліктерді көбейтемін 3) Ондықтарды көбейтіп, екінші толымсыз көбейткішті 906 анықтаймын 4) Жүздіктерді көбейтіп, үшінші толымсыз көбейтіндіні табамызҚосамын, жауабын оқимын. 27680 80 240 346 368 -320 480 - 480 0 Бірінші толымсыз бөлінгіш 276 жүздік, демек бөліндіде 3 цифр болады. 276 – ны 10-ға бөлеміз, шыққан бөліндіні 8 – ге бөлеміз, 3 шығады. Қанша жүздікті бөлгенімізді табамыз. 240. 36 жүздікті 80-ге жүздіктер шығатындай етіп бөлуге болмайды, сондықтан екінші толымсыз бөлінгішті құрастырамыз. Ол 360 ондық. 360-ты 80-ге бөлеміз, 4 болады. Қанша ондық қалғанын анықтаймыз. Ол 48 ондық. Үшінші толымсыз бөлінгішті құрастырамыз ол 480 бірлік. 480-ді 80-ге бірліктер шығатындай етіп бөлуге болады. Жауабын оқимын 346. Бұл тақырыпты меңгерту қалдықпен бөлу, үлес ұығымы, логикалық тапсырмалар арқылы шындала түседі. Осындай түрлі тапсырмаларды орындау арқылы математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың ойларын өрістетуге логикалық қабілетін дамытуға, ізгілік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады. | |
| Просмотров: 11498 | Загрузок: 526 | | |
Форма входа |
|---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|