Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ · Скачать удаленно (6,23 mb) ] | 2012-01-13, 4:14 PM |
Сынып сағатының тақырыбы: Астана-бас қала. Мақсаты: Білімділік:Астана қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, , ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу. Түрі: сыныптан тыс іс-шара. Көрнекілігі: Интерактивтік тақтадағы слайдтар, плакаттар, оқушылар шығармашылығынан суреттер. Барысы: 1. «Шаттық шеңбері». 2. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру. 3. Оқушылырды сапқа тұрғызу. Әнұранды орындау. 4. Астана тарихы-слайдты көрсету. 5. Әдеби монтаж. 6. Астана қаласына саяхат. 7. «Жүректен жүрекке»-ізгі тілектер. 1. Ұйымдастыру. 2. «Шаттық шеңбері» 2 cлайд Аружан М Гимназия атты мектептің, Тәрбиелі баласымыз. Алдымен қонақпен, Сәлемдесіп аламыз. Еркежан С Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! Мерекелі осы күн! Аружан М Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге, Бас иеміз біз! Еркежан Күндей жадырап, Айдай арайлап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі мерекемізді бастаймыз! Әнұран орындау экранда фондық сүйемелдеу. Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы:«Астана- бас қала». Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми тұсау кесері өткізілді. Астана қиялға бай, шексіз сәулетті. 1-жүргізуші: Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік. 2-жүргізуші: Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды. Мұғалім: Ал, балалар Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер? 1 оқушы Аружан М Астана –арман қала, Бағы бар жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Астана-сұлу қала, Біз оны анамыздай Сүйеміз шынында да. 2-оқушы: Еркежан С Сәулесі түскен Есілге, Сарыарқа төсінде. Армандай әсем қала бар, Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде. Астанам саған табынам, Аңсаймын, сағынам. Таңдарың қандай жарқын, Жандарың қандай алтын, Бақытқа бастаған Астанам. Биікте болсын байрағың! 3-оқушы: Шұғыла Мақтаным, айбарым. Күн өткен сайын құлпырып, Көктемгі әсем гүлдей жайнаған. Елордам менің еңселі, Ерліктің өлшемі. Арудай қала, аяулым, Мәңгілік сүйіп өтем мен сені. Мұғалім: Ал, енді балалар, Біз Астана қаласына саяхат жасайық. Слайд 4 1 ж: Аружан, сен Астана қаласында болдың ба? 2 ж: Ербол, жоқ, мен болған жоқпын. Ал сен ше? 1 ж Мен де болған жоқпын. Мұғалім: ..., ... сендер Астана қаласына саяхат жасағыларың келеді ме? 1-2 ж (бірге): Иә , мұғалім. 1 ж: (сыныпқа қарап) Балалар, сендер бізбен саяхатқа барасыңдар ма? Бәрі: Иә, біз де барамыз! Мұғалім: Онда саяхатымызды бастаймыз. 1 ж Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз. Ол- «Астана-Бәйтерек» кешені. 2ж. Ол өте биік, зәулім және әдемі. Слайд 5 -6-7 Мұғалім: Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады. Слайд 8 1 ж. Астана қаласында демалатын орындар өте көп екен. 2 ж. Біз қандай демалыс орнына барамыз? Мұғалім:Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз. Слайд 9 1 ж. Аружан, біздің президентіміз кім екенін білесің бе? 2 ж. Әрине, білемін. Біздің президентімізді бүкіл әлем біледі. Ол Н.Ә.Назарбаев. Еркежан Ш Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем Бүның бәрі елбасының арқасы. Айгерим Шықты тарап ой данадан, Бері қарады жұлдыз беті. Өзі қалап сайлаған, Елімнің бар Президенті. Мұғалім: Балалар, Астана қаласында елбасының мәдени орталық мұражайы бар. Біз қазір осы мұражаймен танысамыз. 1 ж: Бұл жерде көптеген тарихи жәдігерлер бар. 2 ж: Иә, біздің ата-бабаларымыз мұра еткен көне заттар да осы жерде. Мұғалім. Мұражайдағы жәдігерлер көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Мұғалім: Ал, енді демалатын да сәт келді. Муз. Ән Домбырасыз ән қайда? Слайд 10 Муз.номер домбырасыз ән қайда? Слайд 11 1 ж (слайдқа қарап): мұғалім, мынау Астана қаласының қай жері? Мұғалім: Бұл “Қазақстан картасы - “Атамекен” этно-мемориалдық деп аталатын орын кешені. Бұл мұражай ашық аспан астында орналасқан. Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған. Слайд 12 1 ж. Балалар, мына әдемі фонтанды көрдіңдер ме? Ол әуенді фонтан деп аталады. Би «Қаражорға» Экранда 24-45 слайдтар Мұғалім: Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған. Балалар, сендер Астана қаласы туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Астана суреттері экранда. Слайдтар 21-22-23. Дайана 1 оқушы: Туған елдің көркі неткен ғажайып?! Дала күйін шертейік, біз қала жырын жазайық. Жерұйығы Сарыарқаның даласы Арман қусаң Астанаға қарашы. 2-оқушы Дильназ Бабалардың көзіңдей Даналардың сөзіндей Ұлы дала тұрғызды Ұлы қала өзіндей. 3-оқушы Едіге Астанам Астанамның төрінде, Сарыарқаның өрінде, Ту ұстаған Астанам Әсем қалам, бас қалам. 4-оқушы Алина Қадамың бар баспаған, Асуың бар аспаған, Халқың жетсін мұратқа, Ей, бас қала Астанам! 4 оқушы: Наргиз Асқақтай бер, Астанам! Берекеге бастаған! Болашақтың есігін Өз қолыңмен аш маған. Отан әні хор. Отан -менің ата-анам, Отан- досым, бауырым. Отан-өлкем, Астанам, Отан -туған ауылым. 3. Отан-тарих, Отан тіл, Жасаған елім өз халқым. Отан -өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел данқын. 1 ж Бүгін біздің сыныпта үлкен той болып жатыр. 2 ж. Иә, біз елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық. Мұғалім: Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. 1 ж. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық. 2 ж. Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз. 1 ж Ендеше бастайық. Мұғалім: Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады. (музыка) Шеңберге тұру. Халық шықсын қыспақтан, Қыстамасын қыс қақпан. Көк бояуын ешқашан Жоғалтпасын нұрлы аспан! 46 слайд Мұғалім: Оқушылар Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап 20 ізгі тілектерін білдіреді. • Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің! • Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын. • Ғажайып бағы болсын! • Көркейе бер Астана! • Қонақтар қалаға көп келсін. • Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын! • Есіл өзенінің суы ортаймасын! • Өсіп өркендей берсің! • Астана-мемлекет дидары бол! • Жаса, Жаңа Астанам! • Жайнай бер, жас қала! • Астана- Еуразия контингенті жүрегі бол! • Астана –бас қала. • Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын! • Тәуелсіздігіміз нығайсың! • Қазақстан жасасын! • Шекарамыз берік болсын.! • Қазақ елі гүлденсін! • Еліміз тыныш болсын! • Тату болсын! • Жастарымыз білімді болсын! Дауыстап бірге: 47 слайд. Жаса, жаңа жас қалам. Жайнай бер менің Астанам. Ән. | |
Просмотров: 15621 | Загрузок: 710 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|