Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
[ Скачать с сервера (56.0 Kb) ] | 2012-02-10, 12:16 PM |
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш Сабақтың мақсаты:Бастауыш туралы түсінік беру.Оқушылардың сөздік,тілдік қорын арттыру,сөйлеу дағдыларын дамыту,бастауыш жайындағы білімдерін толықтыру,сауатты оқып,көркем жазуға үйрету.Балаларды ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу. Түрі: Жаңа материалды түсіндіру Әдісі:сұрақ-жауап, слайд. Көрнекілігі:топшама,схема Пәнаралық байланыс:Ана тілі,бейнелеу Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Қонақ күту салтымыз, Оқып,біліп жатырмыз, Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз. Оқушылар хормен: Қазақ тілім –ана тілім,өз тілім, Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым ,бақытым,дара тілім. Кіріспе сөз:Біз өз тілімізді жақсы игеріп,білімдіболуымыз керек,Халықтың тарихта қалуы -өз тіліне байланысты.Тіл-халықтың жаны,сәні.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен білімі. -Қанеки ,ана тіліміз туралы нақыл сөздер,өлеңдерге тоқталайықшы! 1)Тіл- ұлттың жаны. 2)«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» 3)Туған тілім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім,мен де бірге өсемін, Өшсе тілім,мен де бірге өшемін. Жақсы ,балалар үйге қандай тапсырма берілді? (Үй тапсырсасын қарап шығу:3-жаттығу) Өткен тақырып бойынша білімдерін тиянақтау:Ойын арқылы -Ендеше сабағымызды бастамас бұрын алған білімдерімізді бекітейік. Алма бағында алма ағаштары тұрады .Ол оқушыларға менің мына күздік алмам пісіп тұр ,әлі ешкім жинар емес.Енді аз болса,үсіп кетеді , соны жинауға көмектесіңдерші.( Әр алманың артында тапсырмалар жазылған) 1.Сан есім дегеніміз не?Сан есімнің сұрақтары? 2.Сын есім дегеніміз не?Сын есімнің сұрақтары? 3. Етістік дегеніміз не?Етістіктің сұрақтары? 4. Зат есім дегеніміз не?Зат есімнің сұрақтары? 5.Зат есімге мысал келтір? 6.Асан далада доппен ойнап жүр. Жаңа сабақ: Кесте сызба бойынша сабақты түсіндіру. Сөйлем мүшелері ↓ ↓ Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше ↓ ↓ Бастауыш Баяндауыш ↓ ↓ ↓ Анықтауыш толықтауыш пысықтауыш Соның ішіндегі өтейін деп отырғанымыз –бастауыш. Бастауыш дегеніміз-сөйлемдегі ойдың иесі,тірегі,ұйытқысы.Бастауыш үнемі жай және тәуелді жалғау тұлғасында Кім?Не?Кімдер?Нелер? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: Салиқа қырман басына келді. Асан сабақтан келді. Гүлжан үйді тазалады. Дәптермен жұмыс:Күн ретін ,тақырыпты жаздыру.Көркем жазуға баулу. 1-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр? Сол сөздердің астын сыз. Балалар бүгін музейге барады.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Болат қиын есепті өзі шығарды.Апам бөлмені жинады. Музей туралы түсінік беру. Музейде ата –бабаларымыздан келе жатқан заттарды сақтайды.мысалы:ескі үтік,малақай,ұлы отан соғысына қатысқан аталарымыздың қару-жарақтары сақталады. 2-жаттығу.Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой. Дәрігер науқас адамдарды емдейді.Құс аспанға ұшты.Аю қысқы ұйқыға қамданды.Арман тамылжыта ән салды. Сергіту сәті: Қарлығаш Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық 3-жаттығу.Өлеңді оқып,көшіріп жаз.Бастауыштардың астын сыз,оларға сұрақ қой. Мен дала бардым Мен дала бардым. Қыр гүлін берді, Көл суын береді, Күн нұрын берді. М.Әлімбаев ↓ ↓ Ақын жазушы 4-жаттығу.Мәтінді оқы.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Оқушылар сыныпта гүл өсіреді.Өсімдіктер сынып бөлмесінің ауасын тазартады.Аквариумда балықтар жүзіп жүр.Балалар балықтарға қамқорлық жасайды. Шығармашылық тапсырма:Орын ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау. 1.Жасырынбақ балалар ойнады. 2.Шөп қозы жеді. 3.Сабаққа Самат келді. Сурет бойынша мәтін жазу. (3-4 сөйлем құрастыру) Сыныппен жұмыс: Сөз таптарын топтастыру. (Әр сөз таптарын тұсына қою) Зат есім Етістік Қандай? Сын есім Қанша? Қай? Не істеді? Неше? Не қылды? Қайтті? Нешінші? Сөз таптары Сан есім Кім?Не?Кімдер?Нелер? Тақтаға Венн диаграммасы ілінеді. Мұнда зат есім мен бастауыштың ұқсастығымен айырмашылықтарды табуға көмектеседі.Ой толғаныс сатысына қолданған тиімді. Ұқсастығы «Білетінім. Білгенім.Білгім келеді » кестесін орындау. Білетінім Білгенім Білгім келеді Сөйлем.Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы ,тұрлаусыз,бастауыш Кім?Кімдер?Не?Нелер?деген сұраққа жауап беретін сөздер әліде тұрлаулы мүше бастауыш туралы білгім келеді Қысқаша тест сұрақтары әр оқушыға таратылады. 1.Бастауыш сөйлемнің қандай мүшесі? А)Тұрлаусыз мүше Ә)Тұрлаулы мүше Б)Анықтауыш мүше 2.Бастауыштың сұрақтары? А)Не істеді?Не қылды?қайтті? Ә)Кімге?неге? Б)Кім?кімдер?не?нелер? 3.Сұраулы сөйлемді тап? А)Тағы келдің бе? Ә)Сен кет! Б)Асан жүгірді. 4.Сөйлемнен бастауышты тап? Асқар ойнап жүр. А)Асқар Ә)ойнап Б) жүр 5.Сөйлем түрлерін белгіле? А)Пайымдау,әңгімелеу,сипаттау Ә)Хабарлы,сұраулы,лепті -Балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде,нәтижесінде оған бәрің де өз үлестеріңді қостыңдар. Оқушылардың алдындағы парақты жинап алып,ондағы оқушылардың жауапкершілік,орындаушылық тәртібі ескеріліп,қорытынды бағасы қойылады. Ондай болса,балалар сабағымызды Мұзафар Әлімбаевтың өлеңімен аяқтайықшы. Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақтың тілін ғаламат. Ана тіл-арым,иманым, Аманат ,саған аманат Бағалау. Үйге тапсырма:5-жаттығу.Ереже жаттау. | |
Просмотров: 2721 | Загрузок: 925 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|