Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Табиғи материалдар және оның қасиеті
[ Скачать с сервера (7.2 Kb) ] 2012-02-14, 10:47 AM
Дайындаған: Байдильдинова Қарлыгаш Сериккалиевна
8 мектеп-кешені.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: Табиғи материалдар және оның қасиеті
Мақсаты: Табиғи материалдар туралы білім беру.
Білімділік мақсаты: Шыны, жүннің, резеңке, ағаш және оның қасиеті туралы мәлімет беру: қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Заттардың қасиеттерін анықтап, салыстырып, көркемдік талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақстан жерінің табиғат байлығына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.Қоршаған ортаны сүйуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Шыны заттары , әр түрлі табиғи материалдан жасалған ойыншықтар, резеңкеден,ағаштан жасалған заттар, жүннен тоқылған нәрселер.
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, бойды сергіту қайталау.
Жоспары:
1.Мативациялы ынталандыру кезеңі.
а)Таңғы сәлем
ә) Өткен тақырыпты қайталау.
2.Ұйымдастырулы ізденуші кезең
а) Саяхат
ә) Әр түрлі заттармен танысу, сипаттау.
б) Сергіту сәті
3. Рефресиялы түзету кезеңі.
а) Дидактикалық ойын
Қорытындылау.
Барысы:
1. Мотивациялы ынталандыру кезеңі.
а)Таңғы сәлем.
Тәрбиеші:
-Балалар, бәріміз шеңбер құрып аспанмен, күнмен, жермен достарымызбен амандасып алайық!
Балалар төмеңдегі өлең шумақтарын қайталап, барлығымен амандасады.
Амансын ба, алтын күн!
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Тәрбиеші:
- Рахмет балалар!
ә) Өткен тақырыпты қайталау
-Балалар қазір бізде қай жыл мезгілі?
-Көктем
-Дұрыс айтасындар
-Өткен оқу іс-әрекетімізде көктемдегі қандай гүлдермен таныстық.
Көктемдегі гүлдерді хормен қайталап жіберейік.
Қызғалдақ, жауқазын, бақбақ, бәйшешек.
Осы көктемдегі алғашқы гүлдер.
Балалар гүлдердің аттарын хормен қайталайды.
2.Ұйымдастырулы ізденуші кезең.
Балалар бұл кім есік қағып тұрған?
Бізге қонжық қонаққа келді.
-Бәріміз қонжықпен амандасамыз.
-Сәлеметсізбе!
-Балалар қонжық біздің топта әр түрлі табиғат заттарын жасырып қойыпты.
-Бәріміз тұрып екі-екіден бір-біріміздің қолымызды ұстап заттарды іздеуге шығайық.
1 ү.Балалар қарандаршы бірінші үстелдің үстінде шытпен жабылып тұрған қандай заттар екен? Ашып көрейік!
Үстелдің үстінде шыныдан жасалған әр түрлі заттар бар: стакан, кесе,құмыра,шыны ыдыстар,терезенің әйнегі,банка
Балалар бұл шыныдан жасалған заттар.
Шыныдан неше түрлі заттарды жасауға болады: ыдыс аяқ, айна.
Балалар шыныларадан әр түрлі дыбыстар шығады, таяқшамен заттарды соғып тыңдап көрейік.Қандай дыбыстар шығады? Жуан, жіңішке.
Қауіпсіздік ережелері:
1.Шыны морт сынғыш зат
2.Шыныны қолғап киіп ұстау керек.
3.Сынған әйнекті сыпыртқымен жинау керек.
4.Сынған ыдысты қолдануға болмайды.

2 ү.-Балалар қарандаршы екінші үстелдің үстінде не жасырып қойыпты екен? Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар, кигіз үй, тоқылған қолғап,.
-Балалар осы жұмсақ ойыншықтар неден жасалған?
Жүннен, мақтадан жасалған.Бұл табиғи материалдың бір түрі.Оны фабрика заводтарда өндіріп шығарады.Қойдың, түйенің, ешкінің жүндерің түтіп әр түрлі тоқыма тоқуға болады.
3 ү.Балалар қарандаршы үшінші үстелде резеңкеден жасалған заттар бар екен: доптар,секіртпе, резеңкеден жасалған ойыншықтар, резеңке қолғап.
Қауіпсіздік ережелері:
Резеңкені жағуға болмайды.Өйткені қоршаған ортаға, адамдарға зияның келтіреді.Табиғатты қорғайық.

-Балалар шаршаған шығармыз, біраз демалып алайық
Сергіту сәті.
Бір отырамыз, бір тұрамыз.
Алақанды ұрамыз.
Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір,
Біздер тату боламыз,гүл-гүл жайнап жанамыз..
4 ү.Балалар төртінші үстелдің үстінде не жасырылып тұр екен: ағаштан жасалған заттар, ойыншықтар, муз. аспап (домбыра).
Ағаштан не жасауға болады?
Топтағы ағаштан жасалған бұйымдарды атайықшы (үстел, орындық).Ағаштан жасалған заттарды жуып сүртуге болады.Ағаш бұйымдары өте мықты.
-Балалар қарандаршы қонжық жасырған заттардың бәрін тауып алдық. Өте қызықты заттар екен.

3.Рефлексиялы түзету кезеңі
-Балалар қазір бәріміз бірге дидактикалық ойын ойнайық.
Мен сендерге заттар көрсетемін, сендер ол заттардың қай табиғи материалдан жасалғанын айтып беріндер.
Балалардың жауабы.
Қорытындылау.
-Балалар бәріміз қонжықпен қоштасайық!
-Сау болыныз! Қонжық жасырған табиғи материалдан жасалған заттар өте қызықты болды. Заттарды хормен қайталайық:ағаштан, резеңкеден, жүннен, шыныдан жасалған заттар.
Осымен оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.
-Қош сау болайық!
Категория: Начальная школа | Добавил: анарка
Просмотров: 6096 | Загрузок: 218 | Рейтинг: 2.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2026-03-15, 10:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru