Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

«Мемлекеттік стандартқа сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту»
[ Скачать с сервера (16.6 Kb) ] 2012-02-14, 11:06 AM
Орындаған:Абдрахманова Айнаш Нұрғазықызы
8 мектеп-кешені
Семей қаласы.
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту»

Мақсаты:
« Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, негізгі құзыреттілікке , жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту»



Жоспары:

1.Кіріспе
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері
3.Жас кезеңдеріне бөлу
4 Оқу жүктемесінің максималды көлемі
5. Балалардың дамуына қойылатын жалпы талаптар
6. Білім беру саласы мазмұнының базалық минимумы

1.Кіріспе
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді.Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар.Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып,Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың стандартына балаларды балабақшада және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді.Стандарт педагогикалық процесті ұйымдастыру ережесін берді,оның қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды,мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктермен қарым-қатынасын реттейді. Стандарт тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мн талаптар жүйесін белгілейді,мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы педагогтар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлемін,1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың даму деңгейіне және олардың балабақша,мектепалды даярлық топтары және отбасы жағдайында негізгі құзыреттіліктерді игеруіне қойылатын талаптарды анықтайды.
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері;
- баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту,толыққанды дене бітімін дамыту. Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру;
- толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
-мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы,нормасы,тәртіп ережесі,қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;
- өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспешілігін,мемлекеттік рәмәздерге құрметпен,қоршаған орта ,отбасы,түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;
- балада қоршаған дүние,өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру;
- баланың танымдық даму,интелектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру,танып-білуге қызығушылығын арттыру;
- баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту,бейнелеу,көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Жас кезеңдеріне бөлу
Қазақстан Республикасында баланың физикалық және психикалық даму ерекшеліктерін көрсететін мынандай жас кезеңдері белгіленді:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас ерекшеліктеріне сүйене отырып1 қыркүйекте мынандай жастық топтар жинақталды:
Ерте жастағы топ (1 жастан бастап2 жасқа дейін)
1Сәбилер тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін)
2Сәбилер тобы (3жастан бастап 4 жасқа дейін)
Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейін)
Ересектер тобы (5 жастан бастап 6 жасқа дейін)
4.1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың оқу жүктемесінің максималды көлемі:
Тәрбиешілердің апталық оқу жүктемесінің рұқсат етілетін максималды көлемі мен ұйымдастырылған оқудың ұзақтығы бала денсаулығының және психикасының мүддесін қорғау мақсатында енгізілген.
Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастық сатысындағы оқу жүктемесі мемелекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.
Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген.
Оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспары
Білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
1
жастан бастап
2
жасқа дейінгі ерте жас тобы

2
жастан бастап
3
жасқа дейінгі
1
кіші топ

3 жастан бастап
4 жасқа дейінгі
2 кіші топ

4 жастан бастап
5
жасқа дейінгі ортаңғы топ

5
жастан бастап
6
жасқа дейінгі ересектер тобы

«Денсаулық» 2 2 2 2 3
«Қатынас» 1 1 2 2 3
«Таным» 1 2 2 3 3
«Шығармашылық» 3 4 4 4 5
«Әлеуметтік орта» - - - 1 1
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 7-10 мин 10-15 мин 15-20 мин 20-25 мин 25-30 мин
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі
7
9
11
12
15
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық топтарының оқу жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің саны оқытудың жас ерекшеліктеріне сәйкес базалық оқу жоспарында белгіленген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің санынан артық болмауға тиіс.
5.Балалардың дамуына қойылатын жалпы талаптар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Денсаулық сақтау құзыреттілігі
Кіші сала 1 жастан бастап 3 жасқа дейін 3 жастан бастап 5 жасқа дейін 5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Мәдени-гигеналық дағдылар Жеке бас гигенасының алғашқы жағдыларын меңгереді Гигеналық шараларды орындау ретін біледі Гигеналық шараларды өздігінен орындауға ынта білдіреді
Дене шынықтыру Жүгіру,өрлеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды Негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық тәсіл білдіреді
Өздігінен қозғалу белсенділігі Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді Топтағы балалармен бірге қимыл-қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырады
Салауатты өмір салты Қауіпті жағдайда сақтық,шынықтыру шараларын өткізуде оң эмоция білдіреді Салаутты өмір салты ережелерін біледі,ересектердің көрсетуімен шынықтыру элементтерін орындайды Қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды,шынықтыру шараларының маңызыдылыіғы мен қажеттілігін түсінеді

Коммуникативті-тілдік құзыреттілік
Кіші сала 1 жастан бастап 3 жасқа дейін 3 жастан бастап 5 жасқа дейін 5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Қатынас мәдениеті Құрдастарымен байланысқа түсе алады Ересектерді «сіз» деп атайды,сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді,ересектермен қатынасқа түседі Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды
Тілдің грамматикалық құрылымы Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады Сөздерді өзгертеді,басқа сөздермен сәйкестендіреді,салалас және құрмалас сөйлемдерді қолданады Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады,тілге сыни қатынасын білдіреді
Тілдің дыбыстық мәдениеті Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс атайды. Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс атайды Сөздерді орынды қолданады,дыбыстарды ажыратады,мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін пайдаланады
Сөздік Өзі,отбасы мүшелері,сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді Көрнекі ұсынылған жағдайларға сүйенбей сөздіктерді қолданады,сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады
Байланыстырып сөйлеу Тілек,сезім және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады Қарым-қатынастың негізгі түрі-диалогты меңгеріп.2-3 сөйлеммен пікірін жеткізеді Түрлі сөз таптарын,эпитеттер мен теңеулерді қолданып,монолог жасайды
Мемлекеттік тіл Ойыншықтардың аттарын түсінеді Өзінің атын,тұрмыстық заттар мен жануарлардың аттарын атайды Мемлекеттік тілдің грамматикалық дұрыс құрылымдарын қолданады
Шығармашылық тілдік қызмет Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады Таныс ертегілерді айтады,ойыншықтар жөнініде шағын әңгіме құрастырады Оқиғаларды құрастырады,ауыспал ы және астарыл мағыналы ойларды түсініп,оларды қолдана біледі
Шығармаларды қабылдау Халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіреді Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды,ойында әдеби бейнелерді қолданады Кітапқа қызығушылық білдіреді,өлңдерді мәнерлеп жатқа айта алады

Танымдық құзыреттілік
Кіші сала 1 жастан бастап 3 жасқа дейін 3 жастан бастап 5 жасқа дейін 5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Заттардың қасиеттерін бағалау Заттардың негізгі түрін,пішінін,шамасын, фактурасын ажырата алады Заттардың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін сезу,есту,иіс сезіп қабылдау негізінде атайды Затттардың қасиеттері мен белгілерін танымдық қызмет дәрежесінде қарастырады
Қоршаған ортаны тану Адамдар мен олардың әрекетіне қызығушылық пен құмарлық білдіреді Тірі және өлі табиғат пен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсінеді,ло туралы 2-3 сөйлеммен айта алады Көрнекі әсерлі және көрнекі-бейнелі тұрңыда танымдық міндеттерді шеше алады,ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға,түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға және жүйелеуге қабілетті
Құрастырылымдық дағдылар Ересектердің көрсетуімен қарапайым құрылыстарды жасай алады Құылыс материалын таңдауда дербестік білдіреді,құрылысты әдемі жасауға тырысады Құрастыудың бірнеше қарапайым жалпылма тәсілдерін меңгереді және түрлі нетижеге жету үшін бір тәсілді қайталай береді
Экологиялық мәдениет негіздері Жануарлар әлеміне тілектестік және қамқорлықпен қарым-қатынас білдіреді Табиғатта өзін-өзі ұстаудың бірнеше нормасын меңгереді,ересектер мен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды Өоршаған ортаның түрлілігін,өсімдіктер мен жануарлардың белгілері мен қасиеттерін ,тіршілік ортасымен өзара байланысын түсінеді
Қарапайым математикалық ұғымдар Кеңістікте бағдарлаудың алғашқы дағдыларын көрсетеді Уақыт,кеңістік, себеп-салдарлық, мөлшерлер туралы қарапайым ұғымдарын түсінеді Геометриялық пішіндердің құрылымдық сипаттамасын,тура және кері сандық қатынас ретін біледі
Іздену және эксперименталды іс-әрекет Түрлі заттармен эксперимент жасайды (ажыратады,біріктіреді, құрастырады) Жаңа материалдармен мақсатты түрде эксперимент жүргізеді,заттар арасындағы жалпы қатынастарды едәуір бейнелеп,қоршаған ортаның үлгісін жасайды Эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетеді
Ақпаратпен жұмыс Түрлі ақпарат көздеріне қызығушылық білдіреді Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінеді Жаңа ақпаратты қалай ұсыну керектігін,оның кімге қызық екендігін түсінеді

Шығармашылық құзыреттілік
Кіші сала 1 жастан бастап 3 жасқа дейін 3 жастан бастап 5 жасқа дейін 5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Музыкалық іс-әрекет Музыкалық фразаның жоғары және төмен дыбысталуын ажырата алады,ересектермен бірге ән айтуға ықылас білдіреді Жеке музыкалық бейнелерді жасау үшін аспаптармен ойнау әдісін,денесін,дауысын пайдаланады Түрлі музыкалық шығармашылық істерге қатысады
Нәтижелі іс-әрекет Қарындаш,фломастер,гуашь және ермексаздың көмегімен ұқсас бейнелерді жасайды Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгереді Бейненің сипатына сәйкес техникалық тәсілдер мен бейнелеу құралдарын өздігіне таңдайды
Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау Ұлттық ойыншықтарды қараған кезде қуаныш пен эмоционалдық сезімін білдіреді Бейнелеу іс-әрекетінің өнері,бейнелеу әр түрлі кескінге қызығушылық білдіреді Табиғат,киім және үй жиһаздарының әсемдігіне эмоционалды сезімін білдіреді,сәндік өнер мен дизаинға қызығушылық танытады

Әлеуметтік құзыреттілік
Кіші сала 1 жастан бастап 3 жасқа дейін 3 жастан бастап 5 жасқа дейін 5 жастан бастап 6 жасқа дейін
Мінез-құлық дағдылары Өзін ұстау ережелерін, нормаларын түсінеді, сәлемдесу және қоштасу, алғыс сөздерін айтады Адамгершілік қатынасты бағдарлайды,эмоционалдық көңіл күйді түсінеді Көмек сұрай алады,басқа адамдардың тілегін құрметтейді
Ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті Ықыластық,тілектестік,жақын адамдары мен құрдастарына жанашырлық білдіреді Құрдастарымен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне қатысады,ересектермен танымдық тақырыптарда әңгімелеседі Әлеуметтік әлемде өзара байланысты меңгереді,қатынастық іскерліктің жоғары деңгейін көрсетеді
Адамгершілік нормалары туралы түсінік «Жақсы» мен «жаманды» түсіне бастайды Өз қылығын,ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалайды Этикалық нормалар мен өзінің және басқа халықтардың құндылығын игереді,эмпатиясы мен төзімділігін білдіреді

6. Білім беру саласы мазмұнының базалық минимумы
Білім беру мазмұны білім беру саласы арқылы жүзеге асырылады.Бір жас кезеңінің білім беру саласының мазмұны келесі жас кезеңінің білім беру саласының мазмұнымен сабақтасады.
1. «Денсаулық» білім беру саласы
Мақсаты: өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу,денсаулықтың адамға табиғаттың берген табиғаттың басты құндылығы екенін түсіну,қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиетін қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: «ден шынықтыру» сабағында жүзеге асырылады.
2. «Қатынас» білім беру саласы
Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген,мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени әлеуметтік өзара қатынасқа дайын,айналасымен ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
«Қатынас» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
-тіл дамыту;
-көркем әдебиет;
-қоршаған ортамен таныстыруда жүзеге асырылады.
3. «Таным» білім беру саласы
Мақсаты: танымдық іс-әрекеттің дағдыларын меңгерген,әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
«Таным» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
-қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;
-құрастыру;
-қоршаған ортамен таныстыруда жүзеге асырылады.
4. «Шығармашылық» білім саласы
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру,шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.
«Шығармашылық» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
-сурет салу;
-мүсіндеу;
-жапсыру;
-музыкада жүзеге асырылады.
5. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Мақсаты:әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген шығармашыл тұлған тәрбиелеу.
«Әлеуметтік орта» білім саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде:
-қоршаған ортамен таныстыру;
-көркем әдебиетте жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары және отбасы –баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты.Бала тұлғасы,оның қызығушылығы,дамуы,тұлғалық әлеуетін ашу мұғалім мен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.Мұғалімі баланың өмірі мен денсаулығына,баланың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті нәтижесінің сапасына жеке жауаптылықта болады.
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде: баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық,психикалық,адамгершілік саулығының негіздерін қалайды және баланың жетістіктерге қажеттілігін қалыптастырады.
Категория: Начальная школа | Добавил: анарка
Просмотров: 17876 | Загрузок: 611 | Рейтинг: 3.5/47
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-11, 1:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru