Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Кулекешева Жаңылсын Едиловна ССШ № 25 г. Актобе урок казахского языка в 1 классе «Ауыл өмірі»
[ Скачать с сервера (49.5 Kb) ] 2012-02-17, 8:54 AM
Кулекешева Жаңылсын Едиловна
Ақтөбе қаласы №25 ағылшын тілі терең оқытылатын арнаулы орта мектебі
1 «Б»сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ауыл өмірі»

Сабақтың мақсаттары: 1.«Ауыл өмірі» тақырыбы бойынша қайталау,оқушыларды сөз тіркестер,сөйлемдер құрап сөйлесуге әр түрлі әдістерді қолдану арқылы көмек көрсету.Практикалық жұмыстар жасау.
2.Басқа пәндермен пәнаралық байланыстар жүргізу;оқушылардың ой-өрісін,ауызекі сөйлеу тілін,көру,есту,еске сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Жануарларды сүюге шақыру,отбасылық тәрбиесін беру.Үлкендерге- сый,кішілерге- көмек беру
Сабақтың түрі: қайталау,толықтыру сабағы
Сабақтың типі: саяхат сабағы
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдері:Тойбазарованың дамыта оқыту технологиясы, сұрақ-жауап,интеракивтік тақтамен жұмыс,өздік жұмысы.
Пәнарық байланыс: ұлттық дүниетаным,еңбек
Көрнекіліктері: үй жануарларының суреттері,автобус,киіз үй,ата мен әженің суреттері,өлеңдер,әріптер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындығына назар аудару./Партаның үстінде оқулық,жұмыс дәптерлері,әріптер,оқу құралдары/
2. Психологиялық дайындық.
-Әдепті бала алдымен сәлем береді.Күндей жадырап,айдай арайлап,гүлдей жайнап,судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Оқушылар орындарынан тұрып:
- Амансың ба,Алтын күн!
-Амансың ба, Көк аспан!
-Амансыңдар ма, достарым!
Сендерді көрсем- қуанам!-деп сәлемдеседі.
ІІ.Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда біздер ауылға саяхат жасаймыз.
1. М: «Кім ауылда болды? »/қол көтеріп жауап береді: «Мен ауылда болдым» немесе «Мен ауылда болған жоқпын»/
-Ауылда қандай жануарлар бар?/Ауылда қой,мысық,түйе,сиыр,жылқы,ит,шошқа бар./
-Оларды біз қандай жануарлар дейміз? /Үй жануарлары/
2. Балалар,сендер үй жануарларын көрдіңдер ме?Шатастырып алмайсыңдар ма?/Жоқ!/ Тексерейік!
-Бұл сиыр ма? /Жоқ, бұл- қой./ - Бұл жылқы ма? / Иә, бұл- жылқы./
-Бұл түйе ме? /Жоқ, бұл -мысық./ -Бұл ешкі ме? /Жоқ, бұл -ит./
-Бұл қой ма? /Жоқ, бұл -сиыр./ -Бұл шошқа ма? /Жоқ, бұл – сиыр./
-Бұл шошқа ма? /Иә, бұл – шошқа./ -Бұл мысық па? /Жоқ, бұл- түйе./
-Өте жақсы, жарайсыңдар!
Онда жолға аттанайық!Мынау- біздің көлігіміз./Автобус суреті/
3. Бізге жақсы көлік жүргізуші қажет.
-Балалар,кім көлікті жақсы айда алады? Оны қазір тексереміз.Ол үшін мына екі-екіден берілген әріптерден қиылған әліпбиін пайдаланып сөз тіркестерін құрастырайық.Кім тез арада тапсырманы дұрыс орындаса, сол біздің көлігіміздің жүргізушісі болады.
«Ойлап, тап» ойыны.
Мазмұны: Екі-екіден әріптер берілген.Бұл сөз тіркесіндегі сөздердің бас әріптері болғандықтан, одан тез арада қиылған әріптерді пайдаланып сөз тіркестерін құрастыру /
ҮС, ҚМ, БШ, ӘЖ.
/Үлкен сиыр, қара мысық, бір шошқа, әдемі жылқы/
/Қағаздан рөл жасап беру/
-Барлығымыз автобусқа мініп, жол жүрейік! 1,2,3
-Мінеки, ауылға да жеттік!/Ауыл суреті/
-Мынау не? /Бұл- ауыл./ -Бұл қандай ауыл? /Бұл – кішкентай ауыл./
- Біздерді біреулер күтіп тұрған секілді /Ата мен әженің суреті/
-Мынау кімдер? / Ата мен әже /
-Не істеуіміз керек? /Сәлем беруіміз керек/
- Сәлембердік, әже! Сәлембердік, ата! /қыздар амандасады/
- Ассалаумағалейкум, ата! Сәлембердік, әже! /ұлдар амандасады/
- Жарайсыңдар!
- Балалар, әжеміздің шайы әзір болғанша, біз атамызға мал жайласуға көмектесейік.Біз қайда келдік?Мынау не? /Мал қорасы суреті /
- Бұл- мал қорасы.
- Үй жануарларына әуелі су береміз.
/Тақтада ұлдың су әкеле жатқан суреті ілүлі/
-Су беру үшін мына сұрақтарға жауп берейік.

4. -Мынау не? /Бұл- түйе./ -Бұл қандай түйе? /Бұл- қоңыр түйе/
-Мынау не? /Бұл –ешкі./ -Бұл неше ешкі? /Бұл – бір ешкі /
- Мынау не? /Бұл –жылқы / -Бұл кімнің жылқысы?/Бұл –атамның жылқысы/
- Мынау не? /Бұл -сиыр/ -Бұл кімнің сиыры?/Бұл әжемнің сиыры/
-Жарайсыңдар, балалар!
5. -Енді жем-шөбін салайық./ шөп, жем салып жатқан баланың суреті/
Ол үшін Гилянаның дайындаған жұмбақтарын шешейік.
Жұмбақтар.
1. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. Бұл не? / Бұл-қой/
2. Киелі бір жануар, үстінде екі тауы бар? /Бұл –түйе./
3. Адамға серік, күзетке берік ./Бұл- ит./

6. -Дұрыс-ақ! Жарайсыңдар! Мінеки, малды да жайлап болдық. Ал мына итіміздің аты –Ақтөс.Ит- адамның досы дегендей, Ақтөс итіміз атамыздың үй жануарларын күзетеді.
-Ал сендерде ше? Кімнің иті бар? Қолымызды көтерейік.
-Сенің итің бар ма? /Иә, менің итім бар.Итімнің аты-... Менің итім ақ./
-Сенің мысығың бар ма?Мысығың қандай?
/Иә,менің мысығым бар.Мысығымның аты-..Менің мысығым кішкентай./Жоқ//
7. Сергіту сәтін өткізу.
Керіледі мысық
Бізге көзін қысып,
Жүгіреді жылдам
Көрінсе оған тышқан.
Жүгіреді тез тышқан
Мысық оны қуады
Мияу-мияу-мияулап
Жете алмай қалады.

8. -Балалар,малды жайлап болдық. Енді ауланы сыпыруымыз керек.
/Жұмыс дәптерлерімен жұмыс./
-Дәптерімізде берілген тапсырмаларды орындайық.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.
/Оқушылар өз беттерімен жазады./
Менің мысығым......../бар,жоқ/ Менің итім......../бар,жоқ/
Мысығымның аты......... Итімнің аты-..........
9. - Шаршадық па? /Жоқ/
-Әжеміз де күтіп қалған болар.Үйге шақырғалы отыр.Кіріңіздер! Төрге шығыңыздар!
/Сабақта қатысып отырған аналар- әжелер оқушылар мен мұғалімдерге
құрт,кәмпиттер,бауырсақтар таратады. /
Не деу керек?
/Рахмет,әже!/
-Жақсылап демалып алдық.Енді қалаға қайтуымыз керек.Автобусқа
отырыңыздар.Қанеки,біздің көлік жүргізушілеріміз дайын ба?
1,2,3.
Келдік!
-Саяхатымыз ұнады ма?/иә/
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
1. Қорытындылау.
-Не білдік? Не үйрендік? Не қиын болды? Не ұнады?
2. Оқушыларды бағалау.
Қызық енді ауылда,
Тойдым әбден қауынға
Жедім құртты, майды да
Көрдім құлын,тайды да.
/«Адай» күйі орындалады /
Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: ирэн
Просмотров: 2025 | Загрузок: 516 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2025-01-11, 3:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru